Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әуендi редакторлеу және сақтау. -

Әуендi редакторлеу және сақтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1225 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Әуендi редакторлеу және сақтау.
Мақсат: Оқушылардың әуендерді өңдеу және сақтау жолдары туралы білімдерін қалыптастыру. Әуендік редакторлармен жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды әуенді редакторлау және сақтау әдістерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру (3-5мин)
1) Дыбыстық ақпарат дегеніміз не?
2) Компьютерде дыбыс қалай ұсынылады?
3) Дыбыстық ақпаратты өңдеу қалай жүзеге асырылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Фонограф программасы кішігірім дыбыстық файлдарды өздеріңнің программаларың мен құжаттарыңда қолдану үшін дискіге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық файлдарды электрондық пошта, жергілікті желі арқылы жіберуге болады.

Лазерлік ойнатқыш программасы CD-ROM – ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Іске қосу үшін:
Пуск – Программы – Стандартные – Мультимедиа – Лазерный проигрыватель
Лазерлік ойнатқыш программасы жұмысын тотқанша ойнайтын режимін қоюға болады.
Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әнннен екінші әнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.
Лазерлік ойнатқыш, Әмбебап ойнатқыш және Фонограф программаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Ол үшін тапсырмалар тақтасында Громкость түрінде бейнеленгенбелгішені шертеміз. Сонда дауыс қаттылығын реттеуші шығады. Онда тышқан нұсқағышымен сәйкесінше түзетулер жүргізуге болады.
Әмбебап ойнатқыш мультимедиа файлын іске қоса алады, яғни, лазерлік ойнатқыш дыбыс компакт-дискілерімен не жаса са, ол да дыбыс және бейнеақпарат көздерімен соны жасайды.

Сергіту жаттығулары(2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті?
2. Әмбебап ойнатықш программасы?
3. Лазерлік ойнатқыш программасы?
Тапсырма.
Windows 2000 XP ОЖ-де Әмбебап ойнатқыш, Лазерлік ойнатқыш программалары барма, бар болса, оларды қалай іске қосамыз.

6)Сабақты қорытындылаужәне бағалау
Оқушыларға әуендік ақпаратпен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Әуендi редакторлеу және сақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.