Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жетістікке бес қадам»  тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде мектеп  түлектерімен жүргізілетін  психологиялық тренинг -

«Жетістікке бес қадам» тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде мектеп түлектерімен жүргізілетін психологиялық тренинг

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1604 | Размер: | Автор: Публикатор
. «Жетістікке бес қадам»
тақырыбында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде мектеп түлектерімен жүргізілетін
психологиялық тренинг

2015-2016 оқу жылы
Мақсаты
Оқушыларға эмоция мен сезім – адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету
Міндеті:
 Оқушыларды өзін-өзі реттеудің дағдыларына үйрету;
 Табысқа қол жеткізуге құлшыныстарын қалыптастыру;
 Оқушылардың өздеріне және өз күш- жігеріне, білімдеріне сенімділігін қалыптастыру.
Қолданылған әдістер: бейнеролик, мини-лекция «Өз эмоциямызды қалай басқарамыз», «Жетістікке жету баспалдағы», «Табыс пирамидасы» , «Сыйлық» тренингтік жаттығулар.

Кіріспе: Тренингтің барысын, мақсатын таныстыру.
Жалпы ҰБТ– тесттік технология негізіндегі қарапайым емтихан түрі. Емтиханның бұл түріне жалпы барлық деңгейде даярлану қажет. Осындай сабақтар барысында біз сіздермен емтихан кезінде кездесетін кейбір мәселелермен бөлісіп, шешуге тырысамыз. Емтихан тапсыру ситуациясы барлық оқушылар үшін бірдей болғанмен, әр оқушы түрлі деңгейде қобалжыйды, қабылдайды, мазасызданады. Бұл неге байланысты? Оның барлығы әрине материалды меңгеру деңгейіне, еске сақтауға, өзін сенімділікке байланысты. Кейбір кездерде, сіздің толық біліп тұрған мәліметтеріңіз мүлде есіңізге түспей, жүрегіңіздің соғысы жиілеп, ойыңызға небір ойлар оралып тұрады. Осындай болмас үшін өз-өзіңізге сенімділікті арттырып, шоғырлану мен тұрақтану тәсілдерін меңгеру қажет. Емтиханға даярлық кезінде көптеген текстер, графиктер, формулалар, ережелер, сөздіктер жаттау қажет. Сіз міндетті түрде өзіңізге қандай әдістер арқылы жаттау жеңіл екенін білуіңіз қажет.
Біздің сабағымыз сіздерді емтихан тапсыруға психологиялық даярлық жасауда көмек береді деген ойдамын.
1. Жаттығу «Мені ата» Мақсаты: топ мүшесі екенін сезіну, бір-бірімен жақындастыру, яғни танысу.
Оқушылар шеңбер бойымен атын айтып көңілді допты ары қарай жіберіп. Шеңберді бір айналып шыққан соң допты кері жіберіп, кері қайтқанда «Мені … деп атауларыңа болады» деп өздеріңді достарың қалай атаса екен деген тілектеріңді айтты .
2.Жаттығу «Жарайсың!» . Мақсаты:Стресс кезінде өзіңе деген сенімділікті арттыру.
Оқушылар екі шеңбер құрып: біреуі ішкі, біреуі сыртқы.Сыртқы шеңбердегілер өздеріне қосағын тауып алып, оған қарама қарсы тұрады да кезекпен өзінің жетістіктері туралы айтты. Тыңдап тұрған адам әр бір жетістікті естіген сайын саусағын бүгіп, «Жарайсың! Бір! Жарайсың! Екі!» деп санайды. Берілген белгі бойынша ішкі шеңбер орнында қалады ал сыртқы шеңбер оңға бір адым жылжып қосақтарын ауыстырып. Ойын ары қарай жалғасты.
3.Мини-лекция. «Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» 10-мин
Кері эмоциялар жұмыс істеуге, жақсы ой ойлауға кедергі келтіреді. Осындай жағымсыз эмоцияларға қалай тосқауыл қоюға болады:
-Өз сезіміңізді түсінетін адамға бөлісіп, әңгімелесу;
- Жастықты құшақтау, дымқыл орамалды мыжғылау
- Қатты дыбыстап ән салу, айқайлау;
- 3-4 рет қатты демалу, қысқа қайта демалу.
4.«Табыс пирамидасы» жаттығуы
Оқушыларға пирамида кірпіштеріне өмірде жетістікке жетуге көмектесетін қасиеттерді кезектесіп, жазу ұсынылады.
5. «Сыйлық» жаттығуы
Шеңберде тұрып, әр оқушы көршісіне гүл ұсына отырып, оған материалдық емес сыйлық «ұсынады». Мысалы: аспандағы жұлдызды, ормандағы гүлдерді, күн шапағын, табысты күндерді, дарындылықты, талантты, яғни, қалтаға салуға болмайтын, бірақ өзімен бірге жүректе сақтай отырып, үйіне алып кете алатындай «сыйлықты» силайды.
Қорытындылау.
Мынаны есте сақтауларыңды өтініп, сұраймын. Оқушылық өмірдегі басты нәрсе - аттестаттағы «бестіктер» емес. Ең бастысы - осы жылдар нәтижесінде өзіңді- өзің табуың, өмірде адаспай, мұратыңа жететін жолды таба білуің. Ал, ҰБТ болса, бар болғаны - осы үлкен жолдың басы ғана! Сол сапарда жолдастарың - Сәттілік болсын деп тілеймін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.