.
.
8 «Ә» сынып. 12.12.2013 ж. Үздік информатик
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1687 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: «Үздік информатик»
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Закирьянов Абай Боранбайұлы
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: жеке практикалық, шығармашылық жарыс сабағы.
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, ноутбуктар.
Көрнекіліктер: Слайд презентация, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Математика.
Сайысты өткізу бағдарламасы:
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Үздік информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер! “Естігенімді ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін” деген Конфуций сөзін негізге алып бүгінгі сайысымыз негізгі практикалық, шығармашылық бағытта болмақ. (Оқушылар өздерін таныстырады.)
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік.
І тур. Викториналық сұрақтар. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
ІІ тур. Электрондық кесте. ( ең үлкен 7 ұпай)
ІІІ тур. Шабыт. (ең үлкен 10 ұпай)
IV тур. «Домино» (Әр дұрыс сөзге 1 ұпай)
І тур. Құрметті сайыскқа қатысушылар мұқият сұрақтарды тыңдаймыз, жауаптарыңыз болса қол көтереміз. Викториналық сұрақтар:
1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)
6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
7. Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
8. Принтердің неше түрі бар? (3) Матрицалық, Бүріккіш, Лазерлік
9. Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)
10. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
11. Компьютер ауруы (вирус)
12. Windows деген не? (терезе, Операциялық жүйе)
13. Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)
14. Компьютердің атасы (Чарлз Бэббидж)
15. Компьютерлік кескіннің неше түрі бар? Және қандай (Растрлық, Векторлық
16. 1 Гб қанша мегабайт бар(1024 мегабайт)
ІІ тур. Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын - деп
Келесі 2-тур «Электрондық кесте» әр оқушыға Excel бағдарламасы бойынша практикалық жұмыс беріледі. (7 мин)
Әр оқушының жұмысы барысында интерактивті тақтада көрсетіліп комментария айтылып отырады. Фондық музыка ойнайды.
1-нұсқа.
Новоишим қазақ орта мектебінің 2013 жылына электроэнергияның жұмсалуы бойынша мәлімет. 1 кВт бағасы берілген, әр айдың есептегіш көрсеткіші белгілі. Әр айда қанша қаражат жұмсалғанын, жалпы жылдық соммасын анықтау және әр айға қанша электрэнергиясы жұмсалғаны туралы график құру.
2-нұсқа.
Информатика сыныбындағы инвентаризациялық жобасын құру. Онда құал-жабдықтар аты, саны және әр біреуінің бағасы белгілі. Жалпы соммаларын анықтау және диаграмма түрінде ақпаратты беру
ІІІ тур. Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсінуге,
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Ендігі тур «Шабыт» PowerPoint бағдарламасы көмегімен «Тәулсіздік күні» тақырыбына презентация құру. Мазмұны: титулдық бет, мәтін, сурет, кесте, анимация, гипперссілтеме, дыбыс және т.б. (15-20 мин)
Көрермендермен ойын Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер интерактивті тақтада беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Амалы жоқ F1-ге жармасады.
(СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ)
6. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан )
7. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні-жау алмайды)
8. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Ребусты шешу.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Осымен ІІІ тур аяқталды. ІІІ турдың қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айтамыз, Жоғары ұпай жинаған екі оқушы келесі соңғы турға өтеді. Біздің төртінші турымыз «Домино» Интерактивті тақтадан бір ұяшықты таңдап. Берілген әріптен басталатын информатика пәнімен байланысты сөзді алып мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек. Берілетін уақыт – 2 минут.
Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Сайыскерлерге әділ баға беретін
Әділқазыларды ортаға шықрайық..
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).
Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатик» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз. Келесі кездескенше Сау саламат болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.