Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Антонимдер -

Антонимдер

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 299 | Просмотров: 2062 | Размер: 23.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы.
І.Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1. Лексика дегеніміз не?
2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.
3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.
ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.
ІV.Жаңа сабақ.
Өзіндік ізденіс – білім негізі.
Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.
-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.
-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер Болымды, болымсыздық мағыналар
1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи). Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті.
2.Жаман сөз жылатады,
Жақсы сөз жұбатады. Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)
3.Білімді – алтын көзі ашылатын,
Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки) Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)


Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
1- топ тапсырмасы:
Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.
Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т.б.
2-топ тапсырмасы:
Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар.
Мақалдар.
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаңылтпаштар.
• Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
• Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
• Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
Жұмбақтар.
• Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/
3- топ тапсырмасы:

Сын есім Етістік Зат есім Есімдік Үстеу
ауыр-жеңіл,
кең-тар,
ыстық-суық,
жас-кәрі
артық-кем,
аш-тоқ,
арық-семіз,
оңай-қиын

озу-қалу,
кету-келу,
қону-ұшу,
шашу-жинау,
ашу-жабу,
кіру-шығу,
күлу-жылау,
сату-алу өтірік-шын,
обал-сауап,
алғыс-қарғыс,
рахат-бейнет,
бақ-сор,
өмір-өлім,
пайда-зиян,
жаз-қыс,
күн-түн анау-мынау,
әне-міне,
осы-сол ерте-кеш,
ақырын-шапшаң,
жоғары-төмен,
алыс-жақын,
әрі-бері

Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)
Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).
Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.
V.Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу.
Ашу ................. (дұшпан) Ақылдан жақын ............... (дос) жоқ,
Ақыл ................ (дос). Ашудан жаман ................ (қас) жоқ.
VІ.Бекіту кезеңі:
Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

VІІ.Рефлексия.
Тапсырма орындауда ынтасыз / ынталы
Мен өз пікірімде қала білдім / қала алмадым
Менің сабаққа қатысым көңілімнен шықты / шықпады
Топтық жұмыс ұнады / ұнамады
Өз жауабыңа көңілің толды / толмады
Сіз не үшін оқисыз?
Кім үшін оқисыз?
Қалай оқып жүрсіз?
Неліктен оқисыз?
Біз қалай оқуды үйрендік?
Болашақта қалай оқығың келеді?
VІІІ.Үйге тапсырма беру: 100- жаттығу. 5 жолды өлең құрастыру.
ІХ.Оқушылардың білімін бағалау.
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» Жаттығу жұмысы Ой толғаныс Ой қорыту
Қорытынды баға




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік журналдары
2.5 – сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. «Атамұра», 2010
3. ustaz.kz сайты
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.