Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Атамекен. Қазақстан. -

Атамекен. Қазақстан.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1634 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Атамекен. Қазақстан.
Мақсаты:1. «Атамекен». Қ.Аманжолов «Қазақстан» шығармаларымен таныстыру. 2.Ақындардың туған жерге арналған шығармаларының мазмұнын түсіндіру. 3.Отанды аялаудың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «» шығармасының мазмұнын сұрау, «» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: а) Қасым Аманжолов туралы түсінік беру.
ә) Қазақстан өлеңін мәнерлеп оқыту. Жаттауға уақыт беру. Оқушылар жаттаған шумақтарын айтып шығады.
б) Атамекен әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою,
дәптерге жаздыру.
Сұрақ жауап:
1. Қазақстан Республикасы туралы не білеміз?
2. Атамекен ұғымының мазмұны қандай?
3. Ақын Қазақстанға деген сезімін өлеңмен қалай жеткізеді?
Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 16-17 бет. Дәптерге Қазақстан туралы сипаттап жазу.
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай шығармалармен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: «Қазақстан» өлеңін жаттау, «Атамекен» әңгімесін мазмұндау
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.