.
.
Сыныбы: 5 WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1860 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.
2. Дамытушылық.Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
3. Тәрбиелік. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, слайд, интерактивті тақта,Word Pad бағдарламасы, кеспе қағаздар, үлестірмелі материалдар, paint бағдарламасында дайындалған оқушылардың жұмысы, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы» ой қозғау, ой толғау, ой қорыту. Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, деңгейтік тапсырмалар, венн диаграммасы, ойын элементтері.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, бейнелеу, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Практикалық жұмыс
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІІ. Үй тапсырмасы
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
4. Қауіпсіздік ережесі дәптерін толтырту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Ой қозғау. Нені білеміз? «Өткенсіз –өрге жүзпеспіз.»
1. Графикалық редактор деген не?
2. Paint қандай редактор?
3. Пиксель деген не?\
4. Графикалық редакторда қандай сурет салу құралдары бар?
5. Салынған суретті қалай сақтаймыз?
6. Сақталынған суретті ашу.
7. Ерекшелеу құралы және оны қалай қолданамыз?
Информатикалық диктант
Paint редакторында ........ құрал бар. Суретке мәтін енгізу үшін .......... құралын қолданамыз. Суреттің ізі бар көшірмесін алу үшін ......... пернесін басамыз. Суреттің жеке көшірмесін алу үшін .......... пернесін қолданамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой толғау. Нені білгіміз келеді?
Жаңа түсініктер. «Білгенге маржан»
Компьютер көмегімен мәтіндер мен құжаттарды және басқа да материалдарды шығарып алу үшін мәтіндік редакторлар пайдаланылады., оның ішінде кең пайдаланып жүрген редактордың бірі- WordPad.
WordPad редакторы :
• мәтіндік құжаттарды құруға;
• оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
• мәтінді пішімдеуге- әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
• құжаттарды басып шығаруға арналған.
WordPad редакторын іске қосу.
WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау керек:
Іске қосу Бағдарламалар Стандартты WordPad
Редактор терезесі мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, мәзір жолы, құрал- жабдықтар тақтасы, пішімдеу тақтасы, терезенің жұмыс аймағы, қалып- күй қатары.
WordPad – та құжат құру.
WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:
1. Әріп және оның өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу, оны түзету.
3. Мәтінді пішімдеу.
4. Құжатты сақтау және ашу.
5. Баспаға беру.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
1. Редакторды іске қосыңдар.
2. Оқулықтағы 1- тәжірибені орындау.
3. Сақтау.
2. Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қой. Сол сөздерді орысша, ағылшынша аудармаларны тауып, компьютерде тер.
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз ..... жоқ. (күн,день, day)
2. ....- асқар тауың, ....- шалқар көлің.(әке, отец,father, ана, мать, mother )
3. Гүл- жер көркі, ...... ел көркі. (қыз, девочка, qirl)
4. Дұшпан күлдіріп айтады, ...... жылатып айтады. (дос- друг- friend )
5. Балалы..... – базар. (үй- дом- house)
ІV. Ой қорыту. Нені білдік?
1. WordPad редакторының негізгі қызметі қандай?
2. Редакторды қалай іске қосады?
3. Терезе қандай элементтерден тұрады?
4. WordPad – та құжат дайындау неше сатыдан тұрады?
V.Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы.
Paint графиктік және WordPad мәтіндік редакторын салыстыра отырып ортақ белгілерін табу.
VI. Үйге тапсырма беру. 19- тақырыпты оқу, түйін жазу. «Менің досым» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.