.
.
Ашық сабақ Қазақстан
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 229 | Просмотров: 1542 | Размер: 428.6 Kb | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Қазақстан (қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Дамытушылық: тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдаларын
дамыту. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық тәрбиесін шыңдау. Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекі – құралдары: суреттер, кеспе қағаздар
Жоспар
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгелдеу
Үй тапсырмасын пысықтау
«Отан» тақырыбына мақал – мәтелдер жаттау
Қызығушылығын ояту. Қазақстан туралы әңгімелеумен сабақты бастау. Жоспарлармен таныстыру.
Ой-шақыру. Сен қайда тұрасың?
Мағынаны ашу. Бүгінгі қайталауға арналған тақырыптың тапсырмаларымен таныстыру.
I. Үй тапсырмасына берілген мақал-мәтелдерді еске түсіру, яғни экрандағы толық емес мақалдарды толықтыру.
II. Сұрақ-жауап
III. Сыныпты топқа бөлу
IV. Тапсырмалармен таныстыру
I.Мақалдар
1.Отансыз адам,
.................................................
2.Отан-оттан да .....................
3.Отанды сүю..........................
4.Отан елдің анасы
...................................................
5.Халықтың ортақ...................
6.Отанын сүйген......................
II.Сұрақ-жауап
1.Сен қай республикада тұрасың?
2.Қазақстан қандай мемлекет?
3.Қазақстан қай елдермен шектеседі?
4.Қазақстанда неше облыс бар?
5.Сен қай облыста тұрасың?
6.«Қазақстан» сөзі қандай сөз?
7. «Қазақстан» сөзінде неше буын бар?
III.Сыныпты топқа бөлу
Үстелде 3 түрлі кеспе қағаздар болады (көгілдір, сары, жасыл)
Әр оқушы өзіне жақын түстерді таңдайды. Барлық оқушы кеспе қағаздарды алған соң, топқа бөлінеді.
1 топ – көгілдір
2 топ – сары
3 топ – жасыл
Енді экранда берілген тапсырмаларды қарап, тақырып қояды.
Қазақстан
Астана
Алматы
Шымкент
Тараз
Қызылорда
Ақтау
Атырау
Қарағанды
1 топ – көгілдір – Қазақстан елбасы, рәсімдері
2 топ – сары – Қазақстан астанасы, үлкен қалалары
3 топ – жасыл – Қазақстан табиғаты.
Бұл тақырыптар бойынша әр топтың оқушылары мәтін құрастырады. Тапсырмаға 10 мин уақыт, қорғауға 2 минуттан беріледі.
Мұғалім:
Барлық топ мүшелеріне сәттілік тілеймін.
Балалар:
Рақмет
Бірінші болып жұмысты бітірген топ мүшелері шапалақпен білдіреді де, жұмысын қорғайды.
Жұмыс қорғалған соң, мұғалім толықтырып, түсінік береді.
Балалар, Қазақстан тағы да көпұлтты мемлекет.
Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақ, орыс, кәріс, өзбек т.б.
Барлық ұлт өкілдері мұнда тату тұрады.
Енді осы татулық сөзіне 1 мақал қосып, дәптерге жазып аламыз.
Тақтамен жұмыс.
Татулық – табылмас бақыт.
Сергіту мезеті
IV.Ой толғау. Сабақты қорытуға, Ашық хат толтырылады.
Ашық хат
Қымбатты __________________________
Сені (сізді) келе жатқат 16-шы желтоқсан тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.
Саған (сізге) денсаулық, сәттілік, бақыт тілеймін.
Тілек білдіруші___________________________
Сабақты бекіту
Рефлексия
Не білдік?
Балалар осы сабақта не білдік?
Үй тапсырмасы
Қайталау, мақал жаттау.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.