Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жойылған қапшықтарды қалпына келтіру -

Жойылған қапшықтарды қалпына келтіру

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1398 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Жойылған қапшықтарды қалпына келтіру
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды объектілерді жою мен қалпына келтіру ережелерімен таныстыру;
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Операцияларды болдырмау үшін қандай команданы орындаймыз?
2. Қапшықтарды, файлдарды, таңбашаларды жою үшін қандай командаларды орындаймыз?
3. Қапшықтарды, файлдарды, таңбашаларды жоюдің қанша жолын білеміз?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Объект Корзинада оны жойғанда немесе қалпына келтіргенше сақталады.
Корзинадағы объектілерді көрі үшін, оның белгішесінде маусты екі рет шертіп, Корзинаны ашу керек. Экранда Корзинаның жойылған объектілер аттарының тізімі бар терезесі пайда болады.
Үнсіз келісім бойынша Корзина қапшығының ішіндегі мазмұны экранға кесте түрінде шығады, ол әрбір объекті қашан және қай қапшықтан жойылғаны жөнінде ақпаратты бар бағандардан тұрады.
Мұнда әдеттегі қапшықтармен жұмыс жасағандай, сәйкес тақырыпта маустың батырмасын шертіп, кесте элементтерінің орналасу ретін өзгертуге болады. Корзинадағы объектілерді бұрынғы, одан алынған (жойылған) қапшықта немесе басқа қапшықта қалпына келтіруге болады.
Корзинадағы объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп, Файл – Востановить командасын орындау керек немесе маустың оң жақ батырмасымен объектіні шертіп, динамикалық менюден Востановить командасын таңдау керек. Сонда объект өзі одан жойылған қапшықта қайта қалпына келеді.
Объектіні Корзинадан басқа қапшықта қалпына келтіру үшін, қажетті объектіні белгілеп, Правка – Вырезать командасын орындаңдар немесе маустың оң жақ батырмасымен белгіленген объектіде шертіп, динамикалық менюден Вырезать командасын таңдаңдар.
Содан кейін қалпына келтірілетін объектіні сақтағыларың келетін қапшықты ашыңдар, қабылдаушы қапшық терезесіндегі менбдің Правка – Вставить командасын орындаңдар.

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Объектілерді қалпына келтіру үшін қандай командаларды орындаймыз?
2. Объектіні Себетте қанша уақыт сақтауға болады?
3. Себеттегі объектілерді көру үшін не істеу керек?
4. Дискеттен жойылған объектілерді қалпына келтіруге бола ма?
5. Дискетадан жойылатын объектілерді Себетке сала ма?

VІ Жаңа сабақты қорыту
VІ Оқушы білімін бағалау
VІ Үйге тапсырма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.