.
.
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторында құжат құру. WordPad мәтіндік редакторында құжат құру.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1553 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік. Құжаттың құрылымы , стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен
жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту
Сабақтың түрі. Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы.
1.Оқушылардың ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер.
WORDPAD – та құжат құру
WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:
Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай
аламыз.
Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
Қаріпті,Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.
2.Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі;
Enter-жаңа жолға көшу
Shift- бас әріптерді теру
Caps lock-бас әріптер режиміне көшу
Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру
Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3.Мәтінді пішіндеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті:Ж-жартылай қалың,К-курсив,Ч-асты сызылған,Кәдімгі пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч,батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі,
Мәтінді тегістеу үшін пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы сол жақ шеті,оң жақ шеті,ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады.Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
4. Құжаттарды сақтау және ашу:
WORD PAD- мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл –сохранить как командасын орындаймыз.Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?
• WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
• WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
• WORDPAD мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз.
• Мтәнді тегістеудің қандай түрлері бар?
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторында құжат құру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.