.
.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Жұмыс істеудің бастамасы. Тышқанмен жұмыс істеу.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1778 | Размер: | Автор: bibigul________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«23» қазан 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс істеудің бастамасы. Тышқанмен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгеру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеуде қабілеттерін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау сұрақтары
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
Windows – тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі – бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows 98 ортасының ерекшеліктері:
- пайдаланышының интерфейсін стандарттау;
- көлемі оңдаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
- жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
- бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
- көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
- графикалық режімді басым қолдану;
- жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
Windows- графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе белгішелер түрінде бейнеленеді.
Windows- тің обьектілірі- терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықта бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Он жұмыс істейтін программалардың терезелерді, құжаттардың жеке файлдары шарт белгіде түрінде орналасқан.
Шартбелгі бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне, дисплей экранындағы программаны, терезені, құжаттардың жеке файлдары командалық файл.
Қапшық экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үлгі қолданылады.Бума бұл обьектілер қоймасы.
Тышқан - тетігімен орындалатын ең негізгі операция экран бетімен сілтемені қозғалуы болып табылыды
Мәлімет алмастыру буфері - әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында мәлімуттерді тасымалдап, олрдың фрагменттерін бір біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы - бұл кранның төменгі жағындағы жеңішке сұр жолақ.Есептер тақтасында ПУСК батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
Пуск батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің бас менюі пайда болады.Бас меню жеті пунктен тұрады:
1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосвмшалардан тұратын тізім.
2. Жуық арада ашылған құжаттардын 15-тен аспайтын тізімі
3. Баптау
4. Іздеу
5. Анықтама
6. Орындау
7. Жұмысты аяқтау
Тышқанмен жұмыс істеу.
Жоғарыда айтылғандай обьектілер мен Windows –тің басқару элементтерін іске қосу үшін, «тышқан» манипуляторы қолданылады немесе қысқартып айтатын болсақ, тышқан дейміз.
Тышқанның негізгі батырмасына оның әдетте сол жақ батырмасы алынады, ол сендердің оң қолдарыңның сұқ саусағының астында болады. Ал қосымша батырмаға тышқанның оң жақ батырмасы жатады. Тышқанды шерту деп оның нұсқағышын қажетті обьектіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады.
Тышқанның оң жақ батырмасын шерту деп тышқанның нұсқағышын белгілі бір обьектіге орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады. Тышқанды екі рет шерту деп- тышқанның нұсқағышын керек обьектіге орналастырып, оның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басуды және жіберуді айтады. Тышқанды алып бару деп – тышқанның нұсқағышын керек обьектіге орналастырып, оның сол жақ батырмасын жібермей, басып тұрып, обьектіні қажетті жерге апарып, сонан соң жіберуді айтады. Тышқанның оң жақ батырмасымен алып бару жоғарыда айтылған әрекеттерге ұқсайды, бірақ мұнда оң жақ батырманы басу керек. Сонда динамикалық меню пайда болады, одан орындағыларың келетін әрекеттің командасын таңдаңдар.
Созу әрекеті апаруға ұқсайды, бірақ мұнда ештене орнынан қозғалмайды, тек қана созылады.
Үйге тапсырма: Жұмыс істеудің бастамасы. Тышқанмен жұмыс істеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.