Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Текстерді, формулалрды және командаларды енгізу. -

Текстерді, формулалрды және командаларды енгізу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1525 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Текстерді, формулалрды және командаларды енгізу.
Мақсат: Оқушылардың кестелік процессорларға мәтінді, формулаларды және командаларды енгізу ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды электрондық кестелерге мәтінді, формулаларды енгізу әдістерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Кез келген электронды ұяшыққа:
- сан
- формула
- мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ####### символдарымен толтырылады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.
Форомулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.
Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.
Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =F5+D5*C57
Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтн, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды. Мысалы, -55,69 немесе а 55,9 – мәтін.
Excel – де сандардың бүтін бөлігінен бөлшек бөлігін ажырату үшін көп жағдайда үтір қолданылады, бірақ қалауыңыз бойынша оны өзгертуіңізге де болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Электронды кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?
2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
Тапсырма.
Берілгендерді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.
Парақты келесі мазмұнда рәсімдеңіз.
1. Excel- ді ашыңыз.
2. Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз:
Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)
Аты-жөні Қазан Қараша Желтоқсан Барлығы
Салимжанов А.К. 5300 4500 6000
Михайлов М.Д 2500 3000 4000
Аубакиров Т.Т 1500 1700 2500
Садыкова М.С. 1000 1500 2000
3. Кестені сақтап қойыңыз.

5)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға кестеге формуланы және мәтінді енгізу ережелері туралы жалпы мағлұмат беру.

6) Үйге тапсырма § 8.3, бет. 100-103
Формуланы енгізу және көшіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.