.
.
Қаралды Келісілді Бекітілді WEB-ДИЗАЙН қолданбалы курс бағдарламасы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 674 | Просмотров: 6105 | Размер: 186.2 Kb | Автор: Тәрбиеәдістемелік берлістікте ДОІЖО мектеп директоры
протокол №___ _____________ _____________
«__»_____2014ж. «__»_______2014ж. «__»______2014ж.
WEB-ДИЗАЙН
қолданбалы курс бағдарламасы
пән информатика___________________________
сынып 10-11___________________________________
мұғалім Нұргүл Мұратқызы Адылханова__________
оқу орны Павлодар обл.,Ақтоғай ауданы,Приреченск ОМ
оқу жылы 2014____________________________________
жоспар бойынша
сағат саны 34_____________________________________
оқу жылына 34_____________________________________
Соның ішінде аптасына 1 сағат_______________________
I жартыжылдыққа 17_____________________________________
II жартыжылдыққа 17_____________________________________
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. 10-11 сыныптарға арналған жалпы орта білім беретін мектепредің жаратылыстану-математикалық бағытына және қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған бағдарлама. Н.Т.Ермеков, С.Т. Мухаметжанова, Н.Ф. Стифутина.
2. Н.Д. Угринович «Информатика және АКТ». Профильный курс: 10 сынып М.БИНОМ, 2008.
3. Оқу құралы, И.Г. Семакин, Е.К. Хеннер Информатика Х, Информатика ХI.
4. 10-11 сыныптар үшін бағдарлы курс бойынша тақырыптық жоспарлар, Алматы қаласы МБЖжҚДИ, 2006ж.
5. Усенков Д. Уроки Web-мастера. Москва, ЛБЗ, 2003.
Қосымша оқулықтар:
6. Интернет в школе, Методическое пособие по применению Интернета на уроках и во внеклассной работе, Алматы, 2005.
7. HTML в примерах. Как создать свой Web-сайт: самоучитель. Дригалкин В.В. 2004.
8. Конец формы. Межевич В. Создание Web-страниц, 2002.
Түсінік хат
Бұл қолданбалы курс 18.10.2012 ж. Павлодар облысының білім беру басқармасы ПК БАИ-ның әдискері Н.Н.Шпигальда рецензияланған.
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web–беттерді құру, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Берілген курс мазмұны 9-сынып оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныптарға 34 сағат. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсету және Web-беттерді құруға мүмкіндік береді.
10-11 сыныптарда информатиканы қолданбалы курсты оқытудың бағдарламасы орта білім беру жүйесі ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды.
Қолданбалы курстын негізгі мақсаты:
Microsoft FrontPage қосымшасын және негізгі HTML тіл конструкциясын қолдану арқылы оқушыларға Web-құжат жобалау технологиясын менгерту.
Қолданбалы бағдарламаның міндеттері:
-оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану;
-оқушыларды Web–беттер құруға;
-Интернетте материалды жариялау;
-Web-дизайн негіздерін білуге;
-дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға;
-компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады.
Күтетін нәтижелер: осы берілген курс бойынша оқушылар тәжірибе алып, болашақта ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолдану арқылы алған білімдері мен біліктіліктері практикалық проблемаларды шешуге көмектеседі .
Сабақтың түрлері: лекция және практикалық сабақтары, HTML программалау тілі мен FrontPage программасын қолдану арқылы MS Office пакетімен Web–құжаттарды құрастыру практикумы.
Негізгі оқыту әдістемесі:
Оқу зерттеу-жобалау әдісі; жобаны орындау проблемалық мазмұндама процессі; мұғалімнің көмегімен жобаны орындау; оқу зерттеу-жобасын өздігінен орындау;
Бақылау формасы: практикалық жұмыстарды орындау, өзіндік сайт құрастыру жобасы мен шығармашылық тапсырмалары.
Әр тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау көмегімен, оқушылар оқу барысында алған білімдерін практикада қорытындылау керек.
10-11 сыныптарға арналған қолданбалы курс
34 сағат, аптасына 1 сағаттан
Сабақ
№ Тақырыбы Сағат саны Күні
Теория Практика
1-2 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Графикалық объектілерді қою, пішіндеу. 1 1
3-4 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Графикалық объектілерді қою, пішіндеу. 1 1
5-6 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Тізімдер, кестелер, гиперсілтімелер. 1 1
7-8 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Тізімдер, кестелер, гиперсілтімелер. 1 1
9-10 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Ішкі және сыртқы сілтемелер. 1 1
11-12 Шығармашылық жұмыс Microsoft Word көмегімен сайт жасау. - 2
13-17 Шығармашылық жұмыс Microsoft Word көмегімен сайт жасау. - 4
18-19 Microsoft FrontPage программасының көмегімен HTML-құжаттарды құру. 1 1
20-24 Шығармашылық жұмыс Microsoft FrontPage программасының көмегімен сайт жасау. - 2
25-26 Шығармашылық жұмыс Microsoft FrontPage программасының көмегімен сайт жасау. - 2
27-28 Сайттың тақырыбы, мазмұны. - 2
29-30 Сайтты ақпаратпен толықтыру - 2
31-32 Дизайн макеті. Логотип - 2
33-34 Шығармашылық жұмысты қарау - 2
Оқушылардың дайындық қойылатын талаптар
Оқушылар нені білуі керек:
- ДК жұмыс істеу кезінде негізгі ережелер мен техника қауіпсіздік ережелерін;
- Интернет жүйесінің негізін;
- Web-сайт құру программаларының айырмашылығын;
- Оқыту, бақылау, ойын бағдарламаларының жасау негіздерін;
- HTML тілінің негізгі құрылымын;
- Web -редақторымен жұмыс істеу ерекшеліктерін;
- Web -беттердің құрылымы мен жобалауды.
Оқушылар нені үйрену керек:
- Интернет арқылы ақпаратты іздеуді және қарап шығуды;
- Web -беттер құруды, Web-беттің дизайын жасауды;
- Графикалық объектілерді орналастыруды;
- Кестелермен жұмыс жасауды;
- Маркерленген және нөмерленген тізімдерді құруды;
- Гиперсілтемелерді қолдануды;
- Сілтеме қартасын жасауды;
- Қолданбалы бағдарламалар көмегімен Web-құжаттар жасауды.
Алған білімдері мен біліктіліктерін көрсету негізінде оқу соңында оқушылар жоба түрінде қорытындылау жұмысын орындайды.
Практикалық жұмыстар жеке орындалады, шығармашылық жобаларды шағын топта орындауға болады.
Шығармашылық тапсырмалар, сонымен қатар курс бойынша меңгерген қорытынды жұмыстар семинарларда қорғалады. Оқушылар жоба орындауда компьютер арқылы қолданылған мүмкіндіктерін түсіндіреді. Ен үздік деп танылған жұмыстар мектеп көрмесінде көрсетіледі.
Курс аптасына 1 сағат, жыл бойы 34 сағатқа арналған.
Білімді қорытыңды бақылауы
Соңғы курс бойынша оқушылар еркін тақырыпта 6-10 беттік Web-құжат түрінде қорытыңды жұмысын орындап, қорғайды
Тақырыптық сайттар тізімі:
1. «Менің елім» сайты.
2. «Менің қалам» сайты.
3. «Менің мектебім» сайты.
4. «Мен және менін достарым» сайты.
5. «Қазақстан қалалары» сайты.
6. «Тарихи аймақтар» сайты.
7. «Тулғалардағы информатика тарихы» сайты.
8. «Ұлы математиктер» сайты
9. «Салауатты өмір салты» сайты.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Бұл бағдарлама 10-11 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама авторы информатика пәнін оқытудың төмендегідей нұсқасын ұсынады:
• Кіріспе. Негізгі түсініктер: ауқымды компьютерлік желі Интернет, браузерлер, HTTP-хаттамасы.
• Web–сайт құрылымы: сайт дизайны, сайтты басқару, сайтты Интернетке кірістіру.
• Объектілермен жұмыс. Құжатқа кестелерді қою. Кесте ұяшықтын біріктіру, бөлу, шекара және кестені бояу. Маркерленген және нөмерленген тізімдер. Дыбыстық сүйемелдеу және сандық бейне.
• Гиперсілтеме түсінігі. Сілтеме қартасы туралы түсінік. Фреймдер. Web-беттегі формалар.
• HTML-құжатты Microsoft Word, Microsoft FrontPage көмегімен жасау. Басты меню, негізгі құралдары. Көру терезесі және орналастыру.
Оқу материалдарының құрылымы мен мазмұны
• Телекоммуникациялық желілер. Интернет. Интернет желісінде ақпаратты іздеу. World Wide Web туралы негізгі ақпараттар. Іздену жүесі. Internet Explorer браузері. Internet Explorer жұмысының негізгі тәсілдері.
• Web –беттердің дизайны және сайттын түрлері. Web-дизайның технологиялық ерекшеліктері. Графикалық эффекттері. Беттерді құрудың профессионалдық тәсілдері. Интернеттін профессионалдық ресурстары. Web-сайтты жасаудағы ұсыныстар. Web-сайтты құрудың кезеңдері.
• Microsoft Word көмегімен Web-беттерді құру. Web-беттерді, құрудың тәсілі. Фоны. Гиперсілтімелерді құру. Web-формалар. Web-беттерде қолданылатың басқару элемент формалары.
• Microsoft FrontPage программасының көмегімен Web -құжаттарды құру. FrontPage қосымшалары. FrontPage-тің қызметтік мүмкіндіктері. FrontPage интерфейсі. Құрал-жабдықтармен жұмыс. Web-құжатпен жұмыс. HTML-құжаттармен жұмыс. Мәтіндерді даярлау және рәсімдеу. графикалық ақпараттармен жұмыс. FrontPage-ғы кестелер. HTML-құжаттың Web-құрылымы. Динамикалық эффектерді қосу. Формаларды жасау. Беттерді жасау. Көпбеттік публикациямен жұмыс.
• HyperTextMarkupLanguage (HTML) стандартқа енгізу. HTML–тілінін стандарты және шығ тарихы. HTML құжаттарының синтаксисы. HTMLкодының структурасы. Мәтіндердің рәсімдеу элементтері. Абзацтар, айырмалар, параграфтар, түзету, шрифтік рәсімдеу. HTML пішімдеудің қосымша мүмкіндіктері. HTML құжаттарында тізімдерді жасау. Реттелген және реттелмеген тізімдер. Көпдеңгейлі тізімдер. HTML құжатта кесте құру. Кестелер рәсімдеуді анықтайтың параметрлері. Кесте көмегімен экранда көрсетілген құжаттарды басқару. Фрейм түсінігі. Фреймдардың орналасуы. Фреймнін визуалдық ұсынуы. Құрастырылған фреймдар. Экранда фреймдардың орналасуы мен оның сыртқы түрін анықтайтың параметрлер. Форма. Форма элементтерін басқару типтері. Форма құрастыру. Форманы жіберу. Фреймдар арасындағы және ішіндегі гипермәтіндік ауысуы. Гипермәтіндік сілтемелер. Басқа құжатардың арнайы бөлімдеріне назар аудару. Ағымдағы құжаттардың бөлімдерімен қосу. Web-графикасы. Графикалық файлдардың пішімдеуі. Графикалық рәсімдеу. Графикалық жазбаларды жасау.
Web-сайтты тестілеу және жариялау.әр-түрлі көріністерді сайттарды көру. Интернет желісіндегі сайттарды жариялау технологиясы. Ізденіс жүйесіндегі сайттарды тіркеу.
Арнайы Web-сайт құру (шығармашылық жоба).
Web-сайтты өндеу және оның құрылымын дайындау. FrontPage редақторын қолданылуымен Web-сайтт құру. Интернетте Web-сайтты орналастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.