Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. -

Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2039 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән Информатика сынып 5 Күні 28.12.13 ж.
сабақ №: 16
Тақырып: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.
Мақсат:
Білімділік – Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, Paint графикалық бағдарламасы, My test бағдарламасы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру

10 мин. ДК-де My test бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын орындайды.
Тест.
1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
Ә) 1
Б) 0
В) 4

2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
Ә) Ctrl
Б) Shift
cool Delete

1. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
Ә) Қарапайым және күрделі
Б) Стандарттық және стандарттық емес
В) Жұмсақ және қатты

2. Жай-күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
Ә) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат\
В) Файлдың аты
В) Файлдың көлемі

3. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау → Басқару тақтасы
Ә) Paint → Жұмыс үстелінің фоны ету
Б) Бастау → Барлық программалар → Стандарттық → Paint
В) Бастау → Басқару тақтасы → Экранның шешімділігін баптау

4. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба???
А) Сызуға болады
Ә) Болмайды
Б) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
В) Адамның мүмкіндігіне байланысты
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 мин Оқушылар дәптерлеріне негізгі анықтамаларды қысқаша конспектілеп алады. Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Суретті тұтастау ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркемесін пайдалануға немесе Ерекшелеу → Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады.
1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгетру.

2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау – ерекшеленген аймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.

1. Көшіру.
IІІ. Практикалық жұмыс.

12 мин 138-139 бет. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
ДК-де орындайды. А деңгейі
1. Paint -те жаңа құжат құрыңдар.

2. Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар.

3. Жұмысты «Электровоз» файылында сақтаңдар.

В деңгейі

1. Paint -те жаңа құжат құрыңдар.
2. Мынадай түрдегі сурет салуға арналған рамка дайындаңдар:

3. Paint -ті тағы да іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.
4. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
5. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
6. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:

7. Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.

С деңгейі

1. Paint -те жаңа құжат құрыңдар.
2. Баптау → Барлық программалар → Microsoft Office → Office құралдары → Microsoftтың бейнебаян ұйымдастырушысы бұйрығын орындаңдар.
3. Пайда болған коллекциялар тізімінен Office Коллекциялары → Безендіру (Оформление) бұйрығын таңдаңдар.

4. Шекараны таңдаңдар және оны алмасу буферіне көшіріңдер.
5. Paint -ке ауысып, шекараны алмасу буферінен кірістіріңдер.
6. Кескін →Бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құрыңдар.
7. Paint -ті тағы да қосып және Ойыншық файылын ашыңдар.
8. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
9. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
10. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар.

1. Файлды Рамка деген атаумен сақтаңдар.
ІV. Сергіту сәті. 2 мин. Жаттығуды орындарында отырып орындау. Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt
 Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
 Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
 Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
 Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
 Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
V. Бекіту. 5 мин Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
Сұрақтарға орындарынан кезекпен тұрып жауап береді. Сұрақтар
1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады?
2. Ctrl немесе Shift пернелерін басып көшірулердің бір-бірінен айырмашылығы неде?
3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама-қарсы?
5. Фрагментті 900 бұру үшін не істеу керек?
VI. Бағалау. 2 мин. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VII.Үй жұмысы. 2 мин. қайталау Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.