.
.
Тәжірибе стансасы негізгі мектебі «Таңғажайып елінде» саяхат сабақ
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 488 | Просмотров: 2677 | Размер: 196.0 Kb | Автор: ТәрбиеСАЯХАТ САБАҚ:
Пән мұғалімі:
ШОРМАНОВА ЖАНСАЯ
БЕКБОЛҚЫЗЫ
Сайыстың тақырыбы: «Таңғажайып елінде» саяхат сабақ
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды ұжымшылдыққа, бір мақсатқа жету үшін аянбай
еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу, логикалық ойлау қабілетін,
интелектісін дамыту.
Көрнекілігі: Ғалымдар портреті, формула жазылған плакаттар, шарлар, т.б.
І –бастаушы:
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғажайыптар еліне,
Саяхатымызды бастаймыз.
Тәртіп болсын арада
Тыныштықты сақтаймыз.
Көңілденіп баршамыз
Кешімізді бастаймыз.
ІІ-бастаушы:
Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
«Ғажайыптар елінде» басталмақшы
Неше түрлі қызықтар
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
І-бастаушы:
Қайырлы күн қымбатты көрермен!
Сөз бастайын термелеп өлеңмен.
Тәрбиелі , білімді боп әрқашан
Өс өркенде қанат жайып кемелден.
ІІ -бастаушы:
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғалым демей кім деп оны айтарсың
Даналықтан мұра қалған өнерден.
І-бастаушы:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікті шеше біл
ІІ бастаушы:
Келдік міне, біз бүгін
Түсейік деп сайысқа,
Тайсалмайда жалықпай
Келіңіздер жарысқа
Жиналған ылғи дарындар
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Келетін топты халайық,
Қол соғып қарсы алайық!
І-бастаушы:
Бүгінгі сайымызға қатысып отырған 3 топ:
1-сарғыш түсті –Математика – «Пифагор» тобы
2-жасыл түсті –Информатика – «Паскаль» тобы
3- сары түсті –Физика – «Архимед» тобы
ІІ-бастаушы: Біздің бүгінгі сайысымыз саяхат сабақ. Яғни ұшақпен үш елге саяхат жасаймыз. Әр елде берілген тапсырмаларды орындаймыз:
1 . «Математика елінде»
2. «Информатика елінде»
3. «Физика елінде»
Бүгінгі сайысымыздың шарттары:
1. «Кім тапқыр» - фокустар мен тәжірибелер көрсету
2. «Кім жүйрік» - логикалық сұрақтар
3. «Кім білгір» -жұмбақтар
4. «Кім алғыр» - тапсырмалар орындау.
5. «Кім епті» -сәйкестікті табу.
І-бастаушы:
Елдерге саяхат жасамас бұрын, топтармен таныс болайық.
1-топ. «Пифагор» тобы
2-топ. «Паскаль» тобы
3-топ. «Архимед» тобы
ТАНЫСТЫРУ.
1-топ. «Пифагор» тобы:андасу жасайын жалпыңызбен
Қазақ әдет ғұрып салтымызбен .
Есенсіз бе ,жиналған қалың қауым,
Танысты болыңыздар жалпы бізбен.
Мен кетейін өзімді таныстырып,
Туысқан, туғандармен табыстырып
Математика ғылымы мен боламын
Тілеймін бір ғылымға табыстылық.
Ұраны: «Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар,
Оның ішінен қажеттісін таңдап алыңыдар!»
2-топ. «Паскаль» тобы
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Ұраны: «Іздеген жетер мұратқа»
3-топ. «Архимед» тобы
Иіліп салем беремін
Амансың ба әлемім
Физика деген мен болам
Сәлемімді қабыл ал елім.
Сәлем десем салтыммен
Амансың ба халқым кең.
Амансың ба Ғылымдар
Келіпсің сен де тартумен.
Дайын болып келемін.
Менің де бар керегім
Физиканың атынан
Сөз асылын теремін.
Ұраны: «Оқу –ой азығы, жаттығу –жан азығы»
ІІ-бастаушы:
Хош келдіңіздер МАТЕМАТИКА еліне
Негізі бар ғылымның математика елінде
Ауылдың есігін ашты көзін тауып,
Пифагор, Ковалевская мен Колмогровте
Сырларын бұл ауылдың үйреніңдер
Саяхатшылар зерделікпен меңгеріңдер
І-бастаушы:
Математика ғылымы –ермек емес балалық
Математика ғылымы –көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімгеде таңсық емес жаңалық
Әр жауап бір балдық жүйемен бағаланады.
ІІ бастаушы:
1. «Кім тапқыр» - фокустар мен тәжірибелер көрсету
2. «Кім жүйрік» - логикалық сұрақтар
1-топ. «Пифагор» тобына
1. Мектептегі «Кенгуру» жарысына Айнаш басынан санағанда, соңынан санағанда да 50-ші нәтиже көрсетті. Жарысқа неше оқушы қатысты. (Жауабы: 101, 100, 99)
2. Клубта 35 қатар бар. Әрбір қатарда 40 орын бар. 730-шы орын қай қатарда? (Жауабы: 17 қатарда, 19 қатарда, 15 қатарда)
2-топ. «Паскаль» тобына:
1. Айман жанұясында папасы, мамасы және ағасы бар. Сонымен қатар олардың үйінде бір ит, екі мысық, екі тоты құс және төрт алтын балық бар. Осы үйде тұрып жатқандардың бәрін есептегенде аяқтарының саны қанша? (Жауабы: 24, 28, 32)
2. 5-ке, 6-ға, 7-ге бөлгенде 1 қалдығын беретін ең үлкен үш таңбалы санды тап. (Жауабы: 841, 951, 971)
3-топ. «Архимед» тобына:
1. 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың көбейтіндісі неше нөльмен аяқталады. (Жауабы: 20, 12, 24)
2. Әрбір 3 минутта Ернар 8 шарды үрлеп толтырды. Әрбір оныншы шарды үрлеп болғанда жарылып жатса, 2 сағатта неше шар үрленіп дайын болды? (Жауабы: 216, 288, 240)
3. «Кім білгір» -жұмбақтар
1-топ. «Пифагор» тобына
Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған (нөл)
2-топ. «Паскаль» тобына:
Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында (Натурал сандар)
3-топ. «Архимед» тобына:
Бұлбұлдың екі құлақ, 1 бас бар
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салатын неше түрлі жорғасы бар (Домбыра)
4. «Кім алғыр» - тапсырмалар орындау.
5. «Кім епті» -сәйкестікті табу.
Ойын:
І бастаушы:
Алға қойған мақсаттарыңыз орындалса
Сәтті болсын сапарларың әрдайым
Алдарыңызда Компьютер ғылымының елі бар
ИНФОРМАТИКА елі құшақ жайып қарсы алар.
ІІ-бастаушы:
Хош келдіңіздер ИНФОРМАТИКА еліне
Компьютердің салды информатика негізін
Ғалымдарымыз есептеуді бастады есепшоттан
Үйренсін деп компьютерді келер жастар
І бастаушы:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып ХХІ ғасырға
Барлық әлем жаңалығын бастайды.
Компьютер сенің көмекшің, қаламың әрі қағазың
Керек емес демессің аздаған болса хабарың
Үйрену керек бәрін де ақпараттық заманың
ІІ-бастаушы:
1. «Кім тапқыр» - бөлімінде информатика бойынша үш топқа Пайнт графикалық редакторында сурет салу.
1-топ. «Пифагор» тобына тапсырма: Юла салу
2-топ. «Паскаль « тобына тапсырма: Робот салу.
3-топ. «Архимед» тобына тапсырма: Ракета салу.
2. «Кім жүйрік» - сұрақтар
1-топ. «Пифагор» тобына
1. Дисплей басқаша қалай аталады? (Монитор)
2. Компьютердің миы және ең негізгі элементі не? (Микропроцессор)
2-топ. «Паскаль» тобына:
3. «Информатика» сөзі қандай тілден алынған және қандай мағына береді? (Латынның «Informatio» -ақпарат дегенді білдіреді.
Ресейде есеп шот қай ғасырда пайда болды? (16-17 ғасырда)
3-топ. «Архимед» тобына:
5. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (Себет)
6. Әлемдегі ең алғашқы программист әйел кім? ( Ада Лавлейс- ақын Байронның қызы).
3. «Кім білгір» -жұмбақтар
1-топ. «Пифагор» тобына:
1. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
2-топ. «Паскаль» тобына:
2. Ақпартты қағаздағы
Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы. (сканер)
3-топ. «Архимед» тобына:
3. Билогияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды ол өлшер. (бит)
4. «Кім алғыр» - тапсырмалар орындау.
1-топ. «Пифагор» тобына тапсырма: «Рaint графикалық редакторының терезесін жинау»
2-топ. «Паскаль « тобына тапсырма: «Word мәтіндік редакторының терезесін жинау»
3-топ. «Архимед» тобына тапсырма: «Excel кестелік процессорының терезесін жинау»
Уақыт 2 минут
5. «Кім епті» -сәйкестікті табу. Қолдарыңызға 6 сурат жауаптарымен беріледі. Сіздер сәйкесінше қоясыздар.
І-бастаушы:
Алға қойған мақсаттарыңыз бар екен,
Сәтті болсын сапарларың әрдайым
Алдарыңызда күш атасының елі бар
ФИЗИКА елі құшақ жайып қарсы алар.
ІІ-бастаушы:
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Физика ғылымы құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикалық түсіну
Физика – дүние кілті бүгінде
Айдан хабар алғызған,
Зәулім үйді салғызған,
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Физика емей немене?
І-бастаушы:
Табиғат сырын аштырған,
Тоқпенен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?
Шындықты алғаш таратқан,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Физика емей немене?
1. «Кім тапқыр» - бөлімінде физикалық тәжірибелер көрсетіледі. Сол тәжірибенің мәнін ашу.
1-топ. «Пифагор» тобына:
№1 тәжірибе: Стаканның ¾ бөлігіне қайнатылған суық су құямыз, оған қант саламыз. Оған қою шай құямыз. Қою шай мен қайнатылған су неге араласпайды? (Жауабы: тәтті сумен таза судың тығыздықтары бірдей емес. Сондықтан олардың арасында араласу қиындау.)
2-топ. «Паскаль « тобына:
№2 тәжірибе: Минералды су, мейіз түйіршіктері, стакан берілген. Стаканға минералды суды құйып, оған мейіз түйіршіктерін саламыз. 1-3 минуттан соң, стакан ішіндегі мейіздердің қозғалғанын байқаймыз. Ол не себепті қозғалды? ( Жауабы: Себебі, минералды су газдалған. Газдалған судағы газ бөлшектері жоғары қарай көтеріледі. Сол кезде мейіздер қозғалысқа келеді)
3-топ. «Архимед» тобына:
№3 тәжірибе: Суы бар стаканға жарты шай қасық сірке(уксус) қосып араластырыңдар. Сонан соң ерітіндіге жарты шай қасық сода салыңдар. Қандай құбылысты байқадыңдар? (Жауабы: Температура артқан кезде молекулалардың ретсіз қозғалысын, үздіксіз қозғалысын осылай байқауға болады. Неғұрлым температура жоғарлаған сайын, молкулалар мен атомдардың жылдамдығы соғұрлым жылдам қозғалады)
2. «Кім жүйрік» - сұрақтар. Әр топқа екі өлеңді сұрақ оқылады. Соған жауап берулерінің сұралады.
1-топ. «Пифагор» тобына
1. Найзағай
Бұлтты аспанның жүзінде,
Найзағай неге ойнайды!
Байқап тұрсаң түбінде
Жаңбыр жаумай қоймайды.
Жауабы:
От ойнатқан бұлтты сапан жүзінен,
Разряд - әр текті, зарядтардан түзілген.
Күркіреген көк те тынбай гүрілдеп
Ашылады күн шыққан соң күлімдеп
2. Түтін
Отынды жаздай құрғаған.
Пешке неге тығады?
Үйлердегі мұржадан,
Түтін қалай шығады?
Жауабы:
Отынды жақсаң құрғаған
Конвекция процесі жетегімен.
Түтін шығады мұржадан,
Жылы ауаға ілесіп көтерілген.
2. Жел
Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасыз жел соғады.
Әлде бұл өздігінен бе,
Себебі неден болады?
Жауабы:
Температура бір болмай ауадағы
Жылы ауа ағыны таралады.
2-топ. «Паскаль» тобына:
1. Жаңбыр
Көк аспанның төрінде,
Бұлттар жүзіп барады.
Күн күркірі тегін бе,
Жаңбыр неге жауады?
Жауабы:
Булану, конденсация есебінен,
Көктен жабыр жауады дер едім мен.
Ауаның да біркелкі қызбауынан ,
Тағы оның себебін көремін мен.
2. Қайнау:
Отта тұрған шәйнекте,
Су неліктен қайнайды?
Бұрқ – сарқ етіп тездете
«Қайнадым» - деп тасиды.
Жауабы:
Қайнау деген – сұйықтың булануы,
Көріп жүрміз қайнаған судан мұны.
Қайнар кезде ызылдап, шу шығарар,
Көпіршіктің жарылысынан туған үні.
3-топ. «Архимед» тобына:
1. Ультрадыбыс
Түнде табар қорегін
Жарқанат қалай көреді?
Соқтықпай түнде ешкімге,
Еркін ұша береді!
Жауабы:
Түнде ұшқанда жарқанат,
Құлағымен көреді.
Соқтықтырмайды қалқалап,
Ультрадыбыс демеуі.
2. Дыбыс
Дыбыс қалай шығады?
Домбыраны тартқанда.
Бұралса дұрыс құлағы
Шырқалмай әуен жатқан ба!
Жауабы:
Домбыраның дыбысын шығаратын
Қос ішектің ырғақты тербелісі,
Шанағы оның кәдімгі резанатор,
Ойлап тапқан бабамыз зерделісі.
3. «Кім білгір» -жұмбақтар
1-топ. «Пифагор» тобына:
1. Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді ( Күш )
2. 10.Өзі затты құрайды
Теңесуге таразыны сұрайды ( Масса)
2-топ. «Паскаль» тобына:
1. Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін ( Ток )
2 . Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры қызып келеді
Абайла ойып түсер
Ондайлар бұзық келер. ( үтік)
3-топ. «Архимед» тобына:
1. Тіршіліктің қамы үшін
Жоқшылықты түзейді
Егер іскер жан үшін
Жоқшылықты тежейді ( Жұмыс)
2. Құйрығы інге кірсе беті өртенген
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген. ( Электр пеші)
«Кім алғыр» - тапсырмалар орындау. Жиналған құралдың аты, қызметін айту.
1-топ. «Пифагор» тобына тапсырма: «Секундомер»
2-топ. «Паскаль « тобына тапсырма: «Амперметр»
3-топ. «Архимед» тобына тапсырма: «Осциллогроф»
Уақыт 2 минут
6. «Кім епті» -сәйкестікті табу. Қолдарыңызға 6 сурақ жауаптарымен беріледі. Сіздер сәйкесінше қоясыздар.
1. Fa=mg –Ауырлық күші
2. =s/t-Жылдамдық
3. Күштің өлшем бірілігі –Ньютон
4. Қысымның өлшем бірілігі –Паскаль
5. Күшті өлшейтін құрал – динамометр
6. Дененің жылдамдығын өлшейтін құрал-спидометр
ІІ-бастаушы:
Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң-тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімен түні тірілген.
Ұзақ ұықтап тұмса түз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімін де
Жерді қозғау қиялы былай тұрсын
Жемісі де тимепті несібеме
Уім білмес Сиракуыз ақсақалын
Кұн сүйіп,жел желпіген ақ сақалын
Ол-ортақ адамзатқа жаттығы жоқ
Белгісі адамшылық жақсы атаның
Бір өшіп,кітаптардың бірі тозған
Қай жүйрік Архимедті басып озған?
Жалынды патриот,батыр-ғалым,
Ғасырлар түкпірінен қолын созған, дей келе әділқазылар ақылдасқанша капитандар жарысы.
Яғни « Ажырату тапқырлық» Ғалымдар суретін бөлу.
І-бастаушы:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл ойлар әлемді арбап алды.
МИФ ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ Даналарға ұқсап туса
Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, дей келе әділ қазылардан қортынды сұраймыз.
ІІ бастаушы:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.