Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
World Wide  Web  туралы  негізгі мәліметтер -

World Wide Web туралы негізгі мәліметтер

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2627 | Размер: | Автор: Нартай4540
. World Wide Web- Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні ол ақпартты түрлі компьютерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және тағы басқа файлдар(3.1- кестесі) түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір-бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығын Web- құжат ( Web- сайт, Web-site ) ретінде түсінеміз. Web- құжат бөлек Web- беттерден тұрады. Web- серверде бірнеше Web-құжат орналасады.
Web- құжатты іздестіру және оған қатынас жасау арнайы нұсқағыш (идентификатор) –URL ( Uniform Resours Lokator) бойынша орындалады. Стандартты URL ақпарат берудің хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және оған қатынасу жолын белгілейтін үш бөлімнен тұрады. Мысалы, ойыншықтар сатумен айналысатын Vermont Teddy Bears компаниясының URL құрылымының көрінісі мынадай: http: //www.service.digital.com/tdb/vtdbear.htm
URL- ді көрсетіп, пайдаланушы қажетті файлды нақты белгілейді.

3.1- кесте. WWW-де қолданылатын
ақпараттар мен файлдар типтері.

Информациялардың түрлері Кеңейту Информациялардың түрлері
Мәтін .htm .html HTML пішімі ақпараттың экранда бейнелеуін белгілейтін мәтін мен арнайы пішімдеу кодын береді
Дыбыс .au .snd .mid .mp3 Audio, sound, MIDI, MP3 дыбыс файлдарының пішімдері тиісінше
Кескін - gif .jpg .tif GIF, JPRG және TIFF пішімдерінің графикалық файлдары
Бейне .mpg .mov .avi MPEG, Apple Quicklime, Microsoft Video пішімдердегі бейне-клиптер

Web- құжатты қарау үшін арнайы программалық жабдықтама керек.

Жоғарыда айтылғандай, WWW- ні көруге арналған қолданба Web-браузер деп аталады. Internet Explorer (Microsoft фирмасы жасаған) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp. фирмасының) браузерлері ең танымал. Web-браузерлер WWW-дан басқа Интернеттің басқа ресурстарына да (USENET телеконференциялары, FTR файлдық архивтері және т.б. ) қатынасуға мүмкіндік береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.