.
.
Сабақтың тақырыбы. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1145 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік. Құжаттың құрылымы , стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен
жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту
Сабақтың түрі. Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы.
1.Оқушылардың ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер.
Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.
Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.
Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?
• WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
• WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.