Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан жері -

Қазақстан жері

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 347 | Просмотров: 2643 | Размер: 40.0 Kb | Автор:
. Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Петровка орта мектебі»КММ
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Сарсембаева Анар Б.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
1. Балалар құқығы туралы заңды кеңінен түсіндіру.
2. Елбасы еңбектерін құрметтеу.
3. Жаңа Қазақстанды әлем таныған халықаралық ұйымдар құрамында екенін білу.

2. Дамытушылық: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу. Тарихымызды құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ортақ мақсатқа бағыттау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін - өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер, таратпа парақшалар, Қазақстан картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тренинг.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
2. Сынып назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Топтастыру стратегиясы.
Өткен сабақтағы «Отан. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. «Достық». Отанымыз Қазақстан туралы әңгімелейді, дайындаған өлең шумақтарын айтады. Еліміздің басты құжаты - Конституциямыз туралы пікірлер тыңдалады.

2 - топ. «Ынтымақ». Бұл топ мемлекеттік Ту туралы ойларын ортаға салады.
Елтаңбамыз туралы дайындықтарын көрсетеді.
Салтанатты Әнұран жайлы баяндалады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту. (слайд) Ой қозғау.
- Менің қолымда күн сәулесі шашыраған «Отанымыз Қазақстан» деген жазу тұр. Әр топтан оқушылар Отанымыз Қазақстанға байланысты теңеу сөздер айтамыз.
Әр жазылған теңеу сөздің «қандай?» деген сұраққа жауап беретінін, сын есім екендігін еске түсірту.
- Иә, бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан Қазақстан мемлекетіміздің теңеулері.
Жаңа сабақ.
- Бүгінгі өткелі отырған сабағымыз «Қазақстан жері». (слайд) Орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаймыз.
(Тақырыпқа байланысты слайдтар көрсетіліп тұрады.)
Бұрын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Республикалар Одағы деген ірі империяның құрамында болған. Мұнда 15 одақтас ел болды. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың ой - арманы - бостандық, тәуелсіз болу, ешкімге кіріптар болмау, ата - баба салттарын бойға сіңіру, өз байрағын көкке көтеру. Сондықтан біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда қазақ елі көп қиындықтарды бастан кешірді.
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы күллі әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз.
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті.
1991 жылы 1 желтоқсанда ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Содан бері мемлекетімізді алғаш сайлаған Президентіміз Н. Ә. Назарбаев басқарып келеді. Елбасымыз ел басқару жүйесінде халқымыздың жағдайын жақсарту үшін көптеген игі істер атқарып отыр. Жыл сайын мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін дәстүрлі жолдауларын жолдайды.
Республикамызда 14 облыс бар. (слайд. Қазақстан картасы.)

Конституция біздің - Ата Заңымыз. Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Конституцияда Қазақстан азаматының не істеуіне құқықты және қандай істеріне тыйым салынатыны айтылған. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды.

Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды. Ал, біз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды.

1. Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
а) Отан -... да ыстық.
б) Отансыз адам -... орман.
в) Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде... бол.
г) Туған жердей жер болмас,
Туған... ел болмас.
Д.Туған жер-...... бесік.
Е.Отансыз адам,
.......... бұлбұл.

2. Ой қорыту. Слайд.
3. Сабақты бекіту. (слайд)
Тест.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі:
ә) орыс тілі а) қазақ тілі б) ағылшын тілі
2. Қазақстанның рәміздері:
ә) ту, елтаңба, төл теңге
а) елтаңба, ту, әнұран
б) президент, ту, парламент
3. Қазақстан халқының ұлттық ақшасы:
ә) доллар а) теңге б) сом
4. Қазақстан халқының бас қаласы:
ә) Алматы а) Ақтау б) Астана
5. Әнұран қалай айтылады?
ә) отырып айтылады
а) қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады
б) түзу тұрып айтылады
6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
ә) Нұра а) Ертіс б) Есіл
7. Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?
ә) ту а) елтаңба б) әнұран
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып келу.
Мақал – мәтелдер жаттап келу.
Ребусты шешіп келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.