.
.
Күлбаршын Ахметкалиқызы Нәзбиева Қалта телефонымен сөйлесу әдебі туралы.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6231 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚостанай облысы,Әулиекөл ауданы
Кешкі орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі
11 сынып
Тақырып:Қалта телефонымен сөйлесу әдебі туралы.
Сабақтың мақсаты:тақырып бойынша сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік:Лексикалық тақырып бойынша ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:Сөздік қорын байыта отырып,коммуникативтік құзыреттілігін дамыту,ой-өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Ақпараттық технологиямен жұмыс істеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілік: сүреттер,интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың түрі:ұжымдық,жұптық,топтық түрде бірлесіп білім алу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Өзектендіру.
1.Неологизм сөздерді еске алу.
2.Неологизмдер туралы ереже.
ІІІ.Жаңа тақырып.
Ой шақыру
-Қалта телефон дегеніміз не?
-Сендер қалта телефонмен қолданасыңдар ма?
-Қалта телефон арқылы ғаламторға шығуға болады ма?
-Саған қандай қалта телефоны ұнайды?
ІҮ.Оқылым .Мәтін.
Мен қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын.Себебі кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін.Ондайда мұғалім ескерту жасайды.Менің қалта телефонымның фотоаппараты және бейнекамерасы бар.Әдемі сәттерді суретке түсіремін ,бейнекамераға жазамын.
Телефонмен достарыма СМС, ММС жіберемін.Қалта телефонмен кейде ғаламторға кіремін.@mail-ды жазып ,өз" Әлеміме" де кіремін.Электронды поштамды тексеремін.Қалта телефонның қызметі қымбат.Сондықтан мен ұзақ сөйлеспеймін.Жақында телефоныма агент орнаттым.Ал агент арқылы сөйлескен арзан.Телефон арқылы достарымды кез келген жерден тауып аламын.Қалта телефонды ұзақ пайдалану уақытыңды алады,шаршатады.Уақыттың қалай өткенін байқамай қаласың.
Ү.Мәтін бойынша тапсырма.
1.Әр оқушы мәтінді ішінен бір рет оқу ұсынылады.
2.Оқушылардың мәтінді түсінгендерін тексеретін жұмыстар орындалады.
Тақтаға мынадай сөйлемдер жазылады:
Қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын.Жақында телефоныма агент орнаттым.Қалта телефонын ұзақ пайдалануға болмайды.Оқушы осы сұрақтарға нақты жауап берсе,мәтінді дұрыс түсінгені.
3.Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңдар.
№ сөйлемдер дұрыс бұрыс
1 Мен қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоймаймын.
2 Менің қалта телефонымның фотоаппараты және бейнекамерасы бар.
3 Қалта телефонымен кейде ғаламторға кіре алмаймын.
4 Телефон арқылы достарымды кез келген жерден тауып аламын.
5 Қалта телефонын ұзақ пайдалануға болмайды.
ҮІ.Топтық жұмыс.
1.Әр топ бір-біріне 3-4 сұрақ қойып,жауап береді.
ҮІІ.Грамматикалық тапсырма.
1.Мәтіннен неологизм сөздерді табу.
ҮІІІ.Бекіту.
1-топ.Рөлдік ойын.Телефонмен сөйлесу.
Қатысушылар: оқушы және сабаққа келмеген сыныптасы.
Сұрақтар:
1.Сен сабаққа неге келмедің?
2.Қалай ауырып қалдың?
3.Емханаға бардың ба?
4.Дәрігер қандай ем берді?
2-топ.
Мәтіннің мазмұны бойынша тест құрастырады.
3-топ.
Қалта телефон тақырыбына эссе жазады.
ІХ.Рефлексия.
Сабақта не туралы білдік?
Х.Қорытын.
Қалта телефон заманауи жетістік.Қалта телефонсыз өмір сүре аламыз ба?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.