Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алматы зоопаркінде. -

Алматы зоопаркінде.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2588 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Алматы зоопаркінде.
Сабақтың мақсаты: Жануарлар туралы танымдық білім меңгерту.
Міндеттері: Сөздік байлығын жаңа сөздермен толықтыру, білу, жануарлар туралы өз пікірін айта білу.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ (модуль бойынша бірінші сабақ)
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Сабақтың көрнекіліктері: презентация, видео.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
- Бүгін сабақта кім кезекші?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Бүгін сабақты кім жоқ?
- Сабаққа дайынбыз ба?
- Сабаққа не керек?
- Желтоқсанда қандай мерекелер бар?
- Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
- Қазақстанның табиғаты қандай?
- Қазақстанның табиғаты үлкен.
- Қазақстанның табиғаты әдемі.
- Қазақстанның табиғаты таза.
- Қазақстанның табиғаты бай.
- Ал Қазақстанның табиғаты немен бай?
- Қазақстанның табиғаты көлдермен бай.
- Қазақстанның табиғаты ормандармен бай.
- Қазақстанның табиғаты таулармен бай.
- Қазақстанның табиғаты жануарлармен бай
3. Ал енді балалар мына экранға назар аударайық.
- Біз нені көрдік?
Аюды көрдік.
Арыстанды көрдік.
Жолбарысты көрдік
- Тағы нені көрдік?
Балықтарды, құстарды көрдік
Маймылды көрдік
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Кім біледі?
Оларды бір сөзбен жануарлар деп атаймыз
- Олар қайда мекендейді?
- Олар орманда мекендейді
- Олар тағы қайда жүреді?
- Далада жүреді.
- Жануарларды тағы қайдан көруге болады?
- Жануарларды тағы зоопаркте көруге болады
- Қалай ойлайсыңдар сабақта не туралы айтамыз?
- Сабақта жануарлар, құстар туралы айтамыз
- Иә, дұрыс.
ІІ. Жаңа сабақ.
-Жақсы бүгін сабақтың тақырыбы: Алматы зоопаркінде.
Сабақтың мақсаты: Алматы зоопаркіндегі жануарлар туралы айтуға үйрену.
- Бүгін біз Алматы зоопаркімен танысамыз.
- Ал сабақта білімдерінді смайликтермен бағалаймыз.
- Бағалау парақтарын алдарында жатыр.
-Қазір топқа бөлініп жұмыс істейміз.
- Ал енді топтарға бөлінейік. Мына жерден өздеріне ұнайтын аң мен құстардың бейнесін таңдап алыңдар. Алып, бастарына киіп алыңдар.
- Ал енді бір-бірімізге қарайық.
-Құстар бір топқа, жануарлар бір топқа отырайық.
1. – Ал енді экранға назар аударайық.
Видео «Алматы зоопаркі»
Видео бойынша сұрақтар қоямын.
- Нені көрдік?
- Зоопаркті көрдік
- Алматы зоопаркінде нені көрдіңдер?
- Жануарларды көрдік.
- Мынау жануарлардың аттарын білесіңдер ме?
- Қандай жануарларды көрдіңдер?
Аю
Пілді көрдік.
Тағы нені көрдіңдер?
Кенгіру көрдік
-Дұрыс, жақсы, жарайсыңдар.
2. –Қазір мәтінді оқимыз.
- Бірінші жаңа сөздермен танысып алайық.
(жаңа сөздер экранда және балалардың алдында)
- Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- Оқушылар дауыстап қайталайды;
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырайық.
Оцениваю детей смайликами

Ашылған – открыт үлкен жануар
Жануар – животное өте әдемі қабылан
Аңдар – звери жүйрік аңдар
Құс – птица жануар әкелінген
Үнді піл – инд слон Мен үнді пілді көрдім
Алып – большой Мен жазда зоопаркке бардым
Жүйрік –быстрый Мәскеуге бардым
Балық – рыба әдемі балық
Қабылан – пантера Мен керікті көрдім
Тор – клетка Алматыда хайуанаттар бағы ашылған
Керік – жираф
Ірі – крупный
Әкелінген – привезены
Мәскеу – Москва
- Ал алып тағы басқа сөзбен қалай айтуға болады?
- Өте үлкен
4. - Ал енді мәтінді оқиық.
- Кітаптың бетін ашайық 151 бет.
Мұғалім мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқиды.
Бір оқушы мәнерлеп оқиды.
- Не туралы оқыдыңдар?
- Алматы зоопаркі туралы.
- Түсіндіңдер ме?
- Онда не бар екен?
Онда құстар мен жануарлар бар
Қандай жануарлар бар?
Шимпанзе бар
Піл бар.
Жолбарыс бар.
- Дұрыс, мәтінді түсінген екенсіңдер.
5. Енді қазір мәтін бойынша әр топ сұрақтар құрастырайық.
Құстар тобы сұрақ қойып, жануарлар тобы жауап береді, сосын жануарлар тобы сұрақ қойып, құстар тобы жауап береді.
Оценивают дети отвечающих учащихся (смайлики)
- Ол қалай жауап берді ? Ол толық жауап берді ме?
ІІІ. Сергіту сәті.
6. – Ал енді экранға тағы назар аударайық.
- Сосын осы мәтін бойынша жазбаша жұмыс орындайсыңдар. Мұқият қарап алыңдар.
Ең үлкен жануар көк кит.
Ең ірі жануар – піл.
Ең алып жануар – зіл. Оның салмағы 3,5 тонна Бір күнде 70 кг. тамақ жейді.
Ең биік жануар – керік. Оның бойы 5-6 метр.
Ең жүйрік аң – гепард.
Ең үлкен құс – африкалық түйеқұс.
Ең кішкентай құс – колибри. Оның салмағы – 1,5 грамм.
7. – Ал, қазір дәптерлермен жұмыс.
Енді жануарлардың ең ерекше қасиеттерін жазамыз.
Жираф ең .... жануар (биік)
Көк кит ең ... жануар (үлкен)
Гепард ең ... жануар (жүйрік)
Піл ең .... жануар (ірі)
Африкалық түйеқұс ең ... (үлкен) құс.
Колибри ең ... құс. (кішкентай)
- Балалар Қазақстанның қандай рәміздерін білесіңдер
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Дұрыс айтасыңдар
- Ал біздің туымызда қандай құс бейнеленген?
- Қыран құс
Керекті сөздер: биік, ірі, жүйрік, үлкен, кішкентай, үлкен
- Ал енді тексерейік. Кәні, Саша оқы.
Дұрыс па?
ІҮ. Сабақты бекіту.
-Қазір екі топқа бір жағдаят беріледі.
- Сол жағдаят бойынша шағын мәтін жазып, әңгімелейсіңдер.
Құстар тобына: Сендер жолда келе жатып аяғы сыңған кішкентай торғай көрдіңдер. Не істейсіңдер?
Суретке қарап, берілген сөздерді қолданып мәтін жаз. Қажетті сөздер: аяғы сынған, қорқып тұр, дірілдеп тұр, қаша алмайды, ауырады, аяғын орау, жем, дос болу.
Жануарлар тобына: хабарлама оқыдыңдар. Онда былай жазылған. Жақында «Томпақ» деген аюдың туған күні. Оны келіп құттықтауға болады.
Сұрақ: Не істейсіңдер?
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Сабақта біз не істедік?
- Алматы зоопаркі туралы мәтін оқыдық.
- Не үйрендік? (жаңа сөздер үйрендік)
Сұрақтарға жауап бердік.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Ұнаса смайлик таңдап аласыңдар.
- Сен неге мынау смайлікті таңдап алдың?
Мен көңілдімін.
Мен ризамын.
Мен қуаныштымын.
Маған ұнады.
Мен «5» деген баға алатын шығармын.
- Ал неге мынау смайликті таңдап алған жоқсыңдар?
- Өйткені сабақ жақсы өтті.
- Сабақ қызықты өтті.
Ал енді өз бағаларын қарап шығайық.
ҮІ. Бағалау.....
ҮІІ. Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, мәтінді оқу к.б.151
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.