.
.
Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасының графиктік компоненттері. Visual Basic ортасының графиктік компоненттері. Массивтер.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2333 | Размер: | Автор: Нартай4540Массивтер.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Visual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.
1. TextBox компоненттерін түсіндір
2. OptionButton компоненті дегеніміз не?
3. label компоненті дегеніміз не?
4. Frame компоненті дегеніміз не?
5. OptionButton компоненті дегеніміз не?
6. CheckBox компоненті дегеніміз не?
7. ListBox компоненті дегеніміз не?
8. ComboBox компоненті дегеніміз не?
9. Timer компоненті дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Visual Basic ортасының графиктік компоненттері.
Linе (сызық) компоненті – түзу сызық салу үшін қолданылатын компонент.
Linе объектісінің негізгі қасиеттері:
BolderColor-сызықтың түсін орнату,
BolderStyle-сызық стилін орнату,
BolderWidth-сызық қалыңдығын орнату,
DrawMode –сызық сызу әдістерін орнату,
Shape (фигура) компоненті – формаға геометриялық фигуралар салу үшін қолданылады.
Shape объектісінің негізгі қасиеттері:
BolderColor- фигура сызығының түсін орнату,
BolderStyle- фигура сызығының стилін орнату,
BolderWidth- фигура сызығының қалыңдығын орнату,
DrawMode- фигура сызығының сызу әдістерін орнату,
FillColor- фигура ішін бояу,
FilStyle- бояу стилін орнату,
Shape- фигуралар орнату(мәндері 0-Rectangle, 1-Square, 2-Oval, 4-Circle, 5-Rounded Rectangle, 6-Rounded Square).
Picture Box (бейне қорап) компаненті формаға графикалық объектілерді кірістіру үшін қолданылады. Picture Box объектісінің графикалық өрісіне әртүрлі типті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне геометриялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді (мысалы батырма, текстік объектілер) кіргізуге болады. Сонда графикалық өрістер форманың ішінде форма сияқты жұмыс жасайды.
Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері:
AutoSize – графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент (сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту,
Picture кірістірілген графикалық файл жолы,
Image – қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Piture1.Picture=Picture2.Image онда Piture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture2 өрісіндегі сурет келеді.
Circle. Line, Pset-объектінің ішіне фигуралар салу әдістері, мысалы төмендегі қатар ішіне шеңбер салады.
Picture1.Circle(1100,1000),750
ImageBox(сурет-қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. Picture Box компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды. Қосымша ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады.
ImageBox объектісінің негізгі қасиеттері:
Picture-кірістірілген файл жолы
Stretch-текстік объектілердің қасиетіне ұқсайды.
Жаңа сабақты бекіту
ІХ. Үйге тапсырма
Проектілерге графиктік объектілер кірістіру
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.