Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алгоритм және оның қасиеттері» -

«Алгоритм және оның қасиеттері»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 344 | Просмотров: 1820 | Размер: 60.0 Kb | Автор: Тәрбие
. «Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Алгоритм және оның қасиеттері»

Информатика нәнінің мұғалімі: Тұрсынжанқызы Бұлбұл
9 «а» сыныбы

13.12.2013 жы
Сыныбы: 9 «а» Күні: 13.12.2012 ж Мұғалімі: Тексерген:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Алгоритм және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:
«Алгоритм» ұғымы және оның қасиеттерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және уақытты үнемдеуге, топпен
жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Алгоритм және оның қасиеттеріне мысалдар келтіре отырып,
оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жекелей, практикалық, СКТ

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, флипчарт, бағалау парақтары, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мақсат қою
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Түсінгенін тексеру
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу;
б) Кабинеттің тазалығына назар аудару;
в) Оқушылардың отырысына, бет-бейнесіне көңіл бөлу;
г) Оқушыларды түгендеу;
д) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
е) Оқушыларды топқа бөлу;
ж) Бағалау парақтарын тарату.

2. Мақсат қою.
Оқушылар білуі тиіс:
- Алгоритм дегеніміз не?
- Алгоритм сөзінің пайда болуы
- Алгоритм қасиеттері.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Күнделікті өмірде, мектепте сіздерге әртүрлі есептерді шешуге тура келеді. Кейбір есептер математикамен байланысты емес, сонымен қатар сіздер оларды есеп ретінде де қарастырмайсыздар да, оларды ойланбай-ақ шешесіздер. Мұндай есептерге: «Бір затты сатып алу», «Сүйікті тағамыңыздың кулинарлық рецепті», «Жолдан өту ережесі» және т.б.жатады. Мұндай есептерді шешу бірнеше тізбектелген қадамдармен жүзеге асырылады. Есепті шешудегі мұндай тізбектелген қадамдар алгоритм деп аталады.
Алгоритм – математиканың, программалаудың бастапқы ұғымдарының бірі.
Бұл термин алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттер тізбегін анықтайтын ережелер жиынын белгілеуде қолданылады.
Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешімін, яғни ізделініп жатқан нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын іс-әрекеттер тізбегінің дәл және түсінікті сипаттамасы.
Алгоритм сөзінің пайда болуы ұлы математик Мұхаммед әл-Хорезмидің атымен байланысты.
Әл-Хорезми б.з. ІХ ғасырында сандарға қолданылатын төрт арифметикалық амалдардың орындалу ережесі туралы математикадае кітап жазған. Бұл ережелер сандардың қосындысын немесе көбейтіндісін алу үшін орындалу қажет іс-әрекеттер тізбегін анықтайды.
Латын тіліне аударғанда автор атын Алгоритми деп жазған. Оның еңбектеріне сілтеме жасағанда «Алгоритм осылай айтқан ...» деген.
Уақыт өткен соң әртүрлі есептерді шешу тәсілдері алгоритмдер деп аталатын болды.
Алгоритм мен атқарушы ұғымдары өзара тығыз байланысты. Алгоритмді тек адамдар құрастырады.
Одан алгоритмді құру ережелерін білу талап етіледі. Алгоритмді адамдар және әртүрлі құрылғылар – компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы, роботтар орындайды. Атқарушылардан алгоритмді дәл орындау талап етіледі. Алгоритмдегі әрбір іс-әрекет команда, ал командалар жиынтығы атқарушы командалар ж.йесі деп аталады.
Сонымен біз сіздермен анықтағандай іс-әрекеттердің көбісін белгілі бір алгоритмдермен орындаймыз, кейде өзіміз оны сезбей де қаламыз. Алгоритмдер әлемі алуан түрлі. Осыған қарамастан кез келген алгоритмдерде бар жалпы қасиеттерді атап кетуге болады. Олар:
1. Түсініктілігі - атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс.
2. Дискреттілігі - алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады. Мысалы, газеттегі хабарландыруды оқу үшін алдымен оны сатып алып, содан кейін керекті беті мен айдарды тауып алу қажет.
3. Анықтылығы - алгоритмнің әрбір қадамы екіұшты болмай, дәл және бір мағыналы болуы қажет. Мысалы, алгоритмде 2-3 стақан қант алу керек деп жазуға болмайды. Қанша қант қажеттігін дәл көрсету керек.
4. Нәтижелілігі - алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешімге әкелуі тиіс. Мысалы, информатикадан бес деген баға алу үшін, алдымен теориялық мәліметтерді толық меңгеріп, тәжірибе жүзінде орындай алуыңыз қажет.
5. Жан-жақтылығы - алгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылады. Мысалы, сандарды қосу және көбейту ережелері тек белгілі бір сандар үшін ғана емес, кез келген сандарға қолданылады.

1.Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің
шешімін, яғни ізделініп жатқан нәтижеге
қол жеткізу үшін орындалатын іс-әрекеттер
тізбегінің дәл және түсінікті сипаттамасы



2.Алгоритм атауы атақты араб математигі
Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850)
есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып
жазылуынан шыққан

3.Қасиеттері:
3.1. Түсініктілігі - атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті
болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс
3.2. Дискреттілігі - алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым
қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады
3.3. Анықтылығы - алгоритмнің әрбір қадамы екіұшты болмай, дәл
және бір мағыналы болуы қажет
3.4. Нәтижелілігі - алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан
кейін ол дұрыс шешімге әкелуі тиіс
3.5. Жан-жақтылығы - алгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез
келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылады

4.Маңызы.
4.1. Тиімділігі – мақсатқа сәйкес барлық нұсқаулар рет-ретімен орындалып,
белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді
4.2. Қолайсыздығы – тапсырманың қалыпқа сай орындалуы шектеу туғызады

5.Қорытынды.
Алгоритм – нұсқаулар нәтижесінің шешімі

" Картопты пісірудің кулинарлық рецепті" алгоритмін оның қасиеттерімен бірге қарастырайық:
1. Керекті компоненттерін дайындаңыз: картоп, қақпағы бар ыдыс, пышақ, су, тұз.
2. Пышақпен картопты тазалаңыз.
3. Картопты сумен жуыңыз.
4. Картопты ыдысқа салыңыз.
5. Ыдысқа су құйыңыз.
6. Тұздаңыз.
7. Суды қайнатыңыз.
8. Отты баяулатыңыз.
9. Картоп піскенге дейін қайнатыңыз (20 мин шамасында).
10. Ыдысты оттан алып, суын төгіңіз.
11. Картоп дайын.
Ал енді оның қасиеттерін талдайық:
1. Алгоритм түсінікті, себебі біз картопты қалай пісіру керек екенін білеміз.
2. Алгоритм дискретті, себебі барлық процесс жеке қадамдарға бөлінген (біздің жағдайда 11 қадам).
3. Алгоритм анық жазылған, себебі әрбір қадам қысқа және атқарушыға түсінікті.
4. Алгоритм нәтижелі, себебі алгоритмді дәл орындасаңыз, түскі асқа картоп дайын болады.
5. Алгоритм әмбебап, себебі мұнда картоптың сорты, өлшемі, не ыдыстың түрі дегендей мәліметтер қарастырылмайды.

4. Түсінгенін тексеру.
Тест
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан
Ә) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
Б) Латынның algoritm сөзінен
В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын іс-әрекеттер тізбегінің дәл және түсінікті сипаттамасы
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) Алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Ә) Алгоритмнің айқындылығы, үзіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелілігі
Б) Алгоритмнің түсініктілігі, дискреттілігі, анықтылығы, нәтижелілігі, жан-жақтылығы
В) Алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
4. Алгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылуы?
А) Нәтижелілігі Ә) Жан-жақтылығы
Б) Түсініктілігі В) Дискреттілігі
5. Алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы?
А) Нәтижелілігі Ә) Түсініктілігі
Б) Жан-жақтылығы В) Анықтылығы
6. Алгоритмнің дәл және бір мағыналы болуы
А) Анықтылығы Ә) Жан-жақтылығы
Б) Нәтижелілігі В) Дискреттілігі
7. Алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі?
А) Нәтижелілігі Ә) Дискреттілігі
Б) Анықтылығы В) Түсініктілігі

8. Алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін дұрыс шешімге әкелуі?
А) Анықтылығы Ә) Түсініктілігі
Б) Нәтижелілігі В) Дискреттілігі

5. Сабақты бекіту.
І топ – «Сабаққа даярлану» алгоритмі
ІІ топ – «Шәй ішу» алгоритмі
ІІІ топ – «Компьютерді сөндіру» алгоритмі
ІV топ – «Жолдан өту ережесі» алгоритмі

6. Үйге тапсырма беру.
15 – 44 бет оқу
3 алгоритм құрып келу

Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.