Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Талаптыға нұр жауар -

Талаптыға нұр жауар

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 425 | Просмотров: 1918 | Размер: 115.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: " Талаптыға нұр жауар"
Сабақтың мақсаты:
Танымдылық: оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы
маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
Тәрбиелік: оқушылардын адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Дені сау,
ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер
қасеттер қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
Дамытушылық: қоғамымыздың іргетасын нығайту мақсатында, ең алдымен, ізгілік,
имандылық тәрбиесін көркейту. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді
түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.
Сабақтың түрі: Қорытынды
Сабақтың өту әдісі: Сайыс
Көрнекілік:Нақыл сөздер, үлестірмелі қағаздар, плакаттар, буклеттер, кітапшалар.

Сабақтың барысы мен мазмұны

1. Таныстыру(өзім туралы)
2. Эмблема
3. «Білімдер» сайысы (І-кезеңде, әр топқа сұрақ қойылады.)
4. «Кім білгір» сайысы (ІІ-кезенде, сұрақтар жасырылып, сұрақтың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз тиіс)
5. «Тапқырлар» сайысы.( ІІІ-кезеңде, сөзжұмбақ арқылы қай топтың тапқыр екенің біле аласыздар)
6. «Кім жылдам» сайысы (IV-кезеңде, тақтаға тапсырма орындайды)
7. «Үздік бағдарламалаушы» сайысы.(V-кезеңде, әр топқа тапсырмалар беріледі, үш сатыдан тұрады.)
8. Әділқазылар сөзі
І-жүргізуші:
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
ІІ-жүргізуші:
Ұстаздар аман ба екен құрбы-құрдас,
Топтас бірге оқып болған сырлас.
Жақсыма денсаулығың хал жағдайың,
Аман бол әр қашанда сырлас – құрдас.
І-жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділқазылар мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз "Талаптыға нұр жауар" атты ойынымызды бастауға рұқ сат етіңіздер.
ІІ-жүргізуші:
Бүгін біз әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығы мен танылған студенттерді шақырамыз.әр топ өзін таныстырады.
І-жүгізуші:
Ең алдымен сіздерге осы ойынды әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:
1) Информатика және есептеуіш техникалар бөлімінің меңгерушісі: Бекболғанов Ерік Жұмабайұлы
2) Өндірістік оқыту шеберлер кафедрасының меңгерушісі: Сейдахметова Гүлнар Баткалқызы
3) Колледж әдіскері: Жамалиева Жанна Каймолданқызы
Әділқазы,ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстардан неше бір,
Сарапқа сап,әділдікпен шеше біл.
ІІ-жүргізуші:
-дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі "Білімдер"сайысын бастаймыз. Бұл кезеңде жарыс сұрақтары Бағдарламалауға байланысты қойылады.әр топқа 6 сұрақтан қойылады.
І-кезең. "Білімдер" сайысы
I-топқа қойылатын сұрақтар.
1.қызметші сөздер дегеніміз не?
(Алдын ала мағынасы анықталған,тілдің құрамының бір бөлігі болып табылытын сөздер).
2.Идентификатор дегеніміз не?
(Объектінің аттары,кейде идентификатор деген сөздің орнына («объектінің аты»,»объектінің атауы», айнымалының аты, функцияның атауы т.б.) деген терминде пайдаланылады).
3.Идентификатордың қанша түрі бар?Соны ата?
(2-түрі бар. 1.Стандартты идентификатор.
2.Қолданушының идентификаторы).
4.Тұрақтылар дегеніміз не?
(Мәндері белгілі және программаның орындалу барысында өзгермейтін шамалар).
5.Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын қай жылы кім ұсынған?
(1968 жылы Станфорт ұсынған).
6.Идентификатордың,әріптердің тізбегі мен оның ұзындығы қанша символдан тұрады?
(8-символдан тұрады).
II-топқа қойылатын сұрақтар.
1) Идентификатордың қанша атауы бар?
(2-атауы бар: 1.Стандартты.
2.Бейстандартты).
2)Стандартты функциялар дегеніміз не?
(Математикалық және де басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады).
3)Паскаль тілінде құрама оператор қандай кілттік сөздердің ішіне қойылып жазылады?
(BEGIN және END)
4)REPEAT жазылу түрін жазыңыз?
REPEAT
<1 оператор>
<2 оператор>
<n-оператор>
5) REPEAТ операторына анықтама беріңіз?
(REPEAT –операторының цикл ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс,әйтпесе ол шексіз қайталануы мүмкін).
6)For операторына анықтама беріңіз?
(Циклдегі операторларды қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда For операторы қолданылады).
III-топқа қойылатын сұрақтар.
1)Күрделі цикл дегеніміз не?
(Егер бір цикл тұлғалы ретінде басқа циклда құрылып тұрса,онда олар қабатталған цикл деп аталады).
2)Массив дегеніміз не?
( Массив деп- бір атаумен белгіленіп,реттеліп біріктелген бір текті мәліметтер тобын айтады).
3)Процедураларға анықтама беріңіз?
(Кез-келген процедура программа блогына ұқсас түрде жазылады да,оның тақырыбы мен тұлғасы болады).
4)Функция дегеніміз не?
(Функция деп-жұмыс нәтижесінде бір ғана мәнді анықтайтын операторлар тізбегін айтамыз).
5)Рекурсия дегеніміз не?
(Рекурсия деп- ол бүкіл процессорды рекурсия дейді).
6) А [20] массивінің шартына анықтама беріңіз?
(Берілген массивтің теріс элементтерінің қосындысын есептейтін программа құру.Массив элементтері бүтін сандар).
І-жүргізуші:
Осымен 1-кезеңіміз аяқталды.
Жан достарым
Мұны жақсы ұғайық
Тәжірибие
құрметтеуге лайық.
ІІ-жүргізуші:
Тартысайық сайыста,
күш жігермен.
Тартысайық қимас біз,
дос көңілмен.
І-жүргізуші:
Сайысымыздың 2-ші кезеңі "Кім білгір" сайысын бастаймыз.
ІІ-жүргізуші:
ІІ-кезең. " Кім білгір " сайысы.
Бұл кезеңде сұрақтар жасырылып,сұрақтың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз тиіс.
1.Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар
мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
/ақпарат, информация, information/
2.Терезені жабу батырмасының аты?
/жабу, закрыть, exit/
3.Windows-дегеніміз не?
/ОЖ, опирационная система, operation system/
4.Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен
басқаруға негізделген құрылғы?
/тышқан, мышь, mouse/
5.Дүниежүзілік компьютерлік желі?
/интернет, internet/
6.Үйдің негізгі бөлшегі немесе объектісі терезелер мен белгілер
болып табылады ОЖ?
/терезе, окно, Windows/
7.Құжатты сақтау батырмасының аты?
/сақтау, сохранить как..., Save as/
8.Сурет салу қаламы?
/қарындаш, карандаш, pensil/
9.Қажет емес символды алып тастау пернесі?
/алып тастау, удалить, delete/
10.Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат?
/кесте, таблица, chart/
11.Программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған
компьютердің негізгі құрылғысы?
/ процессор, processor/
12.Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе
жүйелік бумасы?
/мой компьютер,my computer/
III-кезең "Тапқырлар" сайысы.
І-жүргізуші:
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын
ІІ-жүргізуші:
Келесі кезеңіміз "Тапқырлар" сайысы.Бұл кезеңде сөзжұмбақ арқылы қай топтың тапқыр екенін біле аламыз.
Visual Basic-тобы:
1)Қандай арнайы,фигуралар және графиктік схеманы білесіңдер?(Блок)
2)Берілген есепті шешу әдісін қандай әдіс дейміз? (Алгоритм)
3)Existing-бар жобалар қай уақыттарда құрылған жобалар? (Алдыңғы)
4) Бір немесе бірнеше салыстыру жасау кезінде If операторын пайдалануды қандай оператор дейміз? (Таңдау)
5)Қасиеттер терезесітағайындауға Coption деген өзгертуге арналған қасиеттерінің мағынасы қандай? (Атауы)
6)...... макетінің терезесі? (Форма)
7)Белгілі рет немесе белгілі уақыт интервалында қайталанатын командалар группасын не дейміз? (Цикл)
8)....саймандар панелі? (Стандартты)
9)А=Text командасы қандай функция? (Символдық)
10)Егер шарт орындалса ия жолмен, шарт орындалмаса жоқ тармағымен орындалатын операторды атаңыз?(Шартты)
11)Тақырып...... программаның аты?(жолы)
12)Мәліметтерді алу және беру үшін қандай терезелер қолданылады?(Сұхбат)
13)Код терезесі екі бөліктен тұрады, басы және соңы осы екеуін толығымен атауы қандай? (Процедура

Б
А
Ғ
Д
А
Р
Л
А
М
А
Л
А
У

Паскаль тобы:
1) Программа блогына ұқсас, бірақ оның тақырыбы мен тұлғасы болады? (Процедура)
2) Бір атаумен белгіленіп,реттеліп, біріктірілген біртекті мәліметтер тобын ата? (Массив)
3) Өзін-өзі шақыра алатын процедура? (Рекурсия)
4) Паскальды кім ойлап тапты? (Никлаус)
5) Идентификатордың бір түрін ата? (Бейстандартты)
6) Программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуге болатын шамаларды атаңыз? (Айнымалы)
7) Begin және End кілттік сөздері қай программада қолданылады?(Паскаль)
П
А
С
К
А
Л
Ь


Delphi- тобы:
1) Delphi- дің негізгі ерекшелігі?
2) Object Pascal –да арнайы даярланған берілгендер менюлерді өңдеуге қолданылатын бағдарламаның үзіндісін не деп атайды?
3) Объектінің ішкі бағдарламаларын қалай атайды?
4) Берілгендерді өңдеудің алгоритімдерін бір бүтін құрылымға біріктіру тұжырымы?
5) Объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді не дейді?
6) Бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік?

м


о о

дд

уу

лл

ьь

ІҮ-кезең " Кім жылдам " сайысы.
І-жүргізуші:
Тез жауап бер ойланып түрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста
ІІ-жүргізуші:

Келесі кезеңіміз "Кім жылдам"
Тақтада тапсырма орындайды. Мысалы Бірінші студент Б әрпінен басталатын информатикалық терминдерді жазса, екінші студент Д әрпінен басталатын сөздерді жазып шығады, ал үшінші студент М әріпінен жазып шығуы тиіс.

Паскаль: Delphi: VB:
Бит Дискіжетек Монитор
Байт Драйвер Модем
Бағыттауыш Диск қатты Меню жолы
Бет нұсқа Диск Микропроцессор
Баспа Деректер қоры Мәтін
Бұғаттау (Блокировка) Диаграмма Маршрут
Блокнот Дискет жүйелік
Студенттер белгілі бір қашықтықтан табан астындағы тақтаға жазып шығуы керек. Қайсысы бұрын жетіп, отырып тапсырманы дұрыс және тез орындаса сол жеңімпаз.
Ү-кезең "үздік бағдарламалаушы" сайысы.
І-жүргізуші:
Компьютер –сенің көмекшің
Қаламың,әрі қағазың!
Керек емес десең,
Аздаған болса хабарың.
үйрену керек бәрін де-
Ақпараттық замманың!
ІІ-жүргізуші:
Ал енді «үздік бағдарламаушы» сайысын бастайық.Бұл кезеңде әр топқа тапсырмалар беріледі, үш сатыдан тұрады. 1.Есеп Паскль-дан 2 .Тест 3.Visual Basic - тан бағдарлама құру.
1-топ.
1№ .Тапсырма: Есеп
Х (3Х4) матрицасы берілген.осы матрицаның ең үлкен элементін табу керек?
Шешуі;
Массивтің аты Х, i-индексі (i=1,2,3,...10),қосындысы SUM деп белгілейік. Сонда Sum=X[1]+[2]+X[3]+....+X[10] болады.
Программа 1;
Program masiv (input,output);
Const n=3;
m=4;
Var x: array [1...n, 1...m] of integer;
Sum; real;
i,j: integer ;
Begin
Fori: = 1 to 3 do
Fori: = 1 to 4 do
Sum: =Sum [i, j]
Writeln (`Sum=; Sum: 6; 3)
End.
2№ .Тапсырма: Тест
3№ .Тапсырма: Visual Basic пәні бойынша бағдарлама құру. (мысал келтір)
2-топ.
1№ .Тапсырма: Есеп
N=1,2,3 және K=2,4,6,8 мәндерінде Y=2K+N функциясының мәндерін есепте?
Шешуі;
Программасы;
Program A9 (input, output);
Var n, r, y: integer;
begin
For n: =1 to 3 do
begin
K;=2;
While K<=8 do
Begin
Y:=2*k+n;
Writeln (`Y=; y; 6; 2);
K: =k+2
End;
End
End.
2№ .Тапсырма: Тест
3№ .Тапсырма: Visual Basic пәні бойынша бағдарлама құру. (мысал келтір)
3-топ.
1№ .Тапсырма: Есеп
For циклының көмегімен n санының факториалын табу керек?
Шешуі;
Program Esep 3;
Var
I, n, a: integer;
Begin
Writeln (`Негізгі санды енгіз :`);
Readln (n)
a: =1;
For I: = 2 to n do
a: =a*I;
Writeln (n, `! =`, a)
Readln
End.
І-жүргізуші:
Информатика –болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып XXI ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
ІІ-жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнер мен әнін салыстырып
Төраға, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер-деп әділқазылар алқасы ойланып жеңімпаз топты анықтауларыңызды сұраймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.