Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар -

2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2113 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар
1-нұсқа
1. Ә. Қашаубаев кім?
2. Антонимді тап: бір суып, бір ысып.
3. Синонимді аудар: шапшаң, лезде, тез.
4. 2,5 санын сөзбен жаз
5. «Қуанышы қойнына сыймады» фразеологизмді аудар, септік жалғауын анықта.
6. Тұйық буынның анықтамасы
7. Буын үндестігінің анықтамасы
8. «қазақ ешқашан өз бетімен біреумен соғтығыспаған, ол тек жаудан қорғанған» сөйлемі қандай сөйлемнің түріне жатады?
9. Жекіру одағайларын жаз.
10. Үндестік заңына сай жазылған сөзді белгіле: ауылге, көшеда, кітапті, математикаден, кітапты, математикадан, үйлар, балалер, мектепде, үйке.
11. Сілтеу есімдіктерін жаз
12. Келер шақтағы етістікті тап: көштік, көшіп жүр, көшіп келді, көшеміз, көшіп кетіпті.
13. Елтаңбаның жоғарғы жағында не орналасқан?
14. «бұлақтың көзі» тіркесі қандай мағыналы сөз?
15. «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер» мақалындағы барлық сөздер қандай дыбыстан басталған?
16. Ыңғайлас салаластың жалғаулықтарын жаз.

2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар
2-нұсқа

1. Сөз тудырушы жұрнақтың анықтамасын жаз.
2. «Егеменді еліміздің жарқын болашағына сенемін». Қатыстық сын есімді тап
3. Қазақ дәстүрінде қонақтың сыйлы орны?
4. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. «киелі» сөзінің синонимі?
6. Дыбыс үндестігіне ұшырайтын қатаң дауыссыз дыбыстар?
7. Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
8. Етістіктің өткен шағы қалай жасалады?
9. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай аталады?
10. «Апырай Жарайсың, тура тигіздің ғой» одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
11. «Қорқақ өзінің көлеңкесінен қорқады» сөйлеміндегі өздік есімдігі қандай сөйлем мүшесі?
12. Қазақта ұлдың баласын қалай атайды?
13. «күздік, астық» сөздерін сөз құрамына талда, бұл сөздер қандай түбір болып саналады?
14. 1-жақтағы етістікті тап: жүр, орындау, айтты, келгенде, тазаладым.
15. «Мойынқұм шөлі – алтыға, мұнайға, газға бай» - бірыңғай сөйлем мүшелері қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
16. Жақсыз сөйлемді анықта: Барлығы клубқа жиналды. Сабаққа барлығы келді. Үй тапсырмасы орындалды. Ағамның келмеуі де мүмкін. Алтыншы сыныпта оқитын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.