.
.
Сабақтың тақырыбы: Терезелер Терезелер
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1236 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен, терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің мүмкіндіктерімен таныстыру.
2) Тәрбиелік: терезе құрылымы және элементтерімен таныстыра отырып, оларды компьютермен жұмыс барысында жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Windows терезелерінің мүмкіндіктерімен таныстыра отырып, олардың көре отырып және ести отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту, рәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру
Сабақтың әдісі: тірек-сызбалар, тест сұрақтары, сәйкестендіру тесті.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер құрылғылары, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Тесттік жұмыс:
1. Windows-дің объектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісін атаңдар.
А) пернетақта Ә) тышқан Б) монитор
2. Тышқанның батырмаларын не деп атайды?
А) негізгі және көмекші Ә) негізгі және объект Б) көмекші және объект
3. Жүйені жүктегеннен кейін бірінші көретіндерің не?
А) терезе Ә) тіркеу терезесі Б) жұмыс орны
4. Қапшық деген не?
А) ұғым Ә) объектілер қоймасы Б) жұмыс орны
5. Қапшық нешеге бөлінеді?
А) 1 Ә) 3 Б) 2
6. Жабық қапшық қалай көрінеді?
А) терезе түрінде Ә) белгіше түрінде Б) Жималанған күйінде
7. Тышқан нұсқағышы неше пішінде бола алады?
А) 12 Ә) 11 Б) 10
8. Тышқанның көмегімен Windows-дің объектілерімен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
А) шертуді Ә) белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу
Б) таңбашаларды ашу
ІІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
1. «Пуск» батырмасының функцияларын атаңдар.
2. «Есептер тақтасы» дегеніміз не?
3. Жұмыс үстелінде орналасқан Windows-ң обьектілерін атаңдар.
ІҮ. Жаңа түсінік беру:
Windows ортасының негізгі ұғымдарының бірі – терезе.
Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.
Жұмыс жүріп жатқан терезе – активті терезе. Активті терезе басқа терезелерден ерекшеленіп тұрады және жоғары орналасады. Сонымен бірге есептер тақтасындағы батырамсы басулы болып көрінеді. Терезені активті түрге екі тәсілмен келтіруге болады. Бірінші терезенің кез келген жерінен шерту керек, екінші есептер тақтасындағы сәйкес батырманы шерту арқылы белсендіруге болады. Бұны терезелер арасындағы ауысу деп те айтуға болады.
Терезе элементтері:
Құрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын командаларға жылдам қатынауға арналған белгішелер мен батырмалар бар. Олар:
- кері қайту.
- алға қарай өту.
- бір деңгейге жоғары көтерілу.
- қиып алу.
- көшіру.
- кірістіру.
- болдырмау.
- алып тастау (жою).
- қасиеттер.
- түрі.
Айналдыру жолақтары:
Ү. Жаңа түсінікті тексеру:
«Ғажайып кесте» ойыны. Ойынның шарты бойынша 2 бағанды кесте беріледі. Кестенің бірінші бағанында сұрақтар беріледі, екінші бағаны бос болады. Бірінші бағандағы сұраққа оқушы дұрыс жауап беріп және оны келесі бағанға жазса, баған жанады. Ал дұрыс жауап бере алмаса, өзгеріссіз қалады.
Ойынның сұрақтары:
1. Терезе дегеніміз не?
2. Активті терезе.
3. Диалог терезесінің қызметі.
4. Қапшық терезесінің қызметі.
5. Терезелерді экранда көрсету тәсілдері.
6. Анықтама терезесінің қызметі.
7. Қолданба терезесінің қызметі.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту:
Сәйкестендіру тесті
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Суреттерге қарап, терезе элементтері мен айналдыру жолақтарын көрсету.
ҮІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау.
ІХ. Үй тапсырмасы:
1. Терезелер.
2. «Терезе» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.