.
.
Сабақтың тақырыбы: “Жұлдызды сағат”. “Жұлдызды сағат”.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1515 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, сыйлықтар, нақыл сөдер компьютерлік презентация
Сабақтың барысы:
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», - деп бүгінгі «Жұлдызды сағат» атты интеллектуалдық ойынымызға кош келдіңіздер.
- Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
І. “Ұйымдастыру”.
Сынып үш топқа бөлінеді, өзінің аттарын қояды және әр топтың топ басшысы сайланады.
«Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткер бол жеңіске» - деп 3-топтың капитандары өздерін таныстырып кетсе:
1- команда «TURBO PASCAL»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2- команда «WINDOWS»
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.»
3- команда «INTERNET»
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
ІІ. “Бой сергіту”.
Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар шаршыны таңдайды. Әр сұрақтын дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі.
Жасыл шаршы:
1.Информатика дегеніміз не?
2.Ақпараттық процесс дегеніміз не?
3.ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді?
4.Монитор не үшін керек?
5.Сканер не үшін керек?
Қызыл шаршы:
1.Компьютер дегеніміз не?
2.Кодтау дегеніміз не?
3.1-ші компьютер қашан шыққан?
4.Пернетақта не үшін керек?
5.Принтер не үшін керек?
Сары шаршы:
1.Ақпараттың өлшем бірліктері?
2.Программа дегеніз не?
3.Дербес компьютер қай буынға жатады?
4.Тышқан не үшін керек?
5.Модем не үшін керек?
ІІІ. “Құпия алаң”.
Құпия алаңда 20 түрлі-түсті шаршы берілген, әр шаршының астына сұрақтар жасырылған. Әр топтан 3 оқушы шығып, қайталамай бір-бір шаршыдан таңдайды.
Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпайлар әкеледі.
Жауап бермесе, командасынан кез-келген оқушы жауап беруге болады, бірақ берілген ұпайы 5-ке кемиді.
1) 0 мен 1 нені құрайды? (5 ұпай)
2) Графикалық ақпаратқа не жатады?(15 ұпай)
4) Принтердің түрлерін ата? (25 ұпай)
5) Операциялық жүйе дегеніміз не? (Сыйлық)
6) Джостик дегеніміз не? (5 ұпай)
7) Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды? (10 ұпай)
8) Келесі жүріс.
9) Процессор дегеніміз не? (20 ұпай)
10) Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? (25 ұпай)
11) Қапшық (папка) дегеніміз не? (Ұпай жоқ)
12) “Орта” деген сөзде неше байт бар? (20 ұпай)
13) Келесі жүріс.
14) Файл дегеніміз не? (Сыйлық)
15) Компьютерлік дискілерді ата? (15 ұпай)
16) Флешка дегеніміз не? (5 ұпай)
17) Қатқыл диск қайда орналасқан? (10 ұпай)
18) Банкрот (-5 ұпай)
19) Компакт дискіні оқитын құрылғы? (15 ұпай)
20) “Диск” сөзінде қанша бит бар? (25 ұпай)
21) Сыйлық (5 ұпай)
ІҮ. “Мынау не?”.
Әр топтан жауап бермеген бір-бір оқушыдан шығады.
Слайдта көрсетілген құрылғының атын және оның қызметін атап беру керек.
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосылады. Егер оқушы жауап бермесе, онда оның қарсыласы жауап беріп, ұпайын жеңіп алады.
Ү. “Жұмбақ шешу”.
Әр топтың капитаны шығып, әріппен белгіленген шаршыны таңдауы тиіс. Таңдалған шаршы қайталанбауы тиіс. Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Егер жауабын капитан таппаса, оның командасы көмектесе алады.
ҮІ “Құпия сурет”.
Әр топтың бір оқушысы түрлі-түсті шаршыны таңдайды.
Шаршының астында жасырылған суреттер бар. Суреті жасырған парақ 6- бөліктен тұрады. Оқушының қалауынша кез-келген нөмірленген бөлікті алып тастап, жасырылған суретті табу тиіс. Егер бір бөлікті алып тастағанда суретті бірден тапса, онда 10 ұпай беріледі. Суретті 2 бөлікті алып тастағаннан кейін тапса, онда 5 ұпай беріледі.
ҮІІ. Жеңімпазды анықтау.
Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз топ үлкен сыйлықпен марапатталады. Және ІІ, ІІІ-ші орын алған топтарда, сыйлықпен марапатталады.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.