Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аралар. Бөкен. -

Аралар. Бөкен.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1894 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Аралар. Бөкен.
Мақсаты:1. Қ. Бегманов «Бөкен». М.Гумеров «Аралар» шығармаларымен таныстыру. 2.Ақындардың жан-жануарларға арналған шығармаларының мазмұнын түсіндіру. 3.Табиғат сырларын, киелі аңдардың мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Сонарда» шығармасының мазмұнын сұрау, «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: а) Қасымхан Бегманов, Машқар Гумеров туралы түсінік беру.
ә) Бөкен өлеңін мәнерлеп оқыту. Жаттауға уақыт беру. Оқушылар жаттаған шумақтарын айтып шығады.
б) Аралар әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою,
дәптерге жаздыру.
Сұрақ жауап:
1. Аралар қандай жәндіктер?
2. Араға неліктен Балғын деп ат қойды?
3. Өлеңде бөкенге қалай сипаттама береді?
Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 13-14 бет. Дәптерге араларды және бөкенді сипаттап жазу.
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай шығармалармен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: Бөкен өлеңін жаттау, «Аралар» әңгімесін мазмұндау
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.