.
.
3- СЫНЫП № АЙЫ, КҮНІ: Асхана.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1928 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Асхана. –қа, -ке, -ға, -ге жалғауы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту. Мектеп
туралы жалпы түсініктерін анықтау. -қа, -ке, -ға, -ге жалғауларын
қолданылуын үйрету.
Міндеттері:1.Жаңа сөздермен танысады, олардың қолдану аясын көреді; үлгілер
бойынша сөйлеуге үйренеді; -қа, -ке, -ға, -ге- жалғауларының мағынасын
түсініп, қолдану ережелерімен танысады.
2.Сабақ барысында оқу, жазу дағдыларын дамытады; байқағыштық,
логикалық ойлау, ізденістік қызығушылығын дамытады.
3.Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне
көмектесуді үйренеді
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап,
көрнекілік.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау
3.Жаңа сабаққа кіріспе.
Ауызша ассоциативті топ құрау арқылы сабақтың мақсатын анықтап, жұмыс бағытын белгілейміз.(Мектеп жайлы әңгімелесу және -қа, -ке, -ға, -ге – бағытты білдіретін жалғаулардың қолдануын үйрену). Ассоциативті топ «Мектеп» сөзіне құрастырылады.
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
• Жаңа сөздермен танысу.
- Суреттегі таныс сөздерді оқушылар атап шығады, ал таныс емес, жаңа сөздерді, жеке, хормен оқып қайталайды.
• Мектеп – мектепке байланысты сөздерді атап шығады;
• Сынып – сыныпқа байланысты сөздерді атап шығады;
• Асхана – асханаға байланысты сөздерді атап шығады;
• Кітапхана- кітапханаға байланысты сөздерді ашығады;
Оқушыларға жаңа сөздер жазылған қима қағаздар таратылып, сөздік-дәптерлеріне желімдеп қояды.
• Осы берілген сөздермен сұрақ-жауап арқылы шағын мәтін құрау
Мынау мектеп. Мынау (кішкентай) үлкен мектеп. Мектепте асхана, кітапхана бар. Мынау менің мектебім.
• Сөйлемді «бар-барамын» сөзімен байланыстырып құрау керек.
«Бар» - «иди» сөзі бағытты білдіретіндігін, оның шартты белгісін( )естеріне түсіреді. Сол арқылы сөйлем құрауға тырысады. «Бар» сөзі -қа, -ке, -ға, -ге жұрнағы жалғанған сөздермен (зат есіммен) қолданатындығы түсіндіріледі.
• Сабақ барысында үйренген жалғауларды, жаңа сөздерді пайдаланып өз бетінше сөйлем құрау.
5. Бекіту- жазба жұмыстарын орындау
• Жалғаулардың жуан, жіңішке болатындығын бекітіп, үндестік заңы бойынша жалғанатындығын қайталау және тақтадағы жаттығуларды орындау.
Тапсырма: барыс септігінің жалғауларын үндестік заңы бойынша берілген сөздерге дұрыс жалғау керек.
АЛМА, СҮТ, ӘКЕ, МЕКТЕП, КІТАПХАНА...
-Сөздерді дұрыс орналастыру үшін оқушылар ауызша жауап береді – мұғалім тақтамен жұмыс істейді.
• Сөздердегі бос торларға керекті жалғауларды жалғау керек. Әрбір оқушы өз дәптерінде жаттығу жұмысын орындаған соң, топ ішінде өз-өздерін тексеріп таратпа карточканы толтырады. Мұғамімге тапсырады, жұмыстар оқушылармен бірге тексеріледі. Тақтаға дұрыс нұсқасы жазылады.
Мен мектеп... барамын. Мен асхана... барамын. Мен үй... барамын.
6. Бағалау- жиналған житон (суреттер) бойынша қорытындылау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.