.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 294 | Просмотров: 3267 | Размер: 9.6 Kb | Автор: ТәрбиеД.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік лицей
11-сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жадыра Даниярқызы
Сабақтың тақырыбы Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты
1) шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл
тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру:
2) шешендік сөздегі термин сөздер,фразеологизмдер,мақал-мәтелдер,тура және ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту:
3) қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз сөйлеуден аулақтату,тауып сөйлеуге төселдіру,тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Түрі: аралас
Әдісі: саралап деңгейлеп оқыту,іздендіру,топтастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар,кесте,портрет суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту сатысы:
Ой қозғау
Ой толғаныс
Ой түрткі
Бет бұру
Оқушылармен жүздесіп,амандасу,түгендеу.
Үй тапсырмасын пысықтау.
1) Шешенге қандай талаптар қойылады?
2) Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?
3) Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
Тілдің тазалығы
Ой жүйелілігі
Сөздің мазмұндылығы
Сөз қысқалығы
Сөз түсініктілігі
Сөз әуезділігі
Сөз байлығы
Сөз анықтылығы
Сөз дұрыстығы
Сөз дәлдігі
Ал қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойынды қай топ ең жылдам, ең тапқыр сол топ жеңеді.
1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.
2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
Қандай сөз шықты, кім айтады?
Жауабы: «Шешен»
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.
Би-дау-жанжалға билік айтушы. Шешен-сөзге шебер,тілге жүйрік адам. Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше. Шешендік өнердің қайнар көзі
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ. Ой толғаныс
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға! Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер! Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік. Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
-Тәттіде не тәтті? -Қаттыда не қатты? -Жұмсақта не жұмсақ? 1-жігіт:Тәттіде бал тәтті. Қаттыда тас қатты. Жұмсақта мамық жаұмсақ Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті. Қаттыда атаның жүрегі қатты. Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ. Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің! Жарайсың, балам.Мұратыа жет, қатарыңның алды бол. Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыңнан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.
Ой түрткі Ауыл ақсақалы
Ру басы
Отағасы
Биағасы
Ел билеу ісінің тұтқасы
-Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз:
Бет бұру кезеңі
Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы
1.Зат есім: Шешен 2.Сын есім: шешендік сөз 3.Етістік: Айтысады.Тартысады.Шешіледі. 4.Сезіну: Шешендік сөз – ұлттық өнер 5.Синоним: Шешендік сөз--өнер падишасы
Үйге тапсырма: «Шешендік сөз--өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.