Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыртқы жад. Компакт-дискілер. Сканер. -

Сыртқы жад. Компакт-дискілер. Сканер.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3879 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Сыртқы жад. Компакт-дискілер. Сканер.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға ақпаратты жазумен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасушылар туралы түсінік беру. Дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру
тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,
компьютерлік техниканы дұрыс пайдалана
білуге тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Монитор не үшін керек?
2. Пернетақта қандай құрылғы?
3. Пернетақта неше блоктан тұрады?
4. Ең ұзын перне қалай аталады?
5. Num Lock пернесінің қызметі?
6. Enter пернесінің қызметі?
7. Маус дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атай беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасушылар деген не екенін анықтауымыз керек.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалы, жадтау принципі бойынша - магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВЬ типті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Компакт диск – бұл металдан қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы бар. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Сканер – бұл қағаздағы кескінді түсіріп алып, оны дисплей экранына шығаратын құрылғы.

Сканерлер бөлінеді:

Түптекпен жұмыс істеу түсі бойынша Құрылғының типі бойынша

VІ Жаңа сабақты қорытындылау
1. Сыртқы жад дегеніміз не? Ол не үшін керек?
2. Компакт-дискілердің қызметі?
3. Сканер не үшін керек?
4. Сканердің түрлерін атап беріңдер.

VІІ Оқушы білімін бағалау
VІІ Үйге тапсырма беру
47-52 бет конспект оқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.