Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Windows  операциялық жүйесі  Жұмыс  істеудің  бастамасы -

Windows операциялық жүйесі Жұмыс істеудің бастамасы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1895 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы : Windows операциялық жүйесі Жұмыс істеудің бастамасы
Жансүгірова Айнұр Ақылесқызы, № 52 негізгі мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты :
Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелімен танысу. Пуск батырмасын жұмыста қолдануға үйрену.Windows ортасындағы әрекеттерді білу қабілетін, ой – өрістерін дамыту.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі :
-Оқушыларды түгендеу.
-Қауіпсіздік ережесін сұрау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру 1. Алғашқы есептеу құрылғысы?
2. Пернетақта дегеніміз не?
3. Бір байтта қанша бит бар?
4. Компьютердің атасы кім ?
5. Баспаға шығару құрылғысы?
Жаңа сабақ барысы: Windows операциялық жүйесі
 Операциялық жүйе кез кедген компьютердің ең қажетті құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға , оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады.
 Операциялық жүйе адам мен компьютер арасындағы өзара байланысты қамтамассыз етеді.
 WINDOWS операциялық жүйесіндегі жаңа нұсқасының атауындағы ХР әріптері eX Perience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол “ өмір тәжірибесі ”, “білім” дегенді білдіреді
 WINDOWS сөзінің өзі терезе деген мағынаны береді
Жұмыс істеудің бастамасы
 . Жүйелік блогының алдыңғы бөлігінде орналасқан Power деп аталатын қосу / өшіру батырмасын басып , оны іске қоса аламыз
 Операциялық жүйе жүктеледі де, экранда Windows XP жүйесі жүктелуін білдіретін қыстырма бет пайда болады. Экранда бір – бірін ауыстыратын бірнеше қыстырма беттер пайда болуы мүмкін. Жүктелу аяқталғаннан кейін Windows – тің жұмыс үстелінің бейнесі пайда болады. Экранда Добро пожаловать в Windows терезесі пайда болады, жұмыс жасау үшін оны экраннан алып тастау керек
1 сурет
Windows xp -графикалық операциялық жүйе, оның нагізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
Windows –тің объектілеріне қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.

2,1 – сурет 2,2 - сурет
WINDOWS – ТЫҢ БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
 Жұмыс үстелінің терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де болады. Оларға “Іске қосу” (пуск) батырмасы, бас меню, меню жолындағы меню мен командалар
 Команда деп осы команданаң белгішесіне тышқан нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.
 Командалар ұзын немесе қысқа болады
 Қысқа команда деп белгішенің суреті бар меню жолына шерткенде , бұл программаның қосу әрекетінің орындалуын айтамыз.
 Ұзын команда деп біз белгілі бір нәтежеге : программаны іске қосуға немесе құжатты ашуға әкелетін әрекеттер тізбегін орындауға нұсқау беруді айтамыз.
Мыс: Іске қосу Барлық программалар Ойындар Орамал
3- сурет

Windows –тен шығу, жұмысты аяқтау
4 - сурет
 Жұмысты дұрыс аяқтау білу керек, әйтпесе компьютерде сақталатын программалар да, жүйенің өзінде де қолайсыз жағдайлар болуы мүмкін.
 Пуск Выключить компьтер Выключение батырмасын басу керек. Процесс аяқталғаннан кейін компьютер автоматты түрде өшеді
 Егер Перезагрузка ( қайта жүктеу) батырмасын таңдасаңдар, компьютерді өшірмей іске қосады.
 Ждущий режим батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше режимі таңдалады. Барлық ақпарат компьютердің жадынан қатқыл дискіге жазылады, компьютер өшеді. Келесі компьютерді қосқанда жад күйі дискіден қалпына келтіріледі, жұмысты жалғастыра беруге болады
Бекіту сұрақтары:
1. Терезені жабу батырмасы? Жабу, закрыт, exit
2. Windows – дегеніміз не?
Операциялық жүйе, operation system, операционная система
3. Басқару құрылғысы? Тышқан, мышь, mouse
Үйге тапсырма: 3.1- тақырып, 2- тапсырма
Білім бағалау.
Ақтөбе қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.