.
.
Наралиева Райхан Бердалиевна, Қасым Аманжолов «Дауыл» өлеңі.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1831 | Размер: | Автор: гостьН.Төреқұлов №8 жалпы орта мектебінің мұғалімі.
Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Дауыл» өлеңі.
Мұғалім Наралиева Райхан
Пәні Қазақ тілі
Сабақтың өткен уақыты
Сынып
Сабақтың тақырыбы Қасым Аманжолов «Дауыл» өлеңі.
Сабақтың мақсаты Оқушыларға Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін, ақын өмірі мен «Дауыл» өлеңінің байланысын ұғындыру. Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, сезімталдыққа тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен шығармашылық жұмысқа дағдысын дамыту.
Оқудың нәтижесі Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын меңгереді, «Дауыл» өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, талдау жасайды, тақырыпты ашады, Отанды, туған жерді сүюге үйренеді, өз беттерімен шығармашылық жұмыс кезінде өз ойларын ортаға салады, жауап береді, дағдыланады.
Дерек көздері мен құрал-жабдықтар Компьютер, қарындаш, презентация, тапсырма қағаздар, маркер, А3-А4 форматты қағаздар.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Уақыты (45 минут) Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин. 1. Мұғалімнің оқушылармен сәлемдесуі.
2. Сәлеметсіңдер ме, балалар. Көңіл-күйлерің қалай?
– Жақсы.
– Тамаша.
3. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.
– Мен бәріңе денсаулық тілеймін
Мен бәріңе қуаныш тілеймін
Мен бәріңе мейірім тілеймін
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін.
Мен бәріңе сәттілік тілеймін. Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, шеңберде тұрып, қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын қосылып айтады.
Топқа бөлу 3 мин. Мұғалім:
Жемістердің түсіне қарай топқа бөлінеді. Оқушылар өздеріне ұнаған жемісті таңдап алып, топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау.
І. Білу.
3 мин. Үй тапсырмасын сұрау.
Қажымұқанға мінездеме.
«Қажымұқанды кім деп таныдық?».
Қажымұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
Бүгінгі күні дәл Қажымұқан атамыздай Тәуелсіз Қазақстанның атын шығарып жүрген спорт саңлақтарын атаңдаршы? Үй тапсырмасына жауап береді.
ІІ. Түсіну. 5 мин. Жаңа сабақты ашу мақсатында «Инсерт» кестесі пайдаланылады.
Нені білдім?, не білгім келеді? не білемін?
Ақынның өмірі мен шығармашылығы жазылған мәтінді бөліктерге бөлу, оқушыларға оқытқыза отырып, өлеңінің мазмұнын меңгеру арқылы жаңа тақырыпты ашқызу.
Оқушылар өздері ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған бөліктерді оқып, өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, жаңа тақырыпты өздері ашады.
Тақырып: Қасым Аманжолов «Дауыл» өлеңі.
«Дауыл» өлеңін мәнерлеп оқытқызу.
1. Дауылды қалай түсінесіңдер?
2. Қатты соққан дауылды көрдіңдер ме? Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Қолдану. 10 мин. Шығармашылық жұмыс (Постер қорғау).
Презентация жасау.
Тапсырманы орындау.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, мазмұнына мән беріңдер.
2. Табиғаттың тылсым-күшті дауылға көңіл аудара отырып, оған мінездеме беріп көріңдер.
3. Ақынның дауылды суреттеуде өзінің көңіл күйімен астастыра жырлауына ден қойыңдар. Дауыл көрінісіне сурет салыңдар. Оқушылар тапсырманы орындайды, өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңнің 3, 4, 5-шумақтарындағы мінездеме береді, соңғы екі шумақ өлеңнің түйіні екенін аңғарып, лирикалық кейіпкерге (ақынға) дауылдың қандай әсері болғанын айтады, презентация жасайды, сурет салады.
Сергіту сәті. 2 мин. Би билету. Би билейді.
ІV. Талдау. 5 мин. Сөздік жұмысымен жұмыс жасау.
Дауыл – зат есім.
Шаңдатып, борандатып, алай-түлей, қатты соққан жел.
Жасын – зат есім.
Найзағай – зат есім.
сырғауыл – зат есім. Кішкенелеу келген ұзын ағаш.
Керуен – зат есім.
Алыс жерге жүк тасу немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі.
Көк дауыл – аязды, қарлы боран.
Қара дауыл – шаң, топырақ көтеріп соғатын дауыл. Сөздік жұмыспен жұмыс жасайды.
Сөздердің мағынасын ашады.
V. Жинақтау. 5 мин. Өлең құрылысын талдау.
Дәптермен жұмыс.
Өлеңнің құрылысына жазбаша талдау жасату.
Ыш-қы-на соқ-қан да-уыл-ға а
Құ-мар-ту-шы ем жа-сым-да. б
Нө-сер-леп құй-ған жа-уын-да б
Қы-зы-ғу-шы ем жа-сын-ға. а
8 буын, 4 тармақ, 1 шумақ, шалыс ұйқас. Өлең құрылысына қарай талдайды.
VІ. Қорытынды. 5 мин. Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламайтын құр басымның.
Тымырсық, түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл, адал болсаң – сырласыңмын.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!-деп
өзі жазғандай, Қасым өлеңдері өлмек емес. Оқушылар өздерінің ой-пікірлерін айтады.
VІІ. Бағалау. 3 мин. Көшбасшыға бағалату, өзін-өзі бағалау. Топтың көшбасшысы бағалайды, оқушы өзін-өзі бғалайды.
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазғызу. Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы жазады.
Үйге тапсырма. Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңін жаттап келу. Өлеңді жаттап келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.