.
.
Тақырыбы:Аққулы көлде.Жазғы таң. Аққулы көлде.Жазғы таң.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5322 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты:1.Табиғат тамашалары тарауы бойынша түсінік беру.С.Сейфуллиннің Аққулы көлде , М.Жұмабаевтың Жазғы таң өлеңінің мазмұнымен таныстару.2.Ақындардың табиғаттың тылсым сырлары туралы айтқысы келген ойларын ашып түсіндіру.3.Табиғатты қорғауға,аялауға баулу.
Сабақтың түрі:қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III Үй тапсырмасын сұрау:Тіл және тәуелсіздік тақырыбының мазмұнын сұрау.Ұлағатты сөздерді жатқа сұрау.
ІІІ Жаңа материалмен жұмыс:
а)С.Сейфуллин, М.Жұмабаев туралы түсінік беру, шығармаларын еске түсіру жай
С.Сейфуллин-қазақтың көрнектіа ақыны,драматург жәнеқоғам қайраткері.Оның Қыр балалары, Тар жол тайғақ кешу т.б. шығармалары бар.
М.Жұмабаев- қазақтың аса дарынды ақыны. Тұңғыш өлеңдер кітабы Шолпан деп аталады. ә)Оқулықпен жұмыс: Аққулы көлде тақырыбын оқшыларға тізбектей оқытып,түсіндіру.
Сұрақ- жауап:
-Ауыл қандай көлдің жағаында орналасқан?
-Жазғы көлдің табиғаты қандай еді?
-Көлге қандай құстар ұшып келіп жатты?
Жазғы таң өлеңін оқушылар шумақтап оқиды,мәнерлеп оқиды.
Б)Дәптермен жұмыс.Өзіндік жұмыс дәптері 5-бет
Өз бетімен жұмыс.Осы екі шығарманы көз алдарына елестете отырып, жазғы даланың көрінісін бейнелеу,өз ойларымен шағын шығарма жаздыру.
Оқушылардың салған суреттерін тақтаға іліп ,бағалау.Жазған шығармалары бойынша жауаптарын тыңдау.
IV.Қорытындылау: Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Кімдердің шығармаларымен таныстық?.
V.Үйге тапсырма: Жазғы таң өлеңін жаттау. Аққулы көлде тақырыбының мазмұнына дайындалу.
VІ. Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.