.
.
5 – сынып Айналайын!
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1789 | Размер: | Автор: ТәрбиеАйналайын!
Бала кезімнен естіген, үйренген, білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен еркше орын алды. Өйткені ол сөзді әжем де, анам да, әкем де мен үшін тілдерімен емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін. Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық лебін тигізе иіскейтін. Сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сезілетін. Ол сөз әжемнің аузынан шыққан сайын масаттанып, наздана түсетінмін, еркелейтінмін. Ол сөз – «Айналайын!» деген сөз еді. Осы сөз әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сайын, мен іштей қайталаймын, есейе келе, өзімнен кішілерге мен де «Айналайын!» дейтін болдым.
Айналайын!
«Жақсы сөз – жан азығы» деген халық пікірінің сырын осылайша түсіндім. Міне, менің әрқашан да «Айналайын» деп соғатын жүрегімнің сыры да осында.
М.Әлімбаев
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.