Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ару көктем армысың?! Ақ тиін -

Ару көктем армысың?! Ақ тиін

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2194 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Ару көктем армысың?! Ақ тиін
Мақсаты:1.Ж. Қыдыров, М.Байділданов туралы түсінік беру. Ару көктем армысың?!, Ақ тиін шығармалары мазмұнымен таныстыру. 2.Ақындардың көктемгі дала табиғатына арнаған жырларының мазмұнын,мағынасын ашу. 3.Табиғат сырларын түсіне білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Таудағы көктем өлеңін жатқа сұрау. Көктем, Жел өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: а) Ж. Қыдыров, М. Байділданов туралы түсінік беру.
Ару көктем армысың?! өлеңін мәнерлеп оқыту.
Ару көктем армысың!
Көкке біткен әнбісің,
Жерге біткен сәнбісің,
Алтын арай таңбысың!?
ә) Оқушылар өз беттерімен іштей оқиды, 5,7 минут жаттауға уақыт беріледі. Өлең шумағын дәптерлеріне жатқа жазады.
б) Ақ тиін шығармасын тізбектей оқыту. Мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ жауап:
1. Ақ тиінде жылдың қай мезгілі суреттеледі?
2. Қорадағы көрінген мақұлық не еді?
3. Ақтөс пен Ақ тиін қалай достасты?
Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 9-10 бет. Тиінді сипаттап жазу
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай шығармалармен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: Ақ тиін шығармасын мазмұндау. «Ару көктем армысың?!» өлеңін мәнерлеп оқу.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.