Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
6- СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ -

6- СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 9263 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қ

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Н.Г.Иванов орта мектебі








ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН
6- СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Құрастырған: Мырзағалиева Фарида Шамбыловна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2014-2015 оқу жылы


Түсінік хат

Бұл 6- сынып оқушыларының әр тақырып бойынша алған білімдерін тексеру үшін құрастырылған. Кітапшаға ертегілер және Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалихановтың өмір жолын, шығармашылығын қамтыған сұрақтар енгізілген.Кітапшаны әр баланың білімін тексеру үшін пайдалануға болады.

Ертегілер
1.«Аю, қасқыр, түлкі, бөдене» ертегісі ертегінің қай түріне жатады.
А) тұрмыс- салт ертегісіне
Ә)хайуанаттар туралы ертегіге
Б) шыншыл ертегілерге
В) қиял- ғажайып ертегіге
2.Баяғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Есте жоқ ескі заманда,- деп не басталады?
А) Ертегі
Ә) әңгіме
Б) арнау
В) өлең
3.Шыншыл ертегіге жататын ертегіні тап.
А) «Бозінген»
Ә) «Атымтай Жомарт»
Б) «Қоянның зары»
В) «Алтын сақа»
4. «Есте жоқ ескі заманда» деп ертегінің қай түрі аяқталады?
А) тұрмыс- салт ертегісі
Ә)хайуанаттар туралы ертегі
Б) шыншыл ертегілер
В) қиял- ғажайып ертегісі
5. «Алтын сақа» ертегісінде бай көлден нені көрді?
А) өкпе
Ә) жүрек
Б) бауыр
В) талақ
6. Жалмауыз кемпір байдан кімді сұрады?
А) асық
Ә) қызын
Б) ұлын
В) әйелін
7.Көште баланың несі қалды?
А) тайы
Ә) садағы
Б) алтын сақасы
В) алтын белбеуі
8.Бала жылқыдан қандай тайды ұстап мінеді?
А) жирен тайды
Ә) қотыр тайды
Б) ақсақ тайды
В) құла тайды
9. «Алтын сақа»ертегісінде балаға қай құс көмектесті?
А) үйрек
Ә) қарға
Б) қаршыға
В) қарлығаш
10.Тай үстіне не салғанда дөнен болды?
А) тоқым
Ә) ер
Б) жүген
В) құрық

Толағай

1.Толағайдың ата- анасы қай жерде өмір сүрген?
А) Еділ жағасында
Ә) Арыс жағасында
Б) Жайық жағасында
В) Тобыл жағасында
Толағайдың әкесінің аты кім?
А) Санжар
Ә) Саржақ
Б) Сарыбай
В) Саржан
3.Ол кісі кім болған?
А) Бай
Ә) мерген
Б) батыр
В) атбегі
4.Анасының аты кім?
А) Айсұлу
Ә) Күнсұлу
Б) Нұрсұлу
В) Жансұлу
5.Неше жасында садақ тартты?
А) Бес
Ә) төрт
Б) алты
В) жеті
6.Толағайдың елінде не болды?
А) нөсер жауын
Ә) жау шапты
Б) қуаңшылық
В) дауыл

7.Жаңбыры бар жерді кімнен сұрады?
А) ақсақалдан
Ә) әкесінен
Б) анасынан
В) билерден

8.Тауды қай өңірге барып іздеді?
А) Шыңғыстау
Ә) Алатау
Б) Тарбағатай
В) Қаратау
9. Толағай еліне не алып келді?
А) келіншек
Ә) тау
Б) құлан
В) жолбарыс
10. Толағай қай мезгілде сүрінді?
А) Күн еңкейгенде
Ә) түнде
Б) екіндіде
В) таңертең

Ауыз әдебиеті

1.Ауыз әдебиетінің ғылыми атауын тап.
А) сөз
Ә) фольклор
Б) ертегі
В) лингвистика
2.Ауыз әдебиетінің түрлерін тап.
А) сөз, сөйлем
Ә) мазмұндама, шығарма
Б) мақал, жұмбақ, жаңылтпаш
В) өлең, хат жазу
3.Аңыз- әңгіме кейіпкерінің атын тап.
А) Абай
Ә) Жиренше
Б) Ыбырай
В) ИбраҺим
4.Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?
А) IX ғасыр
Ә) VIII ғасыр
Б) XX ғасыр
В) XXI ғасыр
5.Қорқыттың күйінің атын тап.
А) «Желмая»
Ә) «Жетіген»
Б) «Бұлбұл»
В) «Ақтамақ»
6. Жиренше қандай адам болған?
А) күлдіргі
Ә) ақын
Б) шешен
В) би
7. «Башпай» күйін кім шығарған?
А) Абай
Ә) Жиренше
Б) Қорқыт
В) Құрманғазы
8. Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді,- деп кім айтқан?
А) Абай
Ә) Жиренше
Б) алпыс би
В) Әз Жәнібек
9.Хан Жиреншеге ненің етін тең бөлуге бұйрық берді?
А) үйрек
Ә) қаз
Б) дуадақ
В) қолтырауын
10.Қобызды алғаш жасаған адам кім?
А) Абай
Ә) Жиренше
Б) Қорқыт
В) Құрманғазы

Мақал- мәтел,жұмбақ

1.Жұмбақтың шешуін тап.
Отқа жанбас, суға батпас.
А) жер
Ә) мұз
Б) сабын
В) күріш.
2.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыр киген тоны бар.
Қандай тақырыпқа жазылған жұмбақ?
А) Хайанаттар туралы
Ә) табиғат туралы
Б) ғарыш туралы
В) құс туралы
3. Жұмбақтың шешуін тап.
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза- жаза арықтаған.
А) қарындаш
Ә) бор
Б) қалам
В) бояу
4.Қай мақал адам туралы?
А) Жақсы дос үшін жан пида.
Ә) Адам деген ардақты ат
Б) Көп біл, аз сөйле
В) Оқу түбі- тоқу
5.Батырлық, ерлік туралы мақалды тап.
А) Ерлік білекте емес, жүректе
Ә) жұмыстың жаманы жоқ
Б) Ер елінде,
Гүл жерінде
В) Басқа пәле тілден.
6.Мақалдың жалғасын тап.
Досы жоқ адам-…
А) ағып тұрған балдай
Ә) гүдей нәзік
Б) көл бақасыз болмас.
В) тұзы жоқ тағам
7.Еңбек туралы мақал мәтеді тап.
А) Ақыл азбайды,
Білім тозбайды
Ә) Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Б) Ер жолдасы тәуекел
В) Көп біл, аз сөйле
8. Мақалдың жалғасын тап.
Адам қатесіз болмас..
А) дұшпан көзіңе мақтар
Ә) заман көркі
Б) көл бақасыз болмас
В) көл балықсыз болмас
9. «Наследие» сөзінің аудармасын тап.
А) мұрагер
Ә) мұра
Б) мұрат
В) мұртаза

Шоқан Уалиханов

1.Шоқан Уалихановтың әкесі кім?
А) Шыңғыс
Ә) Шынтан
Б) Шынтас
В) Шыныбек
2.Шоқан кімнің шөбересі?
А) Шыңғыс
Ә) Уалихан
Б) Абылай хан
В) Тәуекел хан
3.Шоқанның шын аты кім?
А) Ибраһим
Ә) Ақжігіт
Б) Мұхаммедханафия
В) Мұхаммеджан
4.Әкесі неше жасында Омбы қаласына оқуға берді?
А) 11 жасында
Ә) 12 асында
Б) 13 жасында
В) 10 жасында
5.Кадет корпусын қай жылы аяқтады?
А) 1854 ж
Ә) 1855 ж
Б) 1853 ж
В) 1855 ж
6.1857 жылы қай қоғамға мүше болды?
А) Орыс тілдер қоғамына
Ә) Орыс тарих қоғамына
Б) Орыс география қоғамына
В) Орыс партия қоғамына
7.Шоқан Уалиханов қанша сурет салған?
А) 200
Ә) 150
Б) 100
В) 50
8. Шоқан кім?
А) ақын
Ә) ғалым
Б) батыр
В) әнші
9.Шоқан Уалиханов қай жылы туған?
А) 1835 ж
Ә) 1865 ж
Б) 1830 ж
В) 1832 ж
10.Неше жасында орыс география қоғамына мүше болды?
А) 20
Ә) 19
Б) 21
В) 22

Ыбырай Алтынсарин

1.Ыбырай Алтынсарин қай облыста туған?
А) Алматы
Ә) Қостанай
Б) Ақтөбе
В) Көкшетау
2.Қай қалада оқыған?
А) Омбы
Ә) Орынбор
Б) Уфа
В) Ташкент
3.1857 жылы кімнің хатшысы болды?
А) Шыңғыстың
Ә) Уалиханның
Б) Балғожаның
В) Алтынсарының
4.Жазған дидактикалық оқу құралының атын тап.
А) «Кел, балалар, оқылы!»
Ә) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»
Б) «Қазақ хрестоматиясы»
В) «Әке мен бала»
5.Ең бірінші мектепті қай жерде ашты?
А) Торғайда
Ә) Ырғызда
Б) Өскеменде
В) Қызылордада
6. Шығармасының атын тап.
А) «Ғылым таппай мақтанба»
Ә) «Қазақ қызы»
Б) «Әке мен бала»
В) «өрмекші»
7.Табиғат туралы өлеңінің атын тап.
А) « Өлке»
Ә) « Күз»
Б) « Жаз»
В) « Қыс»
8.1860 жылы қай жерге мұғалім болып белгіленеді?
А) Торғайға
Ә) Ырғызға
Б) Қостанайға
В) Ақтөбеге
9. Неше жасында Орынбор қаласына оқуға түсті?
А) 9 жасында
Ә) 10 жасында
Б) 11 жасында
В) 12 жасында
10. Асан мен Үсен қай шығармасының кейіпкерлері?
А) «Әке мен бала»
Ә) «Бай баласы мен жарлы баласы»
Б) « Бай баласы мен мұғалім»
В) «Жарлы баласы мен жалшы»

Абай Құнанбайұлы

1.Абайдың шын аты кім?
А) Ибраһим
Ә) Ақжігіт
Б) Мұхаммедханафия
В) Мұхаммеджан
2.Абайдың әжесінің аты кім?
А) Ұлжан
Ә) Зере
Б) Ділдә
В) Айгерім
3.Абай оқыған оқу орнының атын тап.
А) Ахмет- Риза
Ә) Кадет корпусы
Б) Уфадағы медресе
В) қазақ мектебін
4.Абай Лермонтовтан жалпы саны неше шығарма аударған?
А) 25
Ә) 26
Б) 27
В) 28
5.Абайдың анасының аты кім?
А) Ұлжан
Ә) Зере
Б) Ділдә
В) Айгерім
6.Абайдың өлеңінің атын тап.
А) «Кел, балалар, оқылық!»
Ә) «Интернатта оқып жүр»
Б) «Надандықтан қаш»
В) «Алатау»
7.Өлеңнің жалғасын тап.
«Сөзіне қарай кісіні ал,»
А) «Кісіге қарап алдың...»
Ә) «Кісіге қарап сөз ал...»
Б) «Кісіге қарап сөз алма... .
В) «Кісіні бағала ...»
8.Бес асыл істі көрсет .
А) Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Ә) Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Б) Талап, еңбек, терең ой,
Қанағатсыздық, рақымсыздық ойлап қой.
В) Талапсыздық, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.

9. Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 12
Ә) 6
Б) 10
В) 11
10.Абайдың қайтыс болған жылын көрсет.
А) 1903
Ә) 1904
Б) 1905
В) 1906
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.