Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
А. Ершуов «Қыс» -

А. Ершуов «Қыс»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1617 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: А. Ершуов «Қыс». С. Жүнісов «Сонарда»
Мақсаты:1. А. Ершуов «Қыс». С. Жүнісов «Сонарда» шығармаларымен таныстыру. 2.Ақындардың қысқы дала табиғатына арналған шығармаларының мазмұнын түсіндіру.3.Табиғат сырларын түсіне білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ақ тиін» шығармасының мазмұнын сұрау, «Ару көктем армысың?!» өлеңін мәнерлеп оқыту
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: а) А. Ершуов, С. Жүнісов туралы түсінік беру.
ә) Қыс өлеңін мәнерлеп оқыту. Жаттауға уақыт беру. Оқушылар жаттаған шумақтарын айтып шығады.
б) Сонарда әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою,
дәптерге жаздыру.
Сұрақ жауап:
1. Сонар дегеніміз не?
2. Ол қай кезде болады?
3. Атасы мен немересі қайда шықты?
Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 11-12 бет. Дәптерге қақпанға түскен қасқырды сипаттап жазу.
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай шығармалармен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: Қыс өлеңін жаттау, «Сонарда» әңгімесін мазмұндау
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.