Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ тілін зерттеген ғалымдар -

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 354 | Просмотров: 2951 | Размер: 54.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Ашық сабақтың тақырыбы:

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар

Өткізген мұғалім: Асқарова Б.Қ.

2009-2010

Тақырып: Қазақ тілін зерттеген ғалымдар

Мақсаты:
1. Білімдік: Қазақ тілін зерттеген ғалымдар жайлы түсінік беру; тақырып бойынша өтілген сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білуге үйрету. Шығармашылық ізденіске баули отырып сөйлеу мәдиниетін, тапқырлық қасиеттерін қалыптастару.
2. Дамытушылық: Оқушының тілін, ой-өрісін дамыту, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып мәнерлеп, байланастырып сөйлеуін дамыту. Танымдық деңгейін көтеру,ойлау, белсенділігін, сөз қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Ғылымдардың өнегісі арқылы білімді, іздемпаз, дарынды болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Өз заманымыздың озық ойлы өрісті, мәдениетті азаматтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
Сабақтың өту әдісі: аударма, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тыңдалым, көрнекілік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, үн таспа, сурет, интерактивті тақта, үлестірмелі кағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
-Амансыңдар ма?! Сіздерге жақсы көңіл-күй, сәттілік тілеймін.
2. Гимнді орындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпты III топқа бөлу:
I. Араб алфавиті. қазақ халқының өмірінде осы алфавит қаншалықты маңызды роль атқарғалын айтып кету керек.
II. Латын алфавиті.
III. Орыс алфавиті.

Әр топ осы тақырып бойынша әңгімелеп кету керек.
Ана тілі туралы қандай мақал-мәтелдерді білетіндерін тексеру.
III. Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылардың назарын сабаққа айдару. Бүгін біз сабақта қазақ тілін зерттеген ғалымдармен танысамыз.
Интерактивті тақтада сызба жазылып тұрады.


Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
Василий
Васильевич
Радлов (1837-
1918) Василий
Владимирович
Бартольд
(1869-1930) Нығмет Тінәліұлы
Сауранбаев
(1910-1958) Ғұбайдолла
Айдаров
(1921 ж. туған)
Белгілі түрколог,
Шығысты
зерттеуші ғалым Академик, шығыстану
ғылымның аса көрнекті
өкілі. Белгілі тарихшы Қазақ тілі білімінің негізін
салушыларды бірі, түрколог, филология ғылымның докторы, профессор Ғалым, филология ғылымның докторы.

Осы ғалымдар тіл білімінің көрнекті өкілдері өз өмірлерін қазақ тілін зерттеуге арнап, тіл білімі саласында құнды мұра қалдырып кетті. Ендеше бүгін біз солардың бірі әлемге түрколог Радлов Василий Васильевичпен танысамыз. Үнтаспа тыңдау. Түсінгендергі сұрау.

1. Радлов жайында тақтада мәлімет көрсету (слайд).
2. Мәтінге көшу.
а) Алдымен жаңа сабағымыздың сөздігімен танысайық.
зерттеуші – исследователь
шығыстану – востоковедение
нәтижесінде –
сырын ашу –
көрнекті өкілі –
негізін салушы –
құрастыру –
Сөздерді топпен, жеке-жеке қайталау. Сөз тіркес пен сөйлем құрастыру.
ә)Мәтінмен жұмыс: а)мәтінді оқу, сөздікте кездескен сөздерді тапқызу.
ә) мәтінді кезекпен оқу барысында оқушылардың меңгерген жаңа сөздерін пысықтап, мәтінді орыс тіліне аудару.
б)жоспар құрып, әңгімелеу.
3. Жазба жұмысы: Интерактивті тақтамен жұмыс мәтіннің ішінде қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдау.
Ресейге, халықтардың, мұраларын, жазуын, басшылық, нәтижесінде, томдық, тілінің.
4. Ауызша жұмысы. Оқулықта берілген диалогты оқып, өзара сөйлесу (3 тапсырма). Екі оқушы оқиды. Қалған оқушылар диалог не жайында болғанын талдайды.
- В.В Радлов өзінің саналы өмірін неге арнаған?
- Ғалым өзінің саналы өмірін Орта Азия халықтарының тілі мен әдибиетін зерттеуге арнаған.
- Ол кімнің өлендерін жазып алған?
- Ол Жиренше шешеннің әнгімелерін, Доспамбет сияқты ақындарының өлендерін жазып алған
-Ғалым қандай тілдерді зерттеген?
- В.В. Радлов қазақ, өзбек, қыпшақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерін зерттеген.
- Қандай ескерткіштерді зерттеген?
- Ол Енисей мен Орхон өзендерінің бойындағы ескерткіштерді зерттеп, Орхон көне түрік жазуының сырын ашады.
- Ғалым туралы не білесің?
- Берлинде туған. Кейін Ресейге келіп, қалып қойған.
- Ол қандай еңбек жазды?
- Төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.
5. Сабақты сызба бойнша қорытындылау. Әр топ берілген тірек сызба арқылы сабақты қорытындылайды.
I.
В.В.Радлов
Белгілі түрколог Зерттеуші ғалым

II.
Сібір
Халықтарының әдеби мұраларын жинаған
Алтай
Қырым
Түркістан

Ш.
«Түрік тайпалы халқтардың әдебиет үлгілері»
Еңбектері жарияланған
«Түрік тілінің сөздігі»
6. Оқушыларды бағалау,мадақтау.
7. Үйге тапсырма беру: 1.Радлов жайында қосымша мәлімет табу.
2. 4-тапсырма жазбаша орындау.
3. Жаңа сөздерді жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.