.
.
№3 мектеп – интернат Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 302 | Просмотров: 2041 | Размер: 16.4 Kb | Автор: ТәрбиеКҮНІ: 17.03.2012 жыл
ПӘНІ: информатика
СЫНЫБЫ: 8
Пән мұғалімі: Пернебекова Гульнара Абилдахановна
2011-2012 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету.
Оларға мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету
Дамытушылық:
Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:
Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдітері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,слайд, электронды оқулық-8, SIN бағдарламасы, анимация, оқулық, электронды және деңгейлік тапсырмалар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ (2 МИН)
А) Ұжымдық әрекет
Ә) Санитарлық – гигиеналық әрекет
Б) Қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті
В) “Үйреншікті әдет”- жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру жұмысы
ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ (8 МИН)
Үйге берілген тапсырманы деңгейлеп, жан-жақты тексеру.
1-деңгей тапсырмасы сұрақ түрінде беріледі, ал 2-деңгей тапсырмасы компьютерде орындалатын практикалық жұмыс ретінде беріледі.
Оқушылар 2 деңгейлік тапсырманы компьютерде орындап, көрсету қажет.
1-деңгейлік тапсырмаға 1 бағадан, ал 2-деңгейлік тапсырмаға 2 бағадан қойылады.
1. -белгішесі қандай қызмет атқарады?
2. Ұяшық деген не?
3. Кестені даярлау үшін...
4. Мәтінді көшірмелеу?
5. Таb пернесінің қызметі?
6. Мәтінді қиып алу?
7. Кесте деген не?
8. -белгішесі қандай қызмет атқарады?
9. Мәтіннің орнын ауыстыру?
10. Тіктөртбұрышты кесте?
11. Ұяшықтарды біріктіру үшін..
12. Кестені жою?
13. Мәтінге кесте кірістіру?
14. Кестеге шекара қою?
15. Сызықтық кесте?
16. -белгішесі қандай қызмет атқарады?
17. Ұяшықтар?
18. Кестедегі жолдарды жою?
ІІІ. ЖАҢА ТАҚЫРЫПҚА КІРІСПЕ (3 МИН)
1. Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – ТЫҢ
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – ГРАФИКА
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – ЛЫҚ
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – МҮМКІНДІКТЕР
Осы сөздерден «Word-тың графикалық мүмкіндіктері» деген сөйлем бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
IV. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ (11 МИН)
Word-тың графикалық мүмкіндіктері:
І. Графикалық редактордан кірістіру. Оқушыларға өз сөзіммен түсіндіремін.
ІІ. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау. SIN бағдарламасында анимация түрінде түсіндіру. “Суретті кірістірі”
ІІІ. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру. 8-сыныпқа арналған ЭО-пен түсіндіру.
ІV. Фигуралық мәтін кірістіру. SIN бағдарламасында анимация түрінде түсіндіру. “WordArt нысанын кірістіру” (дәптерге түсіру)
І. Графикалық редактордан кірістіру.
1. Графикалық редакторында сурет салу
2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.
ІІ. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау.
1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасынан қажетті фигураны таңдау.
2. Суретті ерекшелеп алып, сызықтың түсін, типін өз қалауыңша ауыстырасың.
3. Суретті белгілеп алып, құю командасын орындай отырып бояйсың.
4. Салынған сурет еркін бағытта жылжу үшін оны белгілеп алып, аспаптар панелінен Обтекание қосымшасынан вокруг рамки және т.б.таңдап, ОК шерту.
ІІІ. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру.
1. Сурет қойылатын жерге курсорды орналастыру
қажет
2. Қою – Сурет – Картина (Вставка-Рисунок-Картина) командасын таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне
байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады.
4. Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК
батырмасын шерту керек.
5. Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.
ІV. Фигуралық мәтін кірістіру.
1. Курсорды мәтіннің басына орнатыңдар.
2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орындаңдар.
3. Коллекция WordArt диалогтық терезесінде ұнаған қаріп стилін таңдап, ОК шерту.
4. Изменение текста WordArt диалогтық терезесі
пайда болады ондағы “Текст надписи” өрісіне
өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіп, ОК шерту.
5. Тышқанмен фигуралық жазбаны орнатыңдар.
V. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ. БАҒАЛАУ (19 МИН)
КІМ БІЛІМПАЗ? (І деңгей)
1. 8 -сыныпқа арналған ЭО-ғы “Графикалық мүмкіндіктер” тақырыбындағы 1-2 тапсырмаларды орындау.
2. Оқулықтағы 90-91 беттердегі сұрақтарға жауап беру.
КІМ ТАПҚЫР? (ІІ деңгей)
1. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
2. Фигуралық мәтін кірістіру.
КІМ ЖЫЛДАМ? (ІІІ деңгей)
1. Графикалық редактордан сурет кірістіру.
2. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау.
VІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА (2 МИН)
1. §7.8. Суреттермен жұмыс істеу. Оқулықтан 90-91 беттер. Теория бойынша сұраймын.
2. Үйде өзіміз А4 парағына қалаған суретімізді салып келіп, компьютерге түсіреміз. Практикалық түрде орындау.
3. Өте әдемі шыққан суретті баспа бетіне жібереміз.
№3 мектеп-интернатының 8-сынып оқушыларына арналған бағалау парағы.
17.03.2012 жыл
№ Оқушының аты-жөні Үйреншікті әдет Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпқа кіріспе Кім білімпаз? Кім тапқыр? Кім жылдам? Қорытынды баға
1 Адым Әуез
2 Алғашбек Мейіржан
3 Амангелдиева Салтанат
4 Аралбайқызы Гүлсезім
5 Асанова Алина
6 Әйтілеу Перизат
7 Әли Гүлнұр
8 Ерғазы Шәкәрім
9 Жүніс Балнұр
10 Қозтай Ықылас
11 Махамбет Дана
12 Мәулен Әйгерім
13 Нұрымбет Арман
14 Рспайұлы Ермұрат
15 Серікбай Сейітмахан
16 Төлеген Қаракөз
17 Тұрлыбек Бақытгүл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.