Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
WordPad қолданбасымен танысу. -

WordPad қолданбасымен танысу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 244 | Просмотров: 1846 | Размер: 488.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: WordPad қолданбасымен танысу.
Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым WordPad мәтіндік
процессорымен танысу. Құжаттың құралымы,стилі, баспа бетінің
геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі
меню, пішімдеу құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік
алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу).
Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.
2. Оқушылардың мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын, берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.
Зертханалық жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғалім:
Психологиялық дайындық:
Әрбір атқан таңымызға,
Әрбір бақытты күнімізге
Әрбір сәтті ісімізге
Ата-анамен бірге күлуімізге
Тәуелсіз елде өмір сүруімізге
Тәубә деп, қуанышты болайық-дей отыра, бүгінгі сабағымызды бастайық.
5 сәуір
Сынып жұмысы
WordPad қолданбасымен танысу.

II. Жаңа сабақты түсіндіру

WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс
Мәтіндік процесссор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдармалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WORDPAD мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады
WORDPAD қолданбасының арналуы:
1.Мәтінді теру.
2.Мәтін түзету.
3.Мәтінді пішімдеу.
-Қаріптің гарнитурасын таңдау.
-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.
-Қаріптің әлпетін басқару
-Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)
-Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)
-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру
ДК-дің мәтін мен құжатты жасау мүмкіндіктерін ұғыну үшін, төмендегілермен танысу керек:
1. Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.
2. Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
3. Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т.с.).
4. Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.
5. Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
ТЕРЕЗЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ
WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы терезенің құрылымы.
1. Қолданбаның пиктограммасы, файлдың аты, қолданбаның аты мен терезенің оң жақ бұрышындағы оның өлшемін басқаратын үш батырма бар тақырыптық жол.
2. Меню жолы.
3. Құрал-саймандар тақтасы.
4. Пішімдеу тақтасы.
5. Пішімдеу сызғышы. Негізгі мәтінді теру өрісінің басы мен аяғын, бас жолды, маркерлерді орнату үшін қолданылады.
6. Жұмыс өрісі. Терезенің негізгі бөлігі мәтінді теру үшін пайдаланылады.
7. Қалып-күй жолы.
8. Тақталар, сызғыш және қалып-күй жолы пайдаланушының қалауы бойынша экранда болуы немесе алынып тасталуы мүмкін ( меню жолындағы «Түр» пункті).
Баспа бетінің геометриясы. Қағаздың 5 пішімі бар:
А1 (594*841мм), А2, А3, А4, А5 (әр пішім – алдыңғының жартысы), және тұтынушы пішімі, ол А4-ке жуық. Баспа бетінің барлық жағынан өрісі, (шетінен шегініс) және жоғарғы, төменгі колонтитулдары (онда беттің нөмірі, қысқаша тақырыптар немесе бет мазмұнынның сипаттамасы, безендіру элементтері қойылады) болуы керек. Беттің параметрін баптау «Бет макеті» диалог терезесінде орныдалады.
Информатикалық диктант: «WORDPAD ҚҰЖАТЫН ЖАСАУ» / дәптерге/
Дұрыс:
1. Қаріпті және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Слайд:
1. Қаріпті және оның .... таңдау /енгізу , редакциялау
2. Мәтінді .... және ... . / өлшемін
3. Мәтінді .... /сақтау , ашу
4. Құжатты ... және ... / шығару
5. Баспаға .... / пішімдеу

Слайд №2. «Ойға шабуыл» жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында:

Ереже:
Мәтінді пішімдеу - бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралаумен мәтінді процесі. / дәптерге/

Слайд №3 Музыка « Священная война»
«Ой қозғау» Бұл әуенді естігенде не ойларыңа түседі?
Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады

Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.

/ 1941-1945 жж фотохсуреттер/

Практикалық жұмыс:

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде қандай қашықтықта отыру керек
2. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып , қай жылы аяқталды

1. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?
2. Қандай кеңес одағының батырларын білесің?

1. Пернетақта қандай құрылғы?
2. Фашистік Германия қандай жоспармен бізге соғыс ашты?

1. Ақпараттың ең кіші бірлігі.
2. Рейхстагқа ту тіккен жас офицер кім?

1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
2. Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтар қандай ерлік көрсетті?

1. Paint графикалық редакторында неше құрал бар?
2. Бұл Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Ұшқыш батыр кім?

1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
2. Шығыстың қос жұлдызы атанған батырлар?

1. Манипулятор.
2. Жеңіс күні.

1. Буфер алмасу.
2. Соғыс туралы нақыл сөз, мақал-мәтел білесің бе?

1. Қосымша құрылғыларды ата?
2. Соғыс т уралы қандай кинолар көрдің?

ІІ деңгей. Құрал саймандар және пішімдеу батырмаларын қызметіне қарай сәйкестендір

алдын-ала қарап шығу
жартылай қалың әріп
құжат құру
құжатты ашу
сақтау
баспаға жіберу
курсивті әріп
күні мен уақытты қою
асты сызылған
сол жаққа туралау
жалпы туралау
маркерлеу

Сергіту сәті:
Бақытты ,денсаулықты, сәттілікті ұстап алып бір-біріне сыйлау.

ІІІ деңгей. Оқушылар компьютерде WordPad қолданбасында жұмыс жасайды.
1. Бұл Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Ұшқыш Талғат Бигельдинов туралы Сайлаубай Толыбаевтың “Біздің Талғат” кітабынан үзінді.
2. “Волоколамск тас жолы” кітабының бас кейіпкері Б.Момышұлының және 28 панфиловшы батырдың жанқиярлық ерліктерін тамаша суреттелген.
3. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
4. Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өсиеті: «Ерлік тәрбиеден туады”.
5. Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өсиеті:“Ерлік бірлікте емес, жүректе”,
6. Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өсиеті:“Отанда опасызға орын жоқ”,
7. Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өсиеті:“Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық”
8. Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр- Б.Момышұлы
9. Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
10. Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.
Табандылық – батырлардың қалқаны.

«День Победы» әуенімен Жеңіс күні туралы айту.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту. Тестмастер бағдарламасында тесттік жұмыс.

V. Қорытындылау. Бағалау парағы бойынша баға қою.

1)Үйге тапсырма
Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.