.
.
Тақырыбы: Абылай Абылай
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 277 | Просмотров: 1567 | Размер: 338.2 Kb | Автор: ТәрбиеМақсаты: 1.Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін
жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, Абылай жырын
түсініп оқуға дағдыландыру. 2.Мәтіндегі
негізді ойды анықтау. Автор туралы мәлімет беру.
Өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3.Сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: Түсіндірмелі- иллюстративтік.
Формасы: Ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі, тарих, музыка.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін шоғырландыру, кезекшілік міндетіне тоқталу.
Үй тапсырмасын тексеру
Тайбурылдың шабысы шығармасының мазмұнын сұрау.
Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Мағжан Жұмабаев туралы түсінік беру.
Абылай хан- Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан болып сайланған. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған Ол саясаткер, білімдар, дарынды қолбасшы. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүздің күшін біріктіруді жүзеге асырған. Ол билік құрған кезде қазақ халқы қалмақтаран елін жерін азат етіп, тәуелсіздігін сақтаған.
Оқулықпен жұмыс: Абылай жырын оқушыларға мәнерлеп, тізбектей оқыту
а) Іштей оқу
ә) Тізбектей оқу
Сөздікпен жұмыс:
Арқада-кең далада
Бұйра сыпсың-сыбдырлаған ағаштар
Екі оттың-екі елдің
«Көшпенділер» фильміндегі Абылайдың Қалден Сереннің баласы Шарышты өлтіргенін көрсету.(«Адай» күйі орындалып тұрады)
Тапсырма: Ана тілі оқулығындағы «Абылай хан» шығармасымен байланыстыру:
Дамытушылығы
Бес жолды өлең құрастыру (Санкуин стратегиясы)
Зат есім Кім?
Сын есім Қандай?
Етістік Не істеді?
Синоним
Түйінді сөз
Бекіту
-Абылай жыры қандай дастаннан алынған?
-Жырда қандай жер аттары баяндалады?
- Неліктен оны аруақты санайды?
-Неліктен ел ішінде Абылайды беделді санайды?
Үйге тапсырма
Мазмұнын айту
Абылай хан туралы деректер жинау
Бағалау
Оқушыларды мадақтап бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.