.
.
Пән Информатика сынып 5 Күні 10.01.14 ж. Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2279 | Размер: | Автор: Нартай4540сабақ №: 18
Тақырып: Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі
Мақсат:
Білімділік – Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу, өз ойларын жеткізе алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, Paint графикалық бағдарламасы, Word Pad мәтіндік редакторы.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
10 мин. (Сұрақ – жауап, компьютермен жұмыс)
Сұрақ:
1. Paint гафикалық редактор программасын іске қосу үшін қандай әрекеттер орындау керек.
2. Тақырып жолы деп нені атаймыз ?
3. Аспаптар құралы деп нені атаймыз?.
4. Сурет салу алаңы дегеніміз не ?
5. Түрлі – түсті тақтасы дегеніміз не ? Компьютермен жұмыс.
Тапсырма : Құралдар тақтасын пайдалана отырып әдемі үйдің суретін салып безендіру . Үйдің жаңына гүлдің суретін салып оны көшіріп көбейту.
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 мин Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
• мәтіндік құжаттарды құруға;
• оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
• мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
• құжаттарды басып шығарға.
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен (пробелы) ажыратылып жазылған символдар тізбегі.
! Түйін
• Компьютерде мәтіндік
ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығына: сақтау ықшамдылығын, мәтінді басқа тасығыштарға жылдам көшіру, компьютерлік желілер арқылы жеткізу мүмкіндіктерін жатқызуға болады.
• Мәтіндік курсор мынадай
символдардың орнын көрсетеді.
• Мәтіндік құжаттармен
жұмыс жасауға арналған арнайы программалар – мәтіндік редакторлар (немесе мәтіндік процессорлар).
• Мәтіннін негізгі
элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
• Мәтіндік құжат бос
болмайды. Онда міндеттә түрде бір абза бар және абзацтың қасиеттері сақталады.
ІV. Практикалық жұмыс.
10 мин Компьютердегі тәжірибелік
жұмыс оқулықта 157 бет.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1-тәжірибе
Уақытты белгілеп, дәптерге «Мен мәтіндік редакторды аша аламын» деп жазыңдар. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосыңдар және сол мәтінді теріңдер. Жазу және басып шығару уақытын санаңдар. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы тұжырым жасап, оларды дәптерге тіркеңдер.
2-тәжірибе.
1. «Мәтіндік редактор» сөздерін жартылай жуан әріппен ерекшелеңдер.
2. Құжатты өз бумаларына 2-тәжірибе_RTF деген атаумен, файлдың типін RTF етіп, сақтаңдар.
3. Word Pad батырмасы → Қалай сақтау бұйрығын орындаңдар, файлдың атын 2-тәжірибе_TXT деп, ал файлдың типін «Мәтіндік құжат» деп көрсетіңдер.
4. Жақындағы құжаттар тізімінен 2-тәжірибе_RTF файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударыңдар. Жаңадан 2-тәжірибе_ TXT файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударындар.
5. Редакторды жабыңдар.
6. Файлдардың мөлшерін анықтаңдар.
7. Дәптерге құжатты әртүрлі пішімдегі файлдарда сақтау туралы өз тұжырымдарыңды жазыңдар.
V. Сергіту сәті.
2 мин. Жаттығуды орындарында отырып орындау. Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt
Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
VІ. Бекіту. 7 мин ? Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
(әрбір фигураның артында сұрақтар жасырылған, оқушылар фигураларға басып, артында жасырылған сұрақтарға ауызша жауап береді)
1. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
2. Мәтіндік редактор деген не?
3. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
4. Мәтіндегі абзацтар бір – бірінен қандай символмен ажыратылады?
5. Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
6. Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
7. Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау керек?
VІI. Бағалау. 2 мин. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VІII.Үй жұмысы. 2 мин. V тарау. §19 оқу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Пән Информатика сынып 5 Күні 07.02.14 ж.
сабақ №: 21
Тақырып: Мәтін бөліктерін ерекшелеу
Мақсат:
Білімділік – Мәтін бөліктерін ерекшелеу тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көре отыра есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, Word Pad мәтіндік редакторы.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
5 мин. Сұрақ-жауап:
1. Мәтіндік редактор деген не?
2. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
3. Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
4. Мәтіндегі абзацтар бір-бірінен қандай символмен ажыратылады?
5. Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 мин Мәтін теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.
Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері
1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда абзац ерекшеленеді.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшеленеді.
Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
ІV. Практикалық жұмыс.
10 мин Компьютердегі тәжірибелік
жұмыс оқулықта 166-167 бет.
Егер тапсырмада көрсетілген файл
сендерге берілмесе, онда мәтінді өз
беттеріңмен теріңдер.
А деңгейі
1. Мәтінді теріңдер:
Сәтемір хан
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисия барып, тамның төбесіне шағып кетіпті.
Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентай осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты.Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсызтық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.
2. Құжатты өз бумаларыңда
Сәтемір хан деген атпен
сақтаңдар.
3. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру
бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі
«Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
4. «;» белгісін «.» белгісіне
ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.
5. Өз бумаларыңның Сәтемір хан
файлындағы өзгерсітерді сақтаңдар.
В деңгейі
1. Мақалдар файлын
ашыңдар:
Өзін ғана ойланған – жамандықтыңң белгісі,
Өзгені де өйлаған –
Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таныйды.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра
Оқусыз білім жок, ьь
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу – білім бұлақы
Білім – өмір шырағы.
2. Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.
3. Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер.
Enter, BackSpase және Delete пернелерін қолданыңдар:
• егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші мақалдың соңына қойып, Enter пернесін басыңдар;
• егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына қойып, BackSpase пернесін басуға да болады).
4. Файлды өз бумаларыңда Мақалдар_1 деген атпен сақтаңдар.
С деңгейі
1. Сөздер файлын ашыңдар:
Тапсырма Дабыл Бума
Үйдің төбесі Мектеп Бөлме
Қоңырау Программа
2. Delete, BackSpase пернелерін қолданып және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.
3. Құжатты өз бумаларыңда Сөздер_1 деп сақтаңдар.
V. Сергіту сәті.
2 мин. Жаттығуды орындарында отырып орындау. Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt
Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
VІ. Бекіту. 7 мин Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Мәтін теру ережелерін атаңдар.
2. Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз?
3. Мәтінді енгізгенде жіберілген қателерді түсіндіріңдер:
Планета тұрғындары арасында ондаған тілде сөйлейтін адамдар көп-ақ. Мәселен, К.Меццофанти (1774-1849 жж.) 26 тілде, ал профессор Раск (1787-1832 жж.), Д.Баурин (1792-1872 жж.), доктор Гарольд Уильямс (1876-7928 жж.) 28 тілде сөйлеген. Поуэлл Александр Янулас (1939 жылы туған) Канададағы Британ Колумбия провинциалды сотында 41 тіл бойынша қызмет істепті. Ал Ұлыбританияның ең ірі лингвисі саналатын Джордж Кэмбпелл (1912 жылы туған) 54 тілді меңгерген. Ол Би – би – си –де жұмыс істепті.
4. Мәтіндегі қолданылатын қандай амалдар түзетуге жатады?
5. Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.
6. «Мәтінді ерекшелеу тәсілдері» кестесін толтыруды аяқтаңдар (5-кесте):
Мәтіннің элементі Пернелер тіркемесі «Тышқанды» пайдаланып
Символ Shift+бағыт солға (оңға)
Сөз Ctrl+Shift+ бағыт солға (оңға) Екі рет шерту
Жол Shift+Home – жолдың басына дейін ... – жолдың соңғына дейін Ерекшелеу ернеуін шерту
Сөйлем Ctrl-ды басып тұрып, сөйлемді шерту
Абзац Екі рет шерту ... абзацтың мәтінін үш рет шерту
Мәтін Ctrl+A Ерекшелеу ернеуін үш рет шерту
7. Сәйкестендіріңдер.
Ctrl+Home Таңдалған бұйрықтың бас тарту
Page Up Бас әріптерді теру режиміне өту
Delete Курсорды құжаттың басына апару
Caps Lock Курсордың сол жағындағы сөзді жою
Esc Курсорды бір бетке жоғары апару
Insert Абзацты енгізуді аяқтау
Enter Курсордың оң жағындағы сөзді жою
Ctrl+BackSpace Мәтінді енгізгенде ауыстыру
режиміне көшу
8. Мәтінді алмастырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?
9. Ерекшеленген фрагментті алмасу буферін қолданбай қалай көшіреміз?
10. Алмасу буферіндегі бір мезгілде мәтін фрагменттерінің нешеуін сақтауға болды?
VІI. Бағалау. 2 мин. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VІII.Үй жұмысы. 2 мин. V тарау. §21 оқу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Пән Информатика сынып 5 Күні 28.02.14 ж.
сабақ №: 24
Тақырып: Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу
Мақсат: Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін тексері, бекіту. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік – Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту, жүйелеу.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – достық қарым-қатынасқа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: бекіту
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, таратпа карточкалар, интерактивті тақта, MyTest бағдарламасы.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
10 мин. Тест
(Компьютерлеріне отырып, MyTest бағдарламасында тест орындайды )
1. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?
А) Бас тіркеме беті
Ә) Кірістіру
Б) Бетті белгілеу
В) Шимайлық
2. батырмасы мәтінді ...етеді.
А) Курсив
Ә) Асты сызылған
Б) Жуан
В) Жуан курсив
3. батырмасы мәтінді ... етеді.
А) Курсив
Ә) Асты сызылған
Б) Жуан
В) Жуан курсив
4. Кегль деген не?
А) Әріптің түрі
Ә) Әріптің мөлшері *
Б) Әріптің түсі
В) Әріптің мәнері
5. Гарнитура деген не?
А) Әріптің түрі *
Ә) Әріптің мөлшері
Б) Әріптің түсі
В) Әріптің мәнері
6. Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы?
А) Сол жақ шеті бойынша
Ә) Абзац бойынша
Б) Оң жақ шеті бойынша
В) Ортасы бойынша
7. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
А) Шегіністерді орнатуға
Ә) Түзеуді баптауға
Б) Жоларалық интервалды анықтауға
В) Маркерленген тізімді баптауға
8. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:
А) Оң жақтағы төменгі маркер
Ә) Сол жақтағы жоғарғы маркер
Б) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер
В) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер
9. батырмасының қызметі:
А) Абзацтың шегіністерін баптайды
Ә) Ол табуляция
Б) Маркерленген тізім құрады
В) Абзацтағы түзеуді анықтайды
10. батырмасы қандай қызмет атқарады?
А) Оң жағынан мәтіндерді форматтау*.
Ә) Бағандарға мәтіндерді бөледі.
Б) Сол жағынан мәтіндерді форматтау
В) Ені бойынша мәтіндерді форматтау.
ІII. Сергіту сәті.
Жаттығуды орындарында отырып орындау. (презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар
Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
IV.
Практикалық жұмыс.
17 мин Оқулықпен жұмыс 179-184 б.б. 1-тапсырма.
1. Өлеңді теріңдер.
2. Өленнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер.
3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.
Өлең керек
Сая болып жаңына емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Арғы атасы ақынның жырдан туған,
Жыр жолында жанын да қылған құрбан.
Жырлар тұнған хандардың сарайында,
Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.
(М.Мақатаев)
2-тапсырма.
1. Мәтінді теріңдер.
2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.
3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.
4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.
Автобуста
Арман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырады.
Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады:
- Мархабат, отырыңыз.
Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.
Аянға ұсынып:
- Ала ғой, алтыным! – деді.
- Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды Аян.
3-тапсырма.
1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.
2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.
3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік берді.
Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады.
Ақпарат тасығыштар:
• Қатты диск;
• Дискета;
• Лазерлік диск;
• Флэш-карта.
4-тапсырма.
1. Екі өлең мәтінін теріңдер.
2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.
3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.
Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке
Күз болған соң кетті күй.
Көгалды қуып гөлайттап
Жапырақ кетті, жаз кетті
Жаздыгүні жапырақтың
Ыршып жүріп ән салған.
Қызықпен жүріп жазды алған.
Бірінде тамақ, бірінде үй,
(И.А.Крыловтан)
5-тапсырма
Мына сөздерді септеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.
Мысалы:
Атау септік компьютер
Ілік септік компьютердің
Барыс септік компьютерге
Табыс септік компьютерді
Жатыс септік компьютерде
Шығыс септік компьютерден
Көмектес септік компьютермен
6-тапсырма
«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:
• компас;
• компьютер
7-тапсырма
1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.
2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар. Ол сенің, ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.
8-тапсырма
1. Мына сөздерді теріңдер: шам, Алладин, сиқырлы.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, сөздерді араб ертегісінің аты шығатындай етіп жылжытыңдар.
3. Атауды жуан әріппен ерекшелендер.
4. Ертегінің фрагментін төмендегі тапсырмада көрсетілгендей етіп теріңдер. Мәтінді жұмыс істеген кезде «Алладин» сөзін кездескен сайын қайтадан термеу үшін көшіріп алыңдар.
5. Мәтінді сақтаңдар.
Араб ертегісі
Бір кездері парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті.
Оның әйелі мен Алладин деген ұлы болыпты. Алладин он жасқа толғанда, әкесі оны бір қолөнер кәсібіне үйреткісі келіпті. Бірақ оның оқыту үшін төлейтін ақшасы болмапты, сондықтан, ол өзі Алладинге көйлек тігуді үйрете бастапты.
Алладин өте жалқау болыпты. Оның ештеңе үйренуге құлқы болмапты және әкесі тапсырыс берушіге кеткен сайын, Алладин өзі сияқты тентек балалармен ойнау үшін көшеге қашып шығады екен. Олар ертеден кешке дейін қала аралап жүгіріп жүреді және торғайларды атады немесе бөгде адамдардың бақшасы мен жүзім бақтарына түсуді әдет қылыпты.
Ұлының тентектігіне әкесінің ренжігені сондай, мұңайғаннан ауырып, қайтыс болады. Сонда тігіншінің әйелі өзі мен іссіз баласы аштан өлмес үшін одан қалған дүние-мүлкінің бәрін сатып, мақта иіріп, жібін сата бастайды.
Ал Алладин анасына көмектесуді ойламайды және үйіне тек ас ішіп, ұйықтау үшін келетін болыпты...
9-тапсырма
1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер.
2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбақтарды тапсырмада көрсетілгендей етіп орналастырыңдар.
3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын.
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. ...
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. ...
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп,
Қайсы құсты атаймыз? ....
V. Бекіту. 10 мин Оқушылар парақтар алып, сол парақтарын баян ретінде жинайды, параққа өткен тақырыптар бойынша сұрақтар, тапсырмалар жазады. Содан кейін жолдастарымен парақтарын алмастырады. Бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
Тапсырманы орындаған соң қайта парақтарымен алмасады да, бір-бірлерін тексеріп, бағалайды.
VI. Бағалау. 2 мин. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VII.Үй жұмысы. 2 мин. §24 оқу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.