Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қазақ – қонақжай  халық» -

«Қазақ – қонақжай халық»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 412 | Просмотров: 6473 | Размер: 123.4 Kb | Автор: Тәрбие
. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі

Тақырыбы: «Қазақ – қонақжай халық»

Пән мұғалімі: Нурходжаева Л.К.

Шымкент 2014 ж.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ - қонақжай халық.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар «қонақжай» сөзін жан-жақты талдап, түсінік алады.
Білімділік: Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтайды.
Дамытушылық: Жаңа әдіс – тәсілдер арқылы сабақтың мақсатына жеткізу.
Тәрбиелік: Достық қонақжайлық, бауырмалдық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд шоу, кластерлер, үлестірмелі кестелер.
Сабақтың барысы:
Сабаққа белсенділігін ояту.
Алдымен оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру. Одан соң оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру. Өткен тақырыптар бойынша балалардың білімін тексеру, бағалау. Оқушылар екі топта отырады.
II. Модуль. Қазақ отбасында тұру еді. Оқушыларға қазақ отбасы ондағы қағидалар туралы блиц-сұрақтар қою.
I топқа сұрақтар.
1. Халқымызда қандай жақсы сал-дәстүрлер болған. (Үлкенді сыйлау-ұлылық)
2. Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер? (әке-шеше)
3. «Әдепті бала, арлы бала» (Әдепсіз бала сорлы бала)
4. Қазақ отбасындағы басты міндет етіп нені қойған? (ер азамат болып, халқына еңбек ету.)
5. Жеті ата туралы мақалдар айт (жеті атасын білмеген- жетесіз) (жеті атасын білмеген- жетімдіктің белгісі)
6. Енші дегеніміз не? (бала ер жетіп, жеке үй болып бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-мүлік)
7. Үш арсызға не жатады? (тамақ, күлкі, ұйқы)
8. Қазақтың ұлттық сусындарына нелер жатады? (қымыз, қымыран, шұбат, боза, айран, сүт т.б.)
9. Қазақстанның елтаңбасындағы қанатты пырақтың мүйізі неге жеті бөліктен тұрады? (жеті атасын білу)
10. Қазақтың негізгі ұлттық тағамдары? (бесбармақ, бауырсақ, қуырдақ, жент, сөк)
II топқа сұрақтар.
1. Әке тұрып ұл сөйлемейді, шеше тұрып қыз сөйлемейді кімдерге арналады? (отбасындағы ұл мен қызға)
2. Отбасының берекесін сақтайтын кім? (әйел, ана)
3. Ағайын деген кімдер? (ең жақын бауырлас адамдар)
4. Жеті атаға кімдер жатады? (Өзің, әкең, атаң, үлкен атаң, бабаң, түп атаң, тек атаң)
5. Жасау дегеніміз не? (қыз бала күйеуге шыққанда берілетін дүние мүлік)
6. Үш байлыққа не жатады? (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
7. М.Мақатаевтың үш бақытын ата? (бірінші-халқым, екінші-тілім, үшінші-Отаным)
8. Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, құмай тазы, майланғыш ау, өткір кездік, сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт)
9. Тәуелсіздік күні қай күн? (16-желтоқсан)
10. Әке көрген оқ жанар (шеше көрген тон пішер)

Әр топқа осындай сұрақтардан кейін «Жеті жетім» , «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа сұрау. Тақтадағы білімпаздық парағына бағалап отырады.

Сабаққа ендіру: Ал енді балалар тақтадағы мына суретке қарайық (Ой қозғау) қазақ халқының қонақ күтуі туралы сурет. Ал енді бұдан не түсіндіңдер, яғни бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ-қонақжай халық». Мәтінді оқушыларға оқып беремін. Оқушылармен бірлесіп отырып мазмұнын айтамыз. Қазақта «Басшысы жоқ ел-жетім»-деп айтады. Біздің еліміздің ел басы кім? Ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтушы , достық көпірін жасаушы, қонақжай адам. Мына суреттерге қарайық. «Елбасының кездесулері» суреттер. Балалар осы мәтінге байланысты екі тақрып бойынша кластер қорғайық.





Оқушылардың жұмыстарын бағалау. Дәптерлеріне оқулықтардың мына тапсырманы орындайды.
5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сен қонаққа жиі барасың ба? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет...)
2. Кімге қонаққа барасың? (достарыма, ағама, әжеме, сыныптастарыма)
3. Не сыйлайсың? (гүл, кітап, сағат, көйлек, орамал...)
4. Отбасың қонақты жиі шақыра ма? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет...)
5. Қонақтарды кім қарсы алады? (өзім , ағам, әкем, әжем...)
6. Қандай сусындар бересің ? (қымыз, шұбат, шырын)
7. Қонақтарға қандай ыстық тамақ бересің? (ет, палау, мәнті, бесбармақ, бауырсақ....)
8. Үй иелері қандай болу керек? (қонақжай, көңілді, ашық - жарқын)

Балалардың тапсырмаларын тексеру. Қара, жап, айт, жаз, тексер тәсілін көрсету. Сабақты қорытындылау . Оқушыларға сабақты түсіндік, түсінбеген жеріміз бар, мүлде түсінбегенін саусақтар арқылы көрсетеді.

Оқушыларға үй тапсырмасын беру: Мәтінді мазмұнын айту. Қонақ тақырыбына мақалдар тауып жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.