.
.
Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттер кірістіру. WordPad құжатына суреттер кірістіру.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1453 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен
танысу
Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық
объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, инт.тақта, элект.оқулық
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
* WordРad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
* wordРad редакторын қалай іске қосамыз?
* wordРad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?
* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
Жаңа түсініктер:
WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
1. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
2. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)
3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка-Вставить командасын орындаңдар.
6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.
Өткендегілерді пысықтау үшін төмендегі практикалық жұмыстарды орындаңдар.
Үйге тапсырма: WORDPAD құжатына суреттер кірістіру.
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.