Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының ұлттық киімдері -

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 389 | Просмотров: 2532 | Размер: 61.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні : 06.12.2013 пәні : қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы : Қазақ халқының ұлттық киімдері
Сабақ мақсаты.
Білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырып, олар туралы әңгімелеуге, етістіктің рай және оның түрлері туралы алған білімдерін тереңдете отырып жинақтау, бекіту.
Дамытушылық: сөздік қорларын толықтыру, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тақырып бойынша ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, адамгершілікке үндеу, өз ұлтының дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі : Білімді жинақтау, жүйелеу
Сабақтың формасы : Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, топтастыру
Көрнекіліктері: ИАТ, презентация, кестелер, бағалау парақшалары, А3, плакат қағаздары, маркерлер, саусақтар моделі, суреттер қазақтың ұлттық киімдері туралы
Пәнаралық байланыс: информатика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу
2. Назарларын сабаққа аудару
3. Сыныпты сурет қиындылары арқылы топқа бөлу (3топқа)
1 – топ – Сәукеле
2 – топ – Шапан
3 – топ – Қазақша көйлек
ІІ. Жаңа сабақ кіріспе
Сұрақ-жауап (әр слайд арқылы шығарып, жауабын көрсету)
- Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар?
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
- Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
- Қазақтың қандай ұлттық тамақтарын білесіңдер?
- Енді мына видео назар аударайық (слайд) яғни бұлар қалай аталады?
- Біздің сабағымыздың мақсаты қалай деп ойлайсыңдар?
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім : - Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады екен?
- Қазақ халқының ұлттық киімдерін төрт түрге бөлінген. Олар :


Слайтар арқылы қазақтың ұлттық киімдерін көрсету

Топтық жұмыс
Оқулық арқылы
1) №2 мәтінмен жұмыс
«Сәукеле» тобы – әңгімелейді
«Шапан» тобы - аударады
«Қазақша көйлек» тобы - өз ойларын айтады.

Сөздік оқушыларға көмек ретінде
ұлттық – национальный (-ая,-ое) салтанат - торжество
біркиер – праздничные дәстүр – традиция
күнделікті – каждодневный жиын – сборище
той-думан – праздник ішіктер – шубы ценные
сәнді – модный сәукеле – свадебный головной убор

2) «Ең – ең» ойыны. (Етістіктің рай категориясын қайталату)
- Ең көп қимылдайтын сөз табы
- Ең қимылды бұйыратын етістіктің райы
- Ең қимылдың өткенін, қазіргісін, келешек шағын білдіретін етістіктің райы
- Ең қимылдың қалау, тілегін білдіретін етістіктің райы
- Ең қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіретін етістіктің райы

3) Берілген мәтінді оқып, етістіктерін анықтап, шартты рай жасаңдар
Шапан – қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Қазақтар шапан аса бағалайды. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазір де бар.
Тымақ – қасиетті бас киім болып саналады. Тымақты айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар.

Сергіту сәті
Оқушыларға «Көршінің суретін сал» ойыны арқылы сабақты қорытындылау. Шарты оқушылар төбелеріне қағазды қойып, көршісінің бейнесін салады. Болғаннан кейін сол көршісіне тілек жазады.

4) №3 Тірек сызбалар негізінде «Киімдердің әлеуметтік дәрежесі» атты тақырыпта
«Сәукеле» тобы – диалог
«Шапан» тобы - әңгіме
«Қазақша көйлек» тобы - сурет салу

5) Әр топ өздерінің топ атауларын өзге топтарға түсіндіріп, топтарын қорғайды
(сурет, сызба арқылы)

6) «Жарыса сөйлем құрайық» ойыны
Шарты тақырып бойынша берілген суреттерге оқушылар тақтада ілінген плакатқа әрі жылдам, әрі сауатты жазып, сөйлем құрайды.

ІҮ. Бекіту
Венн диаграммасы арқылы әр топ, қазақтың ұлттық киімдерін өзге ұлт өкілдерімен салыстыру керек (орыс, кәріс, украин)

Ү. Қорытындылау. Рефлексия.
«Саусақтар»
Шарты: әр оқушының алдарына саусақ салынған суреттер таратылады. Суретке ұнатқан саусағына жүзік салу тапсырылады.
 Бас бармақ – мен түсіндім
 Балаң үйрек – мен білгім келеді
 Ортаң терек – маған қиын болды
 Шылдыр шүмек – мен тапсырманы түсіндім
 Кішкентай бөбек - мен тырысамын


ҮІ. Бағалау
Оқушының аты-жөні № 2 мәтінмен жұмыс «Ең-ең» ойыны 3.Шартты рай №3 тірек сызба бойынша Өз тобын қорғайды «Жарыса сөйлем құрайық» ойыны Венн диаграммасы Қорытынды баға







ҮІІ. Үй тапсырмасы.
111 бет №4 деңгейлік тапсырма
ІІІ деңгей – «3»
ІІ деңгей – «4»
І деңгей – «5»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АХМЕР ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕГІ АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы : «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі : Кияшова Н.Т.

Өскемен қаласы, 2013
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.