Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Word мәтіндік процессоры -

Word мәтіндік процессоры

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1464 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сыныбы:7 «Ә» Уақыты: 15.01.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік процессоры
Сабақтың мақсаты: Жалпы мәтіндік процессор және оның мүмкіндіктер туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, теориялық білімдерін практикада көрсете білуге икемдеу Күтілетін нәтиже:
Мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады, мүмкіндіктерін ұғынады, іс жүзінде қолдана алады;
Оқушылар топта жұмыс жасайды, өз ойын жеткізе алады, бір-бірін бағалай алады
Сабақтың бөлімдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті уақыт Бағалау
Қызығушылықты ояту Оқушыларды ұйымдастырады;
топқа бөледі;
оқушыларға ой тастайды.

Сұрақ қояды:
Мәтіннің біздің сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін?
Берілген қиындыларды құрастыру арқылы топқа бөлінеді;
Интерактивті тақтада қазақ тілі пәніне байланысты анықтама беріледі:
«Мағынасы бойынша бір-бірімен байланысқан сөйлемдер тізбегі дегеніміз не?» (мәтін)
Сұраққа жауап беру рқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады 5 мин Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды
Білу, түсіну Оқушыларға ой тастайды, тыңдайды, марапаттайды.

Тақырып бойынша «мәтіндік процессор» сөзіне ассоциация жасайды, бірінші жеке, жұпта, топта талқылайды, жазады.
Презентациялайды, тақтаға іледі. 5 мин Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды
Қолдану Тапсырма береді
Оқушылар интерактивті тақтада берілген мәтінді компьютерге тереді, сақтайды.

10 мин Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды
Талдау Тапсырма береді Мәтіндік процессордың құрал-саймандар панеліндегі батырмалар туралы жазады, талдайды, ортақ шешімге келеді, қорғайды
10 мин Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды
Сергіту сәті (оқушылар орындарынан тұрып, интерактивті кақтадан көрсетілген бейнефильмдегі балалардың биін қайталайды)
Жинақтау Тапсырма береді Алдыңғы сақталған мәтінді ашып, тақтада көрсетілгендей етіп пішімдейді. Кездескен жаңа ұғымдарды бірінші ассоциацияда толықтырып отырады. 10 мин Біреуі үйде, екеуі қонақта тәсілі.
Рефлексия Оқушыларды тыңдайды, маратаппайды
Өз жұмыстары туралы қорытынды жасайды, бастапқы презентациясы мен соңғы презентацияға анализ жасайды;
Көңіл-күй экранына стикерлерін жабыстырады. 5 мин Топтағы оқушылар қорытынды бағаларын ұсынады
Қолданылған деректер Интернет ресурстар, оқулық, әдебиеттер Құрал-жабдықтар Көңіл-күй экраны, бағалау парағы, стикерлер, маркерлер, плакаттар
Қосымша тапсырма Word редакторының 2003,2007,2010 жылғы версияларының артықшылықтары мен кемшіліктері бойынша іздену, презентация дайындау


Мектепішілік Кембрижд әдісімен оқытатын педагогтардың ашық есік күні

Сабақ тақырыбы: Word мәтіндік процессоры
7 «Ә» сынып

Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Истегулова Анар Ғасырқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.