.
.
Түймекент орта мектебі Тармақталған алгоритмдер
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3195 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы:
«Тармақталған алгоритмдер»
Информатика пәнінің мұғалімі: Р.А.Бегасилова
Сынып: 9 «Г»
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, кеспе қағаздар, смайликтер
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қайталау
а) (Лото ойыны,)
б) «Ішіне-сыртына»
3. Жаңа сабақты түсіндіру (Ребус)
4. Практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
5. Сабақты пысықтау (тест)
6. Үй тапсырмасы
7. Оқушыларды бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Лото» ойыны
1. Шамалар қалай бөлінеді?
(Шамалар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты деп алгоритмді орындау барысында мәні өзгермейтін шама аталады)
2. Айнымалы шама дегеніміз не?
(Айнымалы деп алгоритмді орындау барысында мәні өзгеретін шама аталады)
3. Алгоритм өңдейтін шамалар қалай бөлінеді?
(Алгоритм өңдейтін шамалар кірістік деректер, шығыстық деректер және аралық есептеулер үшін қажетті деректерге бөлінеді)
4. Аргумент дегеніміз не?
(Кірістік деректер немесе бастапқы деректер аргумент деп аталады және арг қызмет етуші сөзбен белгіленеді)
5. Нәтиже дегеніміз не?
(Шығыстық деректер нәтиже деп аталады және нәт қызмет етуші сөзбен белгіленеді. Түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі басы қызмет етуші сөзден кейін жазылады, олардың мәні тек алгоритм ішінде пайдаланылатынын көрсетеді)
6. Алгоритм жазбасының пішіні қалай жазылады?
алг алгоритмнің аты (түрлері көрсетілген алгоритмдер және нәтижелер
тізімі)
басы
енгізу
командалар сериясы
шығару
соңы
7. Айнымалы шамалар алгоритмде қалай жазылады?
(Айнымалы шамаларды жазу үшін алгоритмде шаманың атымен аталатын белгілеулер пайдаланылады. Шаманың аты әріптерден, әріптер мен сандардан, сөздерден тұруы мүмкін)
8. Шамалар қалай бөлінеді?
(Шамалар бүтін, заттық, бедербелгілік болып бөлінеді)
9. Бүтін шамаларға не кіреді және қалай белгіленеді?
( Бүтін шамаларға бүтін сандар кіреді және % белгіленеді)
10. Заттық шамаларға не кіреді және қалай белгіленеді?
(Заттық шамаларға нақты сандар кіреді және !, # белгіленеді)
11. Бедербелгілік шамаларға не кіреді және қалай белгіленеді?
(Бедербелгілік шамаларға мәні мәтін болып табылатын шамалар кіреді және $ белгіленеді)
б) «Ішіне-сыртына»
Кестенің ішіне QBasic программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.
Internet, Paint, Print, Input, WordPad, Rem, Integer, Microsoft, Abs, Excel, Winrar, Power Point, Sqr, End.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Теориялық бөлім
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына ребусты шешейік:
Тармақталған алгоритмдер
Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Тармақталған алгоритмдер»
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.
Толымды түрі:
Алгоритмдік тіл
Егер <шарт>
онда <1-серия>
әйтпесе <2-серия>
Болды
QBasic тілі
IF <шартты өрнек> THEN <1 - серия> ELSE <2 - серия>;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Толымсыз түрі:
Алгоритмдік тіл
Егер <шарт>
онда <1-серия>
Болды
QBasic тілі
IF <шартты өрнек> THEN <серия> ;
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
Математика QBasic Сипаттамасы
= = Тең
< < Кіші
≤ <= Кіші немесе тең
> > Үлкен
≥ >= Үлкен немесе тең
≠ <> Тең емес
Мысал: a және b сандары берілсін. Екі санның үлкенін табу программасы мен блок-схемасын құрайық.
REM ECY
INPUT a,b
IF a>b THEN max=a ELSE max=b
PRINT “max=” ; max
END
Жаңа сабақты түсіну үшін «Ақпараттық диктант» орындаймыз.
Сұрақ Жауап
1 Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Қадамдардың тізбектеп орындалуы шартқа байланысты болатын алгоритм
2 Тармақталу операторының толымды түрі Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
3 Тармақталу операторының толымсыз түрі Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, тармақталу командасынан кейінгі операторлар орындалады
4 Егер If
5 Онда Then
6 Әйтпесе Else
4. Практикалық бөлім
«Тау шыңына шығу» ойыны.
Тау шыңына шығу үшін оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.
1 деңгей.
1. өрнегін QBasic тілінде жаз.
2. өрнегін QBasic тілінде жаз.
2 деңгей.
Функция мәнін есептейтін программа құрастырыңыз.
3 деңгей.
Екі сан А,В берілген. Егер А<В теңсіздігі орындалса, онда олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін басып шығарыңдар.
5. Сабақты пысықтау
Сабағымызды пысықтау үшін өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындаймыз. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Тест орындап болғаннан кейін оқушылар парақтарын бір - бірімен ауыстырып, тексеріп, бағалайды. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.
Тест сұрақтары
1. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын ..... деп аталады.
а) Сызықтық алгоритмдер
b) Тармақталған алгоритмдер
c) Циклдік алгоритмдер
2. Қандай жағдайда тармақталу алгоритмі қолданылады?
а) Кейбір командалар бірнеше рет қайталанғанда
b) Шарттарға байланысты
c) Кестелік функцияны есептеуге
3. Тармақталу операторының толымды түрі
a) FOR - NEXT;
b) IF - THEN - ELSE;
c) IF - THEN;
4. Тармақталу операторының толымсыз түрі
a) FOR - TO;
b) IF - THEN - ELSE;
c) IF - THEN;
5. Шартты көшу операторының дұрыс нұсқасын көрсет
a) if шарт then <1 – серия> else <2 – серия>
b) if <1 – серия> then шарт else <2 – серия>
c) if шарт then <2 – серия> else <1 – серия>
6. IF сөзінің баламасы
a) егер
b) онда
c) әйтпесе
7. THEN сөзінің баламасы
a) егер
b) онда
c) әйтпесе
8. ELSE сөзінің баламасы
a) егер
b) онда
c) әйтпесе
6. Үй тапсырмасы.
1,7 тақырып (40 - 47 бет)
7,8 тапсырмалар (49 бет)
7. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықталады, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағаланады.
Бағалау парағы
№ Аты-жөні «Лото» ойыны Ішіне-сыртына Ақпараттық ликтант 1-деңгей 2-деңгей 3-деңгей
Тест Жалпы бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
№ Сұрақ Жауап
1 Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Қадамдардың тізбектеп орындалуы _____________________ байланысты болатын алгоритм
2 Тармақталу операторының толымды түрі Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, _______________________________________ , ал мән «жалған» болса, _______________________________________ орындалады.
3 Тармақталу операторының толымсыз түрі Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, _______________________________________ , ал мән «жалған» болса, _______________________________________ орындалады.
4 Егер
5 Онда
6 Әйтпесе
Оқушының аты – жөні:_____________________________________________
1. «Ішіне-сыртына» ойыны
2. Ақпараттық диктант
3. «Тау шыңына шығу» ойыны
1 деңгей.
1. өрнегін QBasic тілінде жаз.
2. өрнегін QBasic тілінде жаз.
2 деңгей.
Функция мәнін есептейтін программа құрастырыңыз.
3 деңгей.
Екі сан А,В берілген. Егер А<В теңсіздігі орындалса, онда олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін басып шығарыңдар.
4. Тест
1 2 3 4 5 6 7 8
Тексерген: ___________________________ Бағасы:______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.