Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. -

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1558 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән, сынып Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы §25 Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
Сабақтың мақсаты Үзінділерді белгілеуді және олармен әр түрлі әрекеттерді орындауды. Үзіндіні көшіруді, жылжытуды, көбейтуді және жоюды орындау.
Күтілетін нәтиже Үзіндіні көшіре, жылжыта, көбейте және жоя алады, үзінділерді белгілеу арқылы олармен әр түрлі әрекеттерді орындаудыбіледі.
Сілтеме Сабақ жоспары,информатика оқулығы, сабаққа арналған тапсырмалар.
Сабақтың түрі Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, дарынды және талантты балалармен жұмыс,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.
АКТ мүмкіндіктері: Слайдтар, электрондық оқулық, компьютерлер.
Мұғалімінің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті Оқыту әдісі
Ұйымдастыру Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әрпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.
Мысалы: Зере-зерек, Еркебұлан-еңбекқор, Бейбіт-білімді т.б.
Ынтымақтастық атмосферасы
Білу:Суреттер бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын.
Оқушылар суреттерге қарап өз білгендерін айтады.
Миға шабуыл
Интерактивті тақтадан Paint терезесінің элементтері көрсетіледі.

Түсіну
Тапсырма орындату компьютерде Өткен сабақта салып сақтаған суретін ашып, бір шумақ тақпақ жазып барып қайта сақтайды. Өзініндік жұмыс
Қолдану: Жаңа тақырып: Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерін көбейтуге, қиып алуға және өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға(көлденең) немесе тік (вертикаль) бағытта айналдыруға т.б. әрекеттерді орындауға тура келеді.
(Тақтада слайд арқылы ағаштың суретін және ағашта ілулі тұрған жүзім мен алманы көрсетемін де сұрақ қоюмын.)
Қайсысын қиып алу керек және қайсысын көшіру керек ?
Жүзімді қиып алу керек, алманы көбейту керек.


Үзіндіні қиып алу әрекетін орындау үшін :Бөліп алу(Выделение) батырмасын таңдау,содан кейін алмасу буферінің көмегімен Түзету(Правка) менюінің Қиып алу(Вырезеть) командасы арқылы жүзімді қиып аламыз, үзінді бұрынғы орнында қалмайды.
Үзіндіні көшіру алу әрекетін орындау үшін :Бөліп алу(Выделение) батырманы таңдау,содан кейін алмасу буферінің көмегімен Түзету(Правка) менюінің Көшіру(Копировать) командасы арқылы алманың көшірмесін ала отырып көбейтеміз, үзінді бұрынғы орнында қалады және көбейеді.Перне арқылы көбейту Shift арқылы.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.
Бейнелеу/Бұру (Отразить/Повернуть) командасының көмегімен үзіндіні тік, көлденең,90,180.270 градусқа бұруға болады.

Үзіндіні еңкейту және созу.
Созу\еңкейту(Растянуть\наклонить) командасын таңдап, пайда болған диалогтық терезеде пернетақтадан горизонталь немесе вертикаль өрісіне қажетті градус санын енгізіп ОК батырмасын шерту.


Суретті қарап шығу режимі арқылы баспаға шығару.
Вид → Масштаб , Файл → Предварительный просмотр, Файл → Печатьм → ОК
АКТ,слайд
Талдау

Оқушыларға тапсырма береді Сергіту сәті(слайдқа қарап оқушылар билейді)
Деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар таратылады.Әр оқушы өз шамасы келетін деңгейлік тапсырманы орындайды.(Қиып алу, көшіру, бұру, созу, еңкейту командалары толық қамтылған тапсырмада )
Бұл тапсырма бойынша оқушылардың АКТ-ны меңгерулерін байқаймын
СТО, АКТ,слайд
Жинақтау
Үзіндіні көшіру
Үзіндіні жылжыту
Үзіндіні бұру
Үзіндіні созу, еңкейту Құндылық спектрі
Бағалау Әр оқушы келесі оқушыны бағалайды
1-2-3-1
Өзара бағалау, рефлексия
Үйге тапсырма Ξ25 оқу. 2- тапсырма орындау

Алматы облысы
Панфилов ауданы
Головацкий атындағы орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі
Оразбаева Жанар Зейнелқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.