Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Windowsxp операциялық жүйесі. -

Windowsxp операциялық жүйесі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1715 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Есет батыр атындағы облыстық әскери-полициялық мектеп-интернаты


Тақырыбы: «Windowsxpоперациялық жүйесі»

Дайындаған: информатика пәні мұғалімі Балғожиева А.Б.

Ақтөбе – 2012жыл

Класс:7 а Күні: 30.11.2012
Сабақтың тақырыбы: §12. Windowsxp операциялық жүйесі.
Сабақтың мақсаты: а) Windowsxp операциялық жүйесінде жұмыс істеуді бастау және аяқтау
жолдарымен, windows-тің обьектілері мен таныстыру, үйрету.
б) АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, дамыту.
в) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа, өз ойын
ашық баяндауға, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың типі: Практика элементтерін қолдана отырып, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздары
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап проблемалық ситуцияны шешу
Пәнаралық байланыс: Геометрия, халықтық педагогика
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру сәті
а)Оқушыларды түгендеу б) Сабаққа даярлығын тексеру в) Сабақ мақсатын айту
ІІ Үй тапсырмасын тексеру «Ғажайып жетілік»
1. Интерфейс дегеніміз не?
2. Қандай интерфейстерді білесіңдер?
3. Драйверлердің рөлі неде?
4. Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?
5. Операциялық жүйенің негізгі қызметтерін атаңдар?
6. Қолданбалы программалардың тағайындалуы? Олар қалай жіктеледі?
7. Программалау жүйесі не үшін қажет?

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
WINDOWS операциялық жүйесінің атауындағы XP әріптері “eXPerience” деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол “өмір тәжірибесі” , “білім” дегенді білдіреді.
Жұмыс істеудің бастамасы:

Жұмысты аяқтау үшін:


WindowsXP – графикалық графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді. WindowsXP-дің обьектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісі – тышқан. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жақ батырмасын көмекші батырма дейді.



IV Сабақты бекіту.
Электрондық оқулықпен жұмыс

1- тапсырма: Жұмыс үстелі және оның құрылымы;
2- тапсырма: Windows терезесінің құрылымы;
3- тапсырма:Терезелердің көлемін ені мен биіктігі бойынша өзгертулер жүргіз;
4- тапсырма: Тышқанның көмегімен терезені жылжыту керек;
5- тапсырма: Терезелерді бүгіп, үлкейту, жабу командаларымен жұмыс;

Кеспе қағаздарымен жұмыс:




ІV Сабақты қортындылау
«Домино» құрастыру.

VІ Үйге тапсырма: §12. Windowsxp операциялық жүйесі.
VІІ Бағалау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.