.
.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Жиенқұлова Дариға. WordPad мәтіндік редакторы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 264 | Просмотров: 1723 | Размер: 50.0 Kb | Автор: ТәрбиеИнформатика пәні бойынша 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Сілтеме: 7-сыныпқа арналған оқулық (Н. Ермеков, Н. Стифутина), слайд, тапсырма жазылған қосымшалар, бағалау бетшелері, мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей)
Жалпы мақсат: WordPad мәтіндік редакторымен танысу, WordPad мәтіндік редакторы топтық жұмыста сыни ойлау, талдау және бағалау дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижелері: Топтағы өзара оқытуды ұйымдастыру арқылы диалогтік әдісті ендіру,сыни тұрғыдан ойлауға өз пікірлерін айтуды үйренеді, ойлау қабілеттерін және топтық жұмыс дағдылары қалыптасады.
Түйінді идеялар: WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс жасауға үйрету
Тапсырма көздері: Ұйымдастыру (топқа бөлу)
1-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу
3-тапсырма. WordPad мәтіндік редакторында 1 мамыр,7 мамыр,9 мамыр мерекелеріне байланысты тапсырмалар:
1. Өлең шумағын құрастыру.
2. Шығарма жазу
3. Суретін салу
2-тапсырма. Жаңа тақырып бойынша М.Бегенов атындағы орта мектебінен келген хаттағы тапсырмаларды орындату. (постер қорғау) 4-тапсырма. Білемін, Білгім келеді.Үйрендім. Стратегиясы бойынша өз ойларын айту.
Міндеттері: WordPad мәтіндік редакторы бағдарламасында жұмыс жасай алады, практикалық жұмыс жүргізеді; оқушыларға өз жұмыстарын қорғау, дәлелдеу, салыстыру, қорытындылау арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту; оқушылар пікірлесіп және сұраққа бірлесіп жауап беру арқылы топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Кейінгі тапсырма: Үй тапсырмасына «Киелі мекенім-Маңғыстау» тақырыбына шығарма жазу
Бағалау: Критерийлер бойынша кері байланыс парағымен оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Мұғалімнің жазбасы Тренер жазбасы
Бүгін зерттеу сабағымның алғашқы қадамын жасадым. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығының оянғанын байқадым. Сабақ кезеңдеріңде жоспарлаған әдіс-тәсілдерімнің барлығын жүзеге асыра алмадым. Орын алған кемшіліктер де кездесті. Кемшіліктердің болғаны да дұрыс. Себебі мен үшін де, оқушылар үшін де жаңа тәсілдегі алғашқы сабақ. Сабақ барысындағы кемшіліктерге тоқталар болсам, біріншіден, уақыттың тапшылығын байқадым. Екіншіден, таныстырылым дайындау кезеңінде оқушылардың қорғау сәті қиындық туғызды. Мұны мен қалыпты жағдай деп түсіндім. Алдағы уақытта жаңа бағдарламамен санасып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгереді деп сенемін. Үшіншіден, АКТ-ды пайдалану барысында ескі компьютердің мүдіріп қалуы қиындық туғызды. Сәтті шыққан тұстарды айтар болсам, cабақ үстіндегі түсірілімдерге (видео, сурет) мән бермей, өздерін еркін ұстап, белсенділік танытқандары мені қуантты.
Сабақ өткен материалдарды пысықтау сұрақтарынан басталды. Мұнда «Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану» модулі интерактивті тақтадан слайдтарды бейнелеу арқылы жүзеге асты. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға сөзжұмбақ шештірдім.Сөзжұмбақты шешу арқылы балалар жаға сабақтың тақырыбын ашты.
Сөзжұмбақ жазу керек.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында оқушылар үлестіріліп берілген қосымшаға сүйене отырып дайындалады. 2-тапсырма. Жаңа тақырып бойынша М.Бегенов атындағы орта мектебінен келген хаттағы тапсырмаларды орындату. Мұнда оқушылар пікірлесіп және сұраққа бірлесіп жауап беру арқылы топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Талқылау уақыты аяқталған соң әр топ дайын болған жұмысын ортаға шығып қорғайды.
,
Өз жұмыстарын қорғап болған соң бағалау критерилері жазылған бағалау бетшесі таратылды. Осы критерилерге сүйене отырып топтар бірін-бірі бағалайды. Бұл әдістің тиімділігі барлық оқушылардың жаңа сабаққа қамтылуы деп ойлаймын.
(Бірін-бірі бағалау кезінен)
3-тапсырма. WordPad мәтіндік редакторында 1-мамыр,7-мамыр, 9-мамыр мерекелеріне байланысты тапсырмалар:
1. Өлең шумағын құрастыру.
2. Шығарма жазу
3. Суретін салу
Оқушылар біршама дағдыланғаны байқалды.Тапсырманы жақсы орындап,тапсырманы орындау барысында өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабақты бекіту кезеңінде 4-тапсырма берілді. Білемін,Білгім келеді.Үйрендім. Стратегиясы бойынша өз ойларын айту.Бұл тапсырма бойынша оқушылар постер арқылы өз ойларын топтарында ақылдасы отырып,ойларын топтан бір оқушы шығып ортада қорғады.
Сабақ барысында орындалған тапсырмаларды сыни тұрғыдан талдай келе, оқушылар өздерін «жақсы» деп бағалады. «Қанағаттанарлық» деп бағаламаған себептерін сұрағанымда өкпе-реніш болады деп ойладық деп жауап берді. Дегенмен де шынайылылық болмаса, алға ұмтылу болмайды. Сондықтан бір-бірімізді шынайы түрде бағалайық деп түсінік бердім. Алғашқы сабақ болғандықтан әрі сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру үшін оқушылардың «жақсы» деп бағалауларын өзгеріссіз қалдыруды жөн көрдім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.