.
.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Заманауи программалық жабдықтамаға шолу
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 567 | Просмотров: 6867 | Размер: 16.1 Kb | Автор:Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2011 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 11«Б»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Заманауи программалық жабдықтамаға шолу
Сабақтың мақсаты: дербес компьютердің программалық жабдықтамасымен танысуды жалғастыру
Оқушылар білуі тиіс: ПЖ қандай көрсеткіштер бойынша жіктелетінін
Оқушылар үйренуі тиіс: қолданбалы ПЖ мен жүйелік ПЖ арасындағы айырмашылықты ажыратуды; олардың компьютерінде орнатылған ПЖ үлгісін анықтауды, жүйенің техникалық параметрлері мен орнатылатын ПЖ сәйкестігін анықтауды.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
3. Білімді өзектендіру
Жарлықтар (программалардың аты) мен қызметініңсипаттамасын пайдаланыңдар. Программалардың ішінде зиянкес, зиянкес, жарнамалық ПЖ, арнайы (кітапханалық, бухгалтерлік) программалардың атауларынан тұратын, тізімін құрыңдар. Оқушыларға программалардың атаулары мен олардың орындайтын қызметтері арасындағы сәйкестікті анықтауды ұсыныңыз.
Топтарда оқушылардан программалардың атауларын түрлері бойынша орналастыруды өтініңіз (программаларды қандай көрсеткіштер бойынша жіктеуді топтар өздері таңдайды). Топтардың жұмысы нәтижесінде бір ғана программаның ПЖ әр түріне жататыны (мысалы, қызметі бойынша қолданбалы және иемдену тәсілі бойынша еркін таратылатын) белгілі болады.
Жаңа материалды түсіндіру
Оқушылар осы уақытқа дейін информатика оқығанда программаларды тек қызметіне қарай жіктейтін еді. Басқа көрсеткіштерді де атаңыз: иемдену тәсілдері бойынша, басқа платформаға ауыстыру мүмкіндігі бойынша.
Сыныпта параграфтан кейінгі «Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» тізімінің 4- тапсырмасындағы кестені толтыруды бастаңыз.
Сұрақтарды талқылау:
1. Түрлі лицензиялар типтері. Оқушыларға Майкрософт компаниясының оқу мекемелеріне және жеке пайдалануға қандай лицензиялар түрін ұсынатынын, сыныптағы компьютерлердегі программалардың қандай лицензия бойынша орнатылғанын білу мүмкіндігін беріңіз;
2. Программалақ жабдықтаманың тіршілік циклы деген не? Программаның нұсқасы нені білдіреді?
3. Жүйенің параметрлері мен орнатылатын ПЖ сәйкестігін қалай тексереміз?
Тәжірибелік жұмыс.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тұсаукесер құрамында программалар мысалына ауысатын (аты, қызметі, скриншот) жіктеу сұлбалары болуы тиіс.
Қорытындылау
Компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындауды бағалау
Үй тапсырмасы
Өткен тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Қосымша тапсырма: Интернеттен экология туралы ақпарат табу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.